Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Бронх демікпесін алдын алу бойынша сабақтар

  04.05.2016
2016 жылғы 4 мамырда СӨСҚ орталығында бронх демікпесін алдын алу бойынша сабақ өткізілді.
Демікпенің дүниежүзілік күні 1998 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жарияланған және жылсайын мамырдың әрбір бірінші сейсенбісінде өткізіледі.

2016.05.04-1



Бронх демікпесі – бұл ішінара және кері дем алу жолдарының (бронхтардың) обструкциясымен, жөтелмен және демікпемен, бронхтардың жоғары реактивтілігімен сипатталған дем алу жолдарының созылмалы қабынған ауруы. .
Ауруларды дамыту факторлары тұқым қуалаушылық, аллергендер, экологиялық факторлар, жуғыш заттар, стериодтық емес қабынуға қарсы препараттар және т.б. болып табылады. Осы науқастарда есекжем, Квинке ісінуі, тамаққа төзбеуі байқалуы мүмкін.
Бронх демікпесінің белгілері: тұншығу және демікпе белгілері, сырылдайтын қорылдар, сондай-ақ, жөтел ұстау және кеудедегі ауырсыну сезімі.
Бронх демікпесі маусымдық асқынулармен сипатталады, аллергендермен байланысқан кезде, түнде, денеге жүк түсірген кезде туындауы мүмкін. Бронх демікпесі арасында белгілер болмауы мүмкін.
Емдеу және алдын алу: су тазалағыштарды, ауа баптағыштарды, ауаны ылғалдандырғыштарды қолдану арқылы аллергендермен байланысты тоқтату, шаң кенелерімен күресу, төсек орынға арналған арнайы тыстар, кілемнен және үй жануарларының болуынан бас тарту, гипоаллергендік диета және басқа да іс-шаралар.
Дәрілік терапия дәрігермен ауыр өтуін, негізгі аурулардың асқынуын және тиісті патологиясының болуын есепке алумен тағайындалады.

2016.05.04-2


Бронх демікпесін емдеген кезде, көптеген басқа да созылмалы аурулар кезінде сияқты тұрақты бақылауды талап етеді. Емдеудегі табыс, жартылай пациентке байланысты десе артық айтылмайды. Емдеуші дәрігермен байланыс, өзін-өзі бақылау белгілерді минимумға әкелуге, өмір сапасын жақсартуға, ұзақ ремиссияға қол жеткізуге көмектесетін болады. Өз ауруы туралы хабардар болуы бронх демікпесінің асқынуын алдын алудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, оны сіз біздің «Еркін дем алу» денсаулық мектебімізде ала аласыз.



«ҚР ПІБ МО Ауруханасы» РМК
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Аурухана серіктестері