Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күніне арналған іс-шара

  12.02.2019

Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру Бағдарламасын және тіркелген контингент санынан мемлекеттік қызметкерлер үшін аурулардың алдын алу "САЛАУАТТЫ САНДАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗ!" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚР ПІБ МОА Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері 2019 жылы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күніне (4 ақпан) арналған іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты: контингенттің қатерлі ісік - ең қауіпті аурулардың бірі туралы хабардарлығын арттыру, осы аурудың алдын алуға, ерте анықтауға және емдеуге назар аудару.

Іс-шара бағдарламасында тақырып бойынша дәрістер қарастырылған:

- "Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулардан болатын аурушаңдық және өлім-жітім", баяндамашы - М.К. Құрманов, ҚР ПІБ МОА СӨСҚО-ның басшысы.

- "Онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау", дәріскер - Н.К. Сейдалин, м.ғ.к., ҚР ПІБ МОА-ның дәрігер-онкологы.

- "Дұрыс тамақтану онкологиялық аурулардың профилактикасы ретінде", дәріскер - Г.К. Турдунова, СӨСҚО дәрігер-әдіскері.

 

Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары/ буклеттер, жадынамалар таратылды: "Бауыр обыры туралы не білу қажет және бұл ауруды қалай алдын алу керек?", "Денсаулық коды", скринингке шақыру, КРО, СБО, ЖМО бойынша скринингке шақыру, "Әдетте еленбейтін онкологиялық аурулардың 35 белгілері".

 

Қатысушылар саны 58 адамды құрады.


2019.02.12 ЗДОРОВЫХ ЧИСЕЛ ДОСТИГАЙ 12019.02.12 ЗДОРОВЫХ ЧИСЕЛ ДОСТИГАЙ 22019.02.12 ЗДОРОВЫХ ЧИСЕЛ ДОСТИГАЙ 32019.02.12 ЗДОРОВЫХ ЧИСЕЛ ДОСТИГАЙ 42019.02.12 ЗДОРОВЫХ ЧИСЕЛ ДОСТИГАЙ 52019.02.12 ЗДОРОВЫХ ЧИСЕЛ ДОСТИГАЙ 6


Аурухана серіктестері