Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Денсаулық мектебімен жұмыс жасау туралы ақпарат

  23.04.2016

2016 жылғы 18 мен 23 сәуір аралығында, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында «Сау жүрек, сау тамырлар», «Бронхиалды астма және ӨСОА (өкпенің созылмалы обструктивті аурулары)», «Диабет», «Сізде бала болады!», «Белсенді ұзақ өмір сүру» атты денсаулық мектебінде сабақтар өтті.

2016 жылғы 18, 22 сәуірде «Белсенді ұзақ өмір сүру» денсаулық мектебінің сабақтарында кәрі жастағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің мәселелері, тамақтану принциптері, сондай-ақ, артериалды гипертензия және сүт бездерінің ісігі сияқты ауруларды алдын алу талқыланды. Пациенттерге сүт бездерін өздері тексеру туралы слайдтар, ережелер, тамақтану пирамидасы және т.б. көрсетілген болатын.

2016.04.18-22-1


2016 жылғы 19 сәуірде «Сау жүрек, сау тамырлар» мектебінің сабақтарында «Осы ауру нені білдіреді, таралуы, себептері, клиникалық белгілері, диагностика және емдеу» сияқты артериалды гипертензияны алдын алу бойынша тақырып берілген.

Алдын алу мәселелері, СӨС принциптері, тамақтану денсаулығы қарастырылатын болады.

2016.04.18-22-2


«Бронхиалды астма және ӨСОА» денсаулық мектебінің пациенттері үшін 2016 жылғы 20 сәуірде ӨСОА аурулары бойынша ақпарат ұсынылды (осы ауруды анықтау, себептері, белгілері, диагностика және емдеу). Сабақ осы аурулар кезінде бронхылардың өзгеру нысандары, медициналық препараттарды ішу ережелері, сондай-ақ, пикфлоуметрдің көмегімен өкпенің өмірлік көлемін өлшеу көрсетілген муляждарды пайдалану арқылы интерактивті нысанда өткізілді. Пациенттердің сұрақтарына толық жауап берілді.

2016.04.18-22-3


Сондай-ақ, 2016 жылғы 21 сәуірде қант диабеті бойынша «Д» есебінде тұратын пациенттермен «Диабет мектебі» өтті, онда осы ауру кезінде тамақтану мәселелері, клиникалық белгілері, диагностика, емдеу және алдын алу әдістері қарастырылған. Өз-өзіне көмек көрсету дағдыларына үйрету мақсатымен, глюкометрді қалай дұрыс пайдалану, дене салмағының индексін анықтау көрсетілген болатын.

2016.04.18-22-4
2016.04.18-22-5


«Сізде бала болады!» денсаулық мектебінде болашақ аналарға арналған кезекті сабақ жүргізілді. Сабақтар терапевт, неонатолог, гинеколог және психолог дәрігерлерінен тұратын мультипәндік топқа өткізіледі. Туу деген не, үрейлі белгілер, тууды қадағалау ережелері, жүктілік кезінде тамақтану ерекшеліктері, жаңа туған баланы күту, сондай-ақ, дұрыс өмір салтын, тууға позитивтік көңіл-күйді қолдау сияқты тақырыптар қарастырылады.

2016.04.18-22-6
2016.04.18-22-7


Келгісі келетін адамдарды кестеге сәйкес тақырып бойынша сабаққа келуге шақырамыз!

Денсаулық мектебін жүргізу кестесі.



Аурухана серіктестері