Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ЭМ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ДӘРІСТЕРІ

  03.12.2019

Саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бойынша мемлекеттік қызметкерлер үшін «САЛАМАТТЫ САНДАРҒА ЖЕТ» 2019 жылғы 29 қарашада СӨСҚО қызметкерлері Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне ақпараттық-білім беру дәрістерін өткізді. 

Іс-шараның мақсаты: ақпараттандыру арқылы тыңдаушылардың арасында саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру, өз денсаулығына ортақ жауапкершілікті арттыру. 

СӨСҚО-ның дәрігер-әдіскері Г.Б. Саканова қатысушылардың назарына «Саламатты сандарға жет!» презентациясын ұсынды. 

Дәрігер-әдіскер Г.К. Турдунова «Дұрыс тамақтану – аурулардың алдын алудың негізі» тақырыбында презентация жасады. 

Қатысушылар қызығушылықпен тыңдап, ұсынылған тақырыптарды талқылауға белсенді қатысты, сұрақтар қойып, дәріскерлердің толық жауаптарын алды. 

Соңында барлық қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары (буклеттер, жадынамалар) таратылды: «Саламатты сандарға қол жеткіз!», «Тағамдық әдеттеріңізді өзгертіңіз», «Дұрыс тамақтану – аурулардың алдын алудың негізі», «Тұзды тұтыну туралы нені білу маңызды», «Қант диабетін ерте анықтау үшін скрининг жүргізу», «Бәрі де қант диабеті туралы».

Комитеттің 35 қызметкері қатысты.


1. Главное фото.jpg2.jpg2..jpg 3..jpg4.jpg6..jpg


Аурухана серіктестері