Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

САЛАУАТТЫ САНДАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗ!

  25.01.2019

"Аурулардың алдын алу мен басқаруды жетілдіру" денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" Мемлекеттік Бағдарламасының - елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту мақсатына қол жеткізудегі басым міндеттердің бірі болып табылады.

Паучок САЛАУАТТЫ САНДАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗ

Жоғарыда баяндалғанның мәнмәтініне сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы және ҚР ПІБ МО Ауруханасы бірлесе отырып 2019 жылдың қаңтар айынан бастап тіркелген контингент есебіндегі мемлекеттік қызметкерлер үшін салауатты өмір салтын ұстану мен аурулардың алдын алудың дағдаларын қалыптастыру бойынша "САЛАУАТТЫ САНДАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗ!» Бағдарламасы әзірленді және енгізілуде.

 

Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде әрбір мемлекеттік қызметкер "салауатты сандарға" қол жеткізуге ұмтылуы тиіс:

Дене салмағының индексі (ДСИ) - 18,5 – 25 (салмағы, кг/бойы, (м2))

Әйелдер белдерінің шеңбері 80 - 88 см
                                 еркектерге 94 - 96 см

Күніне «0» темекі

Артериялық қысым: 140/90 мм.с.б.

Қандағы жалпы холестерин деңгейі < 5 ммоль/л

Қандағы қант деңгейі - 3,9-6,1 ммоль/л

Күніне 10 000 қадам немесе күн сайын 30 минуттан кем болмайтын қалыпты немесе 20 минуттан қарқынды дене белсенділігі шагов в день

Күніне 500 г кем болмайтын шикі көкөністер мен жемістерді жеу (5 порция)

Күніне 1,5 - 2 литр (30 мл / кг) таза су ішу

Күніне тұз мөлшерін 5 гр. асырмау (1 шай қасығынан кем)

 

Бағдарламаны іске асыру барысында кешенді медициналық тексеру нәтижелері (КМТ) бойынша денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің (дене салмағының индексі, белдің шеңбері, АҚ, қандағы қант пен холестерин деңгейі, зиянды әдеттер және т.б.) тұрақты мониторингі жүргізілетін болады.

 

"Салауатты сандарға" қол жеткізуге жәрдемдесу үшін Аурухана қызметкерлері (емханалық қызметтің, оның ішінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары) ДДСҰ күнтізбесіне сәйкес СӨС дағдыларын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар кешенін тұрақты негізде жүргізілетін болады (ақпараттық-білім беру сабақтары, денсаулық мектептерінде дәрістер, тренингтер, ҚР министрліктері мен ведомстволарындағы жұмыс орындарындағы акциялар) .

"Салауатты сандарға" қол жеткізген пациенттер үшін министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ ҚР ПІБ МОА тарапынан көтермелеу шаралары көзделген.

 

СӨСҚО


Аурухана серіктестері