Ауруханаға жатқызу қағидалары

Пациентке жаднама

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ҚР ПІБ МО ауруханасы) мемлекеттік тапсырыс бойынша ауруханаға жатқызу үшін азаматтарға тұрғылықты мекенжай бойынша емдеуші дәрігерге жүгіну қажет.

Мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ММК) алу бойынша ауруханаға жатқызу үшін дәрігер азаматтарды «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы тіркейді және ауруханаға жатқызу күні қойылған ауруханаға жатқызу кодын береді.

ҚР ПІБ МО ауруханасына жатқызу кезінде өзімен бірге құжаттардың төмендегі түрлері болу тиіс:

- Жеке басын куәландыру құжаты (жеке куәлік/паспорт/туу туралы куәлік);

- Ауруханаға жатқызу жолдаған медициналық ұйымның бірінші басшысының қолы мен мөрі қойылған ауруханаға жатқызу жолдамасы;

- Ауруханаға жатқызу порталының кодымен бірге ауруханаға жатқызу талоны;

- Зертханалық және клиникалық зерттеулердің нәтижелері қосылған медициналық құжаттардан толық үзінді көшірмесі;

- Жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем (бұдан әрі – ЖММК) бойынша Өңірлік комиссиясы жолдамасының түпнұсқасы, «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталының коды (ЖММК алу үшін ауруханаға жататын азаматтарға).

Қосымша ақпаратты анықтама телефоны бойынша ала аласыз: +7 7172 70 80 90


Стационар пациенттеріне арналған жаднама

Пациенттерді сәйкестендіру қағидалары

1. Қабылдау бөлімшесінде медициналық қызметкерлер стационарлық пациентті тіркеу кезінде қолына пациентті сәйкестендіру білезігін бекітеді. Білезікте төмендегі деректер көрсетіледі:

а) толық аты-жөні;

b) туған жылы, айы, күні;

2. Барлық емдік-диагностикалық емшаралардың алдында міндетті түрде сәйкестендіру қажет (тағайындауды орындау, материалды зерттеуге алу, қан мен оның компоненттерін құю, инъекция, пункция, бунап байлау, операция).

3. Медициналық қызметкерлер емшараларды жасау барысында сәйкестендіруді келесі жолдармен жасауын қадағалаңыз:

a) ауызша пациенттің аты-жөні мен туған күнін сұрау;

b) білезіктегі деректермен салыстыру;

с) медициналық құжаттамалардағы деректермен салыстыру;

4. Емдік емшараларды, бұлшықет/вена ішіне инъекцияларды қабылдау барысында флакондар мен дәрі-дәрмектерді инфузиялық түрде енгізуге арналған шприцтерде төмендегі деректер белгіленген стикер болуы тиіс:

а) толық аты-жөні;

b) туған жылы, айы, күні;

с) әзірлену күні мен уақыты.

5. Егер Сізде білезікке аллергия пайда болса, медициналық қызметкерлерді Сіздің білезігіңізді бейджге ауыстыруды сұраңыз. Сәйкестендіру білезікті (бейджді) жоғалтпаңыз және әрдайым өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Барлық жағдайларда медициналық қызметкерлер сәйкестендіру білезіктің болуын талап етулері қажет.

6. Білезіктің жоғалуы, немесе бұзылуы кезінде бөлімше медбикесі қысқа мерзімде қабылдау бөлімінен телнұсқаға тапсырыс береді. Пациентте білезіктің болмай қалу кезеңінде аты-жөні мен туған күні ауызша сұралады және медициналық құжаттамамен салыстырылады.

7. Пациенттің уруханадан шығару кезінде бөлімше медбикесі пациенттің білезігін шешіп алады.


 
Күн тәртібі   

07.00 Ояну
7.05-07.15 Дене қызуын өлшеу
07.30-07.45 Таңғы туалет
07.45-08.00 Қан тарту
08.00-08.15 Емдік емшараларды жасау
08.15-9.15 Таңғы ас
9.15-11.00 Дәрігердің қарап өтуі, тексеру, емшаралар
11.00-11.30 Екінші таңғы ас
11.30-13.00 Емшаралар
13.00-14.00 Түскі ас
14.00-16.00 Демалыс уақыты
16.00-16.30 Бесіндік
17.00-18.00 Серуендеу, келушілерді қабылдау
18.30-19.00 Кешкі ас
19.30-22.00 Кешкі емшаралар
23.00 Ұйқы

*Күн тәртібі бөлім бағдарына қарай өзгеруі мүмкін.