Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«ИНСУЛЬТТАРДЫҢ ІЛКІ, САЛДАРЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ» СӨСҚО-дағы САБАҚТАР

  29.10.2019

Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының «Белсенді ұзақ өмір сүру» денсаулық мектебінде бірінші санатты невропатолог Саутбаева Ырысты Өтеубаевна «Инсульт, ілкі және салдарлық профилактикасы» тақырыбында сабақ өткізді.

Тыңдаушылардың назарына қауіп факторлары, себептері, жылдам диагностикалаудың 5 қадамы, инсульт кезіндегі алғашқы көмек, емдеу және алдын алу сияқты негізгі сұрақтар талқыланатын презентация ұсынылды.

3.jpg


АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

✔ Зәбірленушіні жұбату

✔ Жедел жәрдем шақыру

✔ Оңтайлы қалыпқа келуіне көмектесу (басы сәл көтеріңкі болуы қажет)

✔ Қысатын киімдерді, белдіктерді немесе белбеулерді шешу

✔ Ақыл-есінің бұзылуы, қиын жұтыну, құсу, қатты сілекей шығару кезінде зәбірленушіні қырымен жатқызу

✔ Зәбірленушінің жағдайын бақылап отыру

 

Шұғыл медициналық көмек адамның өмірін құтқаратындығын және оның қалпына келуін күшейтетіндігін білген маңызды.

Инсульт басталғаннан кейін адамға үш сағаттың ішінде дәрігерлік көмек көрсетілетін болса, онда оның денсаулығын мүгедектікке жеткізбей, қалпына келтіру мүмкіндігі 30%-ға дейін ұлғаяды.

Профилактика туралы айтқанда, дәрігер инсульттың ілкі және салдарлық профилактикасы бар екендігін түсіндірді.

Ілкі профилактика — бұл миды қанмен қамтамасыз ететін тамырлардың патологияларын жою. Ілкі профилактика кезінде адамдар дәрілік преператтарды қабылдайды.

Салдарлық профилактика — инсульттың қайталануына жол бермеу. Ол дәрілердің және хирургиялық араласудың көмегімен жүзеге асырылады. Кез-келген ауру сияқты, инсультты да емдегеннен гөрі, алдын алған жөн.

Сабақтың соңында барлық тыңдаушыларға ақпараттық буклеттер таратылды.

IMG_0834-29-10-19-04-32.JPGIMG_0838-29-10-19-04-32.JPGIMG_0840-29-10-19-04-32.JPGIMG_0842-29-10-19-04-32.JPG



Аурухана серіктестері