21-қазан – Дүниежүзілік сүт безінің ісігі туралы ақпараттандыру күні!

Главное фото.JPG

1993 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні Дүниежүзілік сүт безінің ісігіне қарсы күрес күнін құрды.

Омырау ісігі Республикамыздағы онкологиялық аурулардың таралуының арасында бірінші орында тұр. 30 жастан асқан әйелдердің 92%  сүт безінің әртүрлі ауруларымен ауырады, олар асқынған жағдайларда сүт безі обырына ұласуы мүмкін.

IMG_0752-22-10-19-04-48.JPG

Дүниежүзілік сүт безінің ісігі туралы ақпараттандыру күнін өткізудің мақсаты – қоғамның назарын сүт бездерінің онкологиялық ауруларына байланысты жаһандық мәселелерге аудару, халықтың алдын алу тәсілдеріне, ерте анықтау және емдеу туралы хабардар болуын арттыру.

Онкологиялық ауруларды бастапқы сатыда анықтау емді ертерек бастаға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жақсы нәтиже береді және сауығу мүмкіндігін арттырады.

Қазақстанда сүт безі обырын емдеу қол жетімді, тегін және бірінші сатыда ауру 100 пайыз емделеді.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» денсаулық мектебінде онколог-маммолог Арипжанова Гүлмира «Сүт безі обырының алдын алу» тақырыбында ақпараттық-білім беру сабағын өткізді.  Сабақ барысында ерте анықтаудың маңыздылығы жан-жақты ашылып, аурудың даму қауіп факторлары, оның ішінде тұқым қуалаушылықтың әсері айтылды. Денсаулық мектебінің тыңдаушыларына сүт безінің өзін-өзі зерттеу әдістемесі туралы бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

123.jpg