Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Еліміздің жетекші гинеколог-эндоскопистері онлайн режимде көрсетілімдік операциялар жасады

  27.12.2022
Еліміздің жетекші гинеколог-эндоскопистері онлайн режимде көрсетілімдік операциялар жасады

VII «Эндоскопиялық репродуктивті хирургияның заманауи аспектілері» онлайн конгресі аясында еліміздің жетекші гинеколог-эндоскопистері онлайн режимде көрсетілімдік операциялар жасады.

Гибридті форматта (онлайн және офлайн) өткен екі күндік конгресті ұйымдастырушылар Қазақстанның гинеколог-эндоскопистерінің қоғамдық бірлестігі, Репродуктивті медицина институты, «KARL STORZ Endoscopy Kasachstan» ЖШС. Конгресс аясында еліміздің жетекші гинекологтары операциялық гинекология бойынша презентациялар мен баяндамалар жасап, онлайн режимде көрсетілімдік операциялар жасады.

М.ғ.к., жоғары санатты акушер-гинеколог, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының акушерлік-гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Гүлбарам Башарова онлайн режимде «Жалпы лапароскопиялық гистерэктомия» (трансляциямен) операциясын жасады. Пациентте жатыр мойны дисплазиясы (жатыр мойнының қатерлі ісікке дейінгі өзгерістері) және бірнеше жатыр миомасы болғандықтан, жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында жалпы гистерэктомия жасалды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында гинекологиялық операциялардың 40-45%-ы осы диагноз бойынша жасалады. Сондай-ақ, бұл операциялар ауруханада робот-ассисттелген әдіспен де орындалады.



Аурухана серіктестері