Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ТАШКЕНТТЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСТЫ

  23.09.2022
21-23 қыркүйек аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтіп жатқан «UzMedExpo» 14-ші халықаралық медициналық көрмеге қатысты.

«UzMedExpo» көрмесі – медициналық техника мен жабдықтардың, дәрі-дәрмектердің, заманауи шығын материалдарының, медицина саласындағы инновациялық тауарлар мен қызметтердің жаңа әзірлемелерімен таныстыруға арналған нысаналы алаң. Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Германия, Үндістан, Ресей, Түркия және Швейцария компаниялары қатысуда. Келушілер «UzMedExpo-2022» көрмесі өтетін 3 күнде компаниялар өнімдерінің мүмкіндіктері мен функциясы, оның ішінде дистрибьюторлар мен медициналық жабдықтарды өндірушілер – ірі әлемдік өндірушілердің серіктестері туралы ақпаратты стендтерден көріп, бағалай алады. 

 «UzMedExpo» халықаралық көрмесі МОА медициналық қызметімен таныстыруға қосымша мүмкіндік туғызып, медициналық туристер санының артуына септігін тигізеді.

Аурухана серіктестері