Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ!

  13.09.2018

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлемде маусымдық эпидемиялар кезінде тұмау вирусынан жыл сайын 250-500 мың адам қайтыс болады.

 

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) барлық жұқпалы аурулардың 90%-н құрайды.

 

ЖРВИ және тұмаумен көбінесе балалар, қарт адамдар, жоғары тыныс алу жолдарының және бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар, иммундық тапшылық жағдайы бар пациенттер ауырады.

 

Адамдардың тұмауға сезімталдығы - абсолютті. Пневмония, ангина, пиелонефрит, энцефалит, менингит, арахноидит, полиневрит, радикулит сияқты тұмаудың асқынуы өте қауіпті болып келеді.

 

Тұмаудан кейін бронх демікпесі, созылмалы бронхит, жүрек-қантамыр аурулары, зат алмасуының бұзылуынан туындаған созылмалы аурулар асқынады. Асқынулар мүгедектікке, ауыр жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.

 

Тұмаудың немесе оның ауыр зардаптарының алдын алудың ең тиімді жолы ВАКЦИНАЦИЯ болып табылады.

 

Дені сау ересек адамдардың арасында вакцинация тұмаумен сырқаттанушылықты 70-90% - ға төмендетуге, ал қарт адамдар арасында асқынулардың даму мүмкіндігін 60% - ға, өлім жағдайларын 80% - ға азайтуға қабілетті.

 

Тұмаудан дұрыс жүргізілген вакцинация вирустың таралуына кедергі жасайды, оның тасымалдау тізбегін үзеді. Тәжірибе көрсеткендей, егер ұжым мүшелерінің 40% - дан астамы тұмауға қарсы екпе алса, онда егілмеген адамдардың арасында сырқаттанғандар саны 10% - дан аспайды.

 

Вакцинациядан кейін ағза екі апта бойы жыл бойы жұмыс істейтін қорғаныш антиденелерін шығарады. Егер адам вакцинациядан кейін ауырған болса, онда бұл жағдайда тұмау жеңіл түрде өтеді.

 

Тұмауға қарсы екпе жасатуды әр адам өзі шешеді, бірақ вакцинациялауды бірінші кезекте қажет ететін адамдар санаты бар, бұл:

60 жастан асқан адамдар

ЖРА-мен жиі ауыратындар

мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушылары

созылмалы соматикалық аурулармен ауыратын науқастар

медицина мекемелерінің қызметкерлері

қызмет көрсету, көлік, оқу орындарының қызметкерлері

Тұмаудан екпе жасатуға қарсы көрсетімдер дене қызуының жоғары болуы, тауық жұмыртқасының ақуызына немесе вакцинаның басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық, вакцина жасаған күні суық тию немесе инфекциялық ауру белгілері болып табылады.

 

Есіңізде болсын!

Тұмауға қарсы иммунитет вакцинация күнінен бастап екі апта бойы қалыптасады.


Аурухана серіктестері