1 терапиялық бөлімше (терапия, пульмонология, гастроэнтерология)

Терапия, неврология, гастроэнтерология

Бөлімше ішкі органдар және жүйелердің күрделі жанамалас патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуге мамандандырылған, яғни:

Өкпенің тінаралық аурулары;

Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары (ӨСОА);

Бронх демікпесі;

Пневмония, оның ішінде тінаралық;

Өкпенің кистозды гипоплазиясы;

Өкпенің саркаидозы;

Ішектің қабынба аурулары (бейспецификалы жаралы колит, Крон ауруы);

Асқыну кезеңіндегі созылмалы панкреатит;

Асқыну кезеңіндегі асқазан және ұлтабар аурулары.

№ 1 терапиялық бөлімше мамандарының жоғары біліктілігі, пациенттерді жан-жақты тексеріп-қарауының арқасында пациенттерге пульмонологиялық және гастроэнтерологиялық профильде жоғары деңгейде диагностика жасау және сапалы ем көрсетуіне мүмкіндік береді.

Бөлімшеде сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек көрсету үшін барлық жабдықтар мен жағдайлар жасалынған: медициналық персоналды шақыруға арналған түймешігі бар, оттек жеткізуші консольдермен жабдықталған, функциялық төсектері бар бір және екікісілік палаталар.

Лукина Елена Алексеевна

Бөлімше меңгерушісі

«Терапия» мамандығы бойынша біліктілік санаты – жоғары

Білімі:

«Терапия» мамандығы бойынша Целиноград мемлекеттік медициналық институты

Израиль, Ресей клиникаларында «Терапия» мамандығы бойынша тағылымдамадан өткен.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған, «2014 жылғы үздік меңгеруші» атағы бар.


Ержанова Алма Тоқтарбайқызы дәрігер-терапевт. «Терапия» мамандығы бойынша біліктілік санаты – жоғары. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 26 жыл.

Білімі: «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Целиноград мемлекеттік медициналық институты. Санкт-Петербургте, Мәскеуде оқыған.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1991-1997 жж. Еңбекшілдер АОА дәрігер-терапевті.

  • 1998-2005 жж. Астана қ. №2 ҚА дәрігер-терапевті.

  • 2005–2008 жж. «ҰҒМО» АҚ, терапиялық бөлімше, дәрігер-терапевт.

  • 2008–2010 жж. «Еуразия» СК дәрігер-терапевті.

  • 2010-2011 жж. ҚР ПІБ МОА, учаскелік терапевт.

  • 2011-2015 жж. №1 ҚА, терапиялық бөлімше меңгерушісі.

  • 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ПІБ МОА № 1 терапиялық бөлімшесінің дәрігер-терапевті.

 

Утешева Наталья Яковлевна дәрігер-пульмонолог. «Пульмонология» мамандығы бойынша біліктілік санаты – жоғары. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 14 жыл.

Білімі: «Терапия» мамандығы бойынша Целиноград мемлекеттік медициналық институты. Омбы мемлекеттік медицина академиясында «Пульмонология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен.

  • 2002 жылдан 2012 жылға дейін Астана қ. №1 қалалық емханасының дәрігер-пульмонологы.

  • 2012-2015 ж. «ҰҒМО» АҚ соматикалық бөлімшесінің дәрігер-пульмонологы.

  • 2015 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін – ҚР ПІБ МОА №1 терапиялық бөлімшесінің дәрігер-пульмонологы.

Жетпісбаева Гүлімай Жадилқызы – дәрігер-гастроэнтеролог. «Гастроэнтерология» мамандығы бойынша біліктілік санаты – жоғары. Мамандығы бойынша еңбек өтілі 19 жыл.

Білімі: «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Ақтөбе мемлекеттік медициналық институты. «Астана медицина университеті» АҚ «Гастроэнтерология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен. Оңтүстік Корея, Ресей клиникаларында (Мәскеу қ-сы, Санкт-Петербург қ-сы) «Гастроэнтерология» мамандығы бойынша тағылымдамадан өткен.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1998-2012 жж. Шымкент қ. ЖМЖҚ дәрігер-гастроэнтерологы. 2008-2010 ж. - осы аурухананың гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі.

  • 2014-2015 жж. РДО, Астана қ-сы, дәрігер-гастроэнтеролог.

  • 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ПІБ МОА № 1 терапиялық бөлімшесінің дәрігер-гастроэнтерологы.


Бөлімшенің байланыс телефондары: +7 7172 70 79 14, +7 7172 70 74 01




ҚР ПІБ МОА ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының (ҚР ПІБ МОА) Тұжырымдамасы басты назарда адамның тұратындығын анықтауға негізделеді және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес, пациенттерге сапалы қызмет көрсету үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауды көздейді.

ҚР ПІБ МОА – бұл жаңа буын ауруханасы. Мамандардың Еуропа, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Израильдің жетекші клиникаларында өткен кәсіби даярлықтарының жоғары деңгейі, олардың үлкен ғылыми-клиникалық әлеуеті, аурухананың заманауи жоғары технологиялық емдеу-диагностикалық жабдықтармен жарақтандырылуы - ГЭРА, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы аурулары, гепатобилиарлық жүйенің созылмалы аурулары, ұйқы безінің ауруларынан бастап, Баррет өңеші сияқты қиын диагностикаланатын аурулар, созылмалы вирустық гепатиттер, аутоиммундық гепатит, бауыр циррозы, ойық жара колит, Крон ауруы сияқты ішек аурулары, сондай-ақ дәнекер тіндердің жүйелі аурулары кезіндегі асқазан-ішек жолдарының зақымдануына дейінгі асқорыту жүйесінің ең күрделі ауруларын жоғары сапалы деңгейде диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік береді.

Асқорыту органдарының патологиясы бар пациенттерді диагностикалау мен емдеуде клиникалық-диагностикалық және микробиологиялық зертханалар үлкен көмек көрсетеді. Зертханада көптеген биохимиялық, иммунологиялық тестілер (гастропанель, аутоиммундық аурулардың скринингі жүргізіледі), қабыну өзгерістерінің генезі мен айқындылық дәрежесін анықтауға, жүргізілген емдеудің тиімділігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін әртүрлі биологиялық орталардың цитологиялық тестілері жүргізіледі. Зерттеулер бірегей, эксперттік кластағы жоғары технологиялық аппараттарда жүргізіледі. Микробиологиялық зертхананың мүмкіндіктері қысқа мерзім ішінде 3-4-ші күні этиологиялық агентті сәйкестендіруге, асқорыту жолдарының микробтық пейзажына мониторинг жүргізуге, бейспецификалы бактериялық, саңырауқұлақшалы инфекциялардың этиотропты терапиясын уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді. Helicobacter pyllori «Хеликосеснс» бактерияларының инфекциясын анықтау үшін тыныс алу газ анализаторы бар (Ресей).

Асқорыту органдарының ауруларын диагностикалау үшін әлемнің жетекші өндірушілерінің «Olympus» (Жапония), «Karl Storz» (Германия) компанияларының ең заманауи эндоскопиялық жабдықтарымен жабдықталған эндоскопия бөлімшесі бар және Қазақстанда баламасы жоқ.

 

Эндоскопия бөлімшесінде:

Диагностикалық және емдік видеоэзофагогастродуаденоскопия-NBI және AFI режимдерде қарау арқылы АІЖ (өңеш, асқазан, 12 елі ішек) жоғарғы бөліктерін эндоскопиялық тексеру және емдеу манипуляцияларын орындау (биопсия алу, полипэктомия, қан кетуді тоқтату, бөгде денелерді алу және т.б.).

Видеоколоноскопия – бейнені мониторға шығара отырып, тоқ ішекті эндоскопиялық тексеру және емдеу манипуляцияларын (биопсия алу, полипэктомия, қан кетуді тоқтату және т.б.) NBI және AFI режимдерінде қарап орындау.

Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография – өт шығару жолдары мен ұйқы безін зерттеу және рентгенконтрастылау өт шығару жолдарыдағы тастарды анықтау, механикалық сарғаюдың себептерін анықтау, созылмалы панкреатитті, ісік, қабыну және операциядан кейінгі өзгерістер және т.б. диагностикалау кезінде қолданылады. Ол видеодуоденоскоппен және «Siemens» жылжымалы сандық рентгендік доғалмен орындалады. Контрастты өт жолына енгізгеннен кейін, аурудың табиғаты нақтыланады, және қажет болған жағдайда эндоскопиялық операциялық емдеу жүргізіледі (үлкен он екі елінің емшекұштарының тыртықты-қабыну тарылысын және түтіктерін жою, өт түтіктеріндегі тастарды бөлшектеу және алу, өт шығару жүйесінің қабыну процестерін емдеу.

Қазақстанда трансдуаденалдық фиброхомедохоскопия тек бізде ғана жүргізіледі, ол бауыр сыртындағы, кей кездері бауыр ішілік өт жолдарының патологиясын визуалды диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік береді. Ол үшін «аналық» видеодуоденоскоп және «еншілес» холедохоскоп жүйесі қолданылады. Сыртқы диаметрі 3,4 мм холедохоскоп диаметрі 4,2 мм дуоденоскоп аспабы канал бойынша жүргізіледі және папиллотомды тесік арқылы өт жолына кіргізіледі. Содан кейін билиарлық жолды ретроградты тексеру жүргізіледі. Холедохоскоптың 1,2 мм аспаптық каналы әртүрлі емдеу шараларын орындауға мүмкіндік береді – жолдарды жуу, олардан конкременттерді шығару, биллиарлық дренаждау.

Қазақстанда тек біздің ауруханада ғана эндоскопиялық ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі, ол ұшында оптикалық аспап қана емес, сонымен қатар шағын ультрадыбыстық сенсор орналасқан арнайы эндоскоп көмегімен орындалады. Ультрадыбыстың өте жоғары жиіліктерін пайдалану тінге ультрадыбыстың терең енуін және басқа зерттеу әдістері езінде қол жетпейтін 1 мм кем рұқсат ету қабілеті бар бейненің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

 

Келесілерді жүргізуге мүмкіндік береді:

Өңеш, асқазан, он екі елі ішектің қабырғаларындағы қатерсіз (полиптер, шырышты асты өспелер, экстраоргандық қысулар, кисталар), сондай-ақ қатерлі зақымдаулардың пайда болуын диагностикалау. Өспені диагностикалап қана қоймай, сонымен қатар оның қандай қабаттардан түзілетіндігін, қандай деңгейге өсіп келе жатқандығын, аймақтық лимфа түйіндерінің бар-жоғын анықтау маңызды. Осы сұрақтардың бәріне тек ЭндоУДЗ жауап бере алады.

Ұйқы безі ауруларының диагностикасы (жедел және созылмалы панкреатит, киста, өспелер, тастар).

Өт қабы және өт шығару жолдары ауруларының диагностикасы. Әсіресе өт шығару жолдары мен панкреатиттік жолдарды, Фатеров емшекұштарының зақымдануы. Бұл аймақтар диагностиканың басқа әдістері үшін қол жетімсіз.

Эндоскопиялық баллонды дилатация – кардии ахалазиясы, өңештің тыртықтық стриктурларының, холеходты емдеудің қазіргі заманғы тиімді және өте танымал әдіс болып табылады. Оның мәні өңештің жіңішкерген бөлігін арнайы баллоннның көмегі арқылы күшпен созылу болып табылады. Қазіргі заманғы баллонды дилататорлардың принциптік ерекшелігі баллонның оған айдалатын сұйықтықтың немесе ауаның әсерінен созылмауы, яғни ол өзінің сыртқы диаметрін өзгертпейді, бұл перфорация қаупін айтарлықтай азайтады.

Шырыштарды эндоскопиялық диссекциялау және шырыш асты өспелерін алып тастау. Бұл өзгерген шырышты немесе шырыш асты өспелерін кесіп алып тастау, сондай-ақ шырышты және шырыш асты өспелерді алып тастау арқылы жараны арнайы эндоклипстермен тігу.

Варикозды түйіндерді ілмектер арқылы эндоскопиялық лигирлеу склеротерапиямен салыстырғанда, қайта қан кетуді болдырмау үшін де, болған қан кету үстінде де ерекше тиімділігін көрсетті.

Әдістің мәні варикозды түйінді сору және қан ағымын тоқтату үшін оның негізіне ілмекті лақтырудан тұрады.

Клиникалық процеске жоғары технологиялық диагностикалық жабдықты енгізу арқылы ас қорыту органдарының ісік ауруларын диагностикалау және саралау диагностикасы мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейді. 256-кесік компьютерлік томографтың бірегей мүмкіндіктері құрсақ қуысы органдарын зерттеу уақытын 2 есе қысқартуға және сол арқылы пациентке сәулелік жүктемені 4 есе азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жабдықта біз қан ағынының жылдам және көлемді көрсеткіштерін зерттей аламыз.

1,5 және 3-теслді магнитро-резонансты компьютерлік томографтар құрсақ қуысындағы патологиялық процестерді (өт шығару жолдарының конкременттері, ас қорыту мүшелерінің ісік аурулары, ас қорыту жүйесінің сирек туа біткен патологиясы) сапалы жоғары деңгейде диагностикалауға мүмкіндік береді.

МОА-дағы бауыр паренхимасының зақымдануын диагностикалаудағы перспективалық бағыттардың бірі – өмір сүру ұзақтығы орташа технеция-радиофармпрепаратты пайдалана отырып, бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томографта бауыр сцинтиграфиясын жасау болып табылады.

 

Ультра қысқа өмір сүретін радийфармпрепаратты 18 FDG енгізу арқылы позитронды-эмиссиялық томография көмегімен өңеш, асқазан, гепатобилиарлық жүйе және ішек ісіктерін диагностикалау мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейтіледі.

Ауруханада асқорыту жүйесінің қабыну және ісік ауруларының әртүрлі морфологиялық нұсқаларын диагностикалауға мүмкіндік беретін күшті патологиялық-анатомиялық бөлімше бар. Бұл ретте, зерттеу үшін материалдарды – бауыр, ұйқы безі, өңеш шырышы, асқазан, ішек тінін алу –видеоассистенциямен және нәтижелерді архивтейтін аз инвазиялық эндоскопиялық қол жеткізуді қолдана отырып жүргізіледі.

 

МОА-ның емдеу мүмкіндіктері арсеналында ас қорыту жүйесіндегі патологиялық процестерге әсер етудің барлық заманауи әдістері бар, оның ішінде дәрі-дәрмектік заттар, физикалық әсер ету әдістері – электр -, магнитпен емдеудің барлық түрлері, галокамера жағдайында аэрозольтерапия, бальнео -, баро -, криотерапия, массаждар, инеменорефлексотерапия, емдік дене шынықтыру залдары, кинезитерапия және т. б.

Асқорыту жүйесінің патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек амбулаториялық көмек шеңберінде, сондай-ақ №1 терапиялық бөлімшеде күндізгі және тәулік бойы стационарлар жағдайында, сондай-ақ қажет болған жағдайда стационардың басқа терапиялық бөлімшелері жағдайында көрсетіледі. ҚР ПІБ МОА-ға бекітілген мемлекеттік қызметшілер контингентіне де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кез келген азаматына шарттық немесе ақылы негізде гастроэнтерологиялық көмектің қолжетімділігі маңызды болып табылады. ҚР ДСМ бұйрығымен белгіленген және бекітілген бірқатар жағдайларда көрсетілген көмек мемлекет есебінен портал арқылы көрсетілуі мүмкін.

Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес, дәлелді медицина принциптеріне негізделген қолда бар жабдықтарды тиімді және кәсіби сауатты пайдалану әртүрлі, соның ішінде патологиялық процестердің ерте сатысында ас қорыту жүйесінің ауыр ауруларының диагностикасын жақсартуға және барабар ем жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл асқорыту органдары ауруларын емдеуде оң әсерге қол жеткізуге, асқынулардың дамуына жол бермеуге, аурудың үдемелі қарқынын баяулатуға, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға, аурудың оң болжамын анықтауға мүмкіндік береді.

 

Жоғары санатты дәрігер-гастроэнтеролог Г. Ж. Жетпісбаева.