Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

СУЫҚ КЕЗДЕ ТАМАҚТАНУ ЖОЛДАРЫ: қыста ағзаға зақым келтіріп алмай, барынша пайда алу үшін қалай тамақтану қажет?

  13.12.2019
Суықтың келуімен, көптеген адамдар жиі және молырақ тамақтанып, жылыну үшін артық калория алуға тырысып, тамақтанудың салдары туралы аса ойланбастан өз рационын өзгертеді.
❄ Ал кейбіреулер, дұрыс тамақтану қағидаларын ұстана отырып, жылдың суық мезгілінде организм суыққа қарсы тұру үшін иммунитетті күшейтуді талап ететіндіктен, көп энергия мен қоректік заттарды жұмсайтынына назар аудармайды.
СОНЫМЕН, АҒЗАҒА ЗАҚЫМ КЕЛТІРМЕЙ, БАРЫНША ПАЙДА АЛУ ҮШІН ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ҚАЖЕТ?
❄ Суық қысқы ауа райында рационның негізін келесілер құрауы тиіс:
1) Ағзаны «ұзақ» энергиямен қамтамасыз ететін НӘРУЫЗ ӨНІМДЕРІ. Гарнирмен пісірілген немесе бұқтырылған ет бөлігі (80-100 гр.) гамбургерлер немесе ет консервілеріне қарағанда тоқтылық пен жылуды әлдеқайда ұзақ сақтайды. Сондай-ақ, толыққанды ақуыздар – жұмыртқа (1-2 дана, таңғы ас, 3-4 р. аптасына), балық (аптасына 2-3р.кешкі ас), сүт өнімдері (күн сайын).
❄ Қысқы рационның таптырмас тағамы – пісірілген ет немесе қою көкөніс сорпасы. Сорпаның артықшылығы – ағза көкөністер, дәндер кешенін, ет немесе балықтағы нәруыздар мен майларды алады, сонымен қатар, сұйық болғандықтан, шамадан тыс іше қоймайсың.
Қайнату кезінде сорпаға тәбетті арттыратын, жүйке және жүрек-қантамыр жүйесін қоздыратын еттің шырсөлді заттектер бөлінеді, осыған байланысты сорпаны түскі асқа ішу ұсынылады. Сорпадан алғашқы құйылған суды төгіп тастаған дұрыс және көкөніс пен басқа да ингредиенттерді салғанға дейін көбікті мұқият алу немесе сорпаны сүзіп алу қажет. Дұрыс дайындалған сорпалар құрғақ тамақтанудың салдарынан туындаған гастрит, колит, холецистит ауруларының алдын алуға көмектеседі.
2) «БАЯУ СІҢІРІЛЕТІН» КҮРДЕЛІ КӨМІРСУЛАР, ағзаға баяу өңдіретін және қандағы қантты минималды арттыратын пайдалы калориялар береді. Оларды ірі тартылған ұннан және дәнді наннан алуға болады. Сонымен қатар, организм сергектік пен жылыну үшін энергия алады, ал артық килограмм пқоспайды.
3) ПАЙДАЛЫ МАЙЛАР. Майлардың, сондай-ақ ағзада ұзақ уақыт жылу әсерін қамтамасыз ете отырып, ұзақ өңделуі маңызды, сондықтан рационда олар табиғи тазартылмаған өсімдік майларымен (1-2 ст. қасықтар), жаңғақ (уыс), майлы теңіз балығымен (70-80 гр., 2-3 р. аптасына) және табиғи сары май (20-30 гр. күні) ұсынылуы қажет.
4) ДӘРУМЕНДЕРДІ көкөністер мен жемістерден аламыз. Көкөністер рационда салаттар түрінде де (қыста жылы салаттар да болады) және екінші тағамға гарнирлер де болуы мүмкін. Сонымен қатар, көкөністерде дұрыс ас қорытуды қамтамасыз ететін жасұнықтар мен пектиндер көп.
Әр түрлі жемістер белгілі бір дәрумендермен және микроэлементтермен қаныққан, сондықтан күніне бес түрлі жеміс жеуге кеңес беріледі. Қысқы кезеңде ең маңызды және қажетті жемістер – құрма, анар, киви, банан, мандариндер, апельсиндер.

Осылайша, ет, сүт өнімдері, астық тұқымдастар, көкөністер мен жемістер кешені – ағзаның қалыпты жұмыс істеуі, қысқы суыққа, апатияға және күйзеліске қарсы күрес, иммунитетті нығайту үшін қажетті толыққанды қайнар көзі болып табылады.

Аурухана серіктестері