Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

2-ші ТҰРПАТТЫ ҚАНТ ДИАБЕТІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ?

  20.02.2019

2-ші тұрпатты қант диабеті (бұдан әрі - ҚД) – кең таралған созылмалы, жұқпалы емес ауру. Ол ерлер мен әйелдерде де, көбінесе 40 жастан асқан адамдарда кездеседі.

2-ші тұрпатты қант диабетінің қауіптілігін көбісі елемейді, ал кейбір науқастар, шын мәнінде, ауру туралы тіпті хабары да жоқ. Ал өзінің патологиясы туралы білетін науқастар 2 тұрпатты ҚД ауыр түріне көшіп, өмірге қауіп төндіретін жағдайларға әкеп соқтыратыны туралы жиі күдіктенбейді.

Сонымен қатар, көптеген пациенттер 2 тұрпатты ҚД кезінде дұрыс тамақтану мен тиісті ем аурудың дамуын тоқтатуға қабілетті екенін білмейді.

СЕБЕПТЕРІ

Көбінесе, тек бір алғышарттар емес, тұтас себептер кешені болады.

2019.02.20 Сахарный диабет 2 типа 2

Білу маңызды!

Егер пациентте қант диабетіне шалдыққан туыстары болса - онда қанды қантқа үнемі тапсыру керек, себебі бұл аурудың тұқым қуалауға ықтималдығы бар.

Семіздіктің абдоминальдік түрі (іште майдың жиналуы). ҚД-мен ауыру қаупі дене салмағының жоғарылауына байланысты өседі

- семіздіктің I кезеңінде ҚД ықтималдығы 2 есе өседі

- II сатыда - 5 есе

- III-де - шамамен 10 есе

2 ҚД адамдарда метаболизмнің жасына қарай бәсеңдеуі (40 және одан жоғары), сондай-ақ эндокриндік және липидтік алмасудың бұзылуы кезінде дамиды.

Балада диабеттің аутоиммунды түрі байқалуы мүмкін.

 

ПАТОГЕНЕЗ

2 тұрпатты ҚД қандағы инсулиннің салыстырмалы жетіспеушілігінен туындайды - ұйқы безімен өндірілетін инсулин ақуызы жасушалық мембраналарда орналасқан инсулин рецепторлары үшін қол жетімсіз болатын жағдай. Нәтижесінде жасушалар қантты (глюкозаны) сіңіру мүмкіндігінен айрылады, бұл жасушаларды глюкозамен жабдықтаудың жеткіліксіздігіне, сондай-ақ, қандағы глюкозаның жиналуына және оның әртүрлі тіндерде жиналуына әкеледі. Осы критерий бойынша инсулинтәуелсіз қант диабеті ұйқы безі инсулинді жеткіліксіз көлемде шығаратын 1 тұрпатты ҚД-нен ерекшеленеді.

 

СИМПТОМДАРЫ

2019.02.20 Сахарный диабет 2 типа 3

Жиі емделушілер мұндай симптомдардың жиынтығын дұрыс түсінбейді, және диабет ауыр емделуші кезеңдерге жеткенше, немесе өмірге қауіп төндіретін жағдайға алып келгенге дейін кедергісіз дамиды.

 

ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ

2 тұрпатты ҚД - ұзақ және табанды терапияны талап ететін ауру:

препараттарды қабылдау

диета

өмір салтын өзгерту

2 тұрпатты қант диабетін тиімді емдеу тек қант диабетінің өзімен ғана емес, сонымен қатар ілеспелі аурулармен күресті білдіреді:

семіздік

гипертония

ангиопатия

нейропатия

депрессиялар

2 тұрпатты ҚД амбулаториялық жағдайда және үйде де емделеді. Емдеуге тек гипергликемиялық және гиперосмолярлы комалары, кетоацидоз, нейропатия мен ангиопатияның ауыр түрлері, инсульттері бар пациенттер ғана жатқызылады.

 

2 тұрпатты ҚД кезінде қоректендірудің жалпы қағидаттары

Тамақтануды эндокринолог әрбір пациент үшін диабеттің ауырлығын, ілеспелі ауруларды, жасын, өмір салтын және басқа да факторларды ескере отырып, жеке анықтауы тиіс.

Инсулинге тәуелсіз ҚД кезінде қолданылатын диеталардың бірнеше түрі бар (№9 үстел, төмен көміртекті диеталар, және т.б.).

Олардың барлығы негізінен бірдей - ауру кезінде көмірсуларды тұтыну нормалары қатаң шектелуі тиіс.

Бірінші кезекте бұл құрамында "жылдам" көмірсулар бар өнімдерге, яғни асқазан-ішек жолынан өте тез сіңетін көмірсуларға (тазартылған қант, тосап, кондитерлік өнімдер, шоколад, балмұздақ, десерт, майқоспа нан өнімдері) қатысты.

Қант диабетіне байланысты жиі зәр шығару кезінде сұйықтықтың жоғалуын толтыру үшін суды тұтынуды арттыру ұсынылады.

Тәтті сусындардан толықтай бас тарту керек – кола, лимонад, квас, шырындар мен қант қосылған шай, оларды минералды және қарапайым суға, қантсыз шай мен кофеге ауыстыру қажет.

Алкоголь глюкоза метаболизмін бұзғандықтан, алкоголь ішу да зиянды болуы мүмкін екенін есте сақтау қажет.

Тамақтану тұрақты болуы керек - күніне 3 рет, ал ең жақсысы - күніне 5-6 рет.

 

Материалды эндокринолог Г.С. Шахманова дайындады.

(дайындық кезінде Вести медицины сайтының материалдары пайдаланылды. Ресей)


Аурухана серіктестері