Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

4 ақпанда Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күні атап өтіледі

Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, 4 ақпанда Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күні атап өтіледі.

"Обырсыз өмір!" Ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты жеке денсаулықты сақтау және қазіргі адамның өмір сүру сапасын арттыру, онкопатология ауыртпалығын төмендетудің жаһандық проблемасына жұртшылықтың назарын аудару, онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша республика халқының, медицина қызметкерлерінің скринингтік тексерулерден уақтылы өту қажеттігі туралы хабардар болуын арттыру болып табылады. Онкологиялық аурулармен күрес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Отандық медициналық ұйымдардың обырды диагностикалау мен емдеудің озық технологиялары бар, олар әсіресе аурудың ерте кезеңдерінде пациенттің толық сауығуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Скринингтік медициналық тексерулер онкологиялық аурулардың алдын алудың және ерте диагностикалаудың ең тиімді әдісі болып табылады.

Қатерлі ісіктердің даму қаупін төмендету үшін өте қарапайым, бірақ тиімді ережелерді сақтау қажет, біріншіден белсенді өмір салтын жүргізу және үнемі қозғалу белсенділігімен айналысу, күн сайын жеткілікті мөлшерде көкөністер мен жемістерді пайдалану, дене салмағын бақылау; темекі шегуден, алкогольді ішімдіктерден бас тарту және үнемі профилактикалық тексеруден өту қажет.

Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні және онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау жөніндегі республикалық онкүндік онкологиялық аурулардың ауыртпалығын төмендету үшін бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді.


Аурухана серіктестері