Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

2-12 мамыр аралығында Дүниежүзілік бронх демікпесімен күрес күніне орайластырылған «Демікпесіз өмір сүр!» ұлттық бағдарламасы

  14.05.2018

листовка БА А5 каз

Нысаналы топтар – ҚР халқы, оның ішінде

- 3-6 жастағы балалар мен олардың ата-аналары

- 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар

- 11-14 жастағы балалар мен жасөспірімдер

- 15-17 жастағы жасөспірімдер

- 18 жастан 29 жасқа дейінгі жастар

- 30-дан 64 жасқа дейінгі ересек тұрғындар

- 64 жастан үлкен ересек тұрғындар

 

Мақсаттары

«Демікпесіз өмір сүр!» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты:

·        бронх демікпесі мәселесіне қоғам назарын аудару, бронх деміпесінің алдын алу, оның ішінде алдын алуға болатын факторлар туралы халыққа ақпарат беруді арттыру, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі қағидаларын сақтану;

·        темекі шегу, ішімдіктен бас тартуға дағдылану, гигиеналық ережелерді сақтау, аллергиялық аурулардың заманауи алдын алу және емдеу, медициналық және медицинаға жатпайтын нұсқауларды орындауға ұстамдылық, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі басқару дағдыларын, адамдардың өз денсаулықтарына ортақ жауапкершіліктерін қалыптастыру;

·        бронх демікпесінің алдын алу, темекі бұйымдарын тұтынуды төмендету жөніндегі бағдарламаларды енгізуде мемлекеттік және мемлекеттік емес, ҮЕҰ, МҰ және басқа мүдделі ведомстволардың қатысуы болып табылады.

 

Жүзеге асыру тетігі

Шараны жүзеге асырудың басты тетігі аталған шараларды өңірлер деңгейінде тәжірибе жүзінде жүзеге асыру арқылы бірыңғай әдістемелік негізде медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың, облыстық туберкулезге қарсы диспансерлер, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының ҚДСК департаменттерінің бірлескен қызметі болып табылады.

.

Бронх демікпесі денсаулық сақтау саласына ғаламдық мәселе тудырып, көп таралған созылмалы аурулардың бірі болып табылады. ДДҰ-ның мәліметтері бойынша әлемде 5%-ға жуық ересек және 10% бала бронх демікпесінен зардап шегеді. Бұл балалық шақта шалдығатын ең көп таралған созылмалы ауру.

Ғалымдардың болжамына сәйкес 2025 жылға дейін демікпемен ауыратын науқастар саны 100 млн. адамға артып, ғасырдың екінші жартысында әрбір екінші бала демікпеден зардап шегеді. Ауру кез келген жаста пайда болуы мүмкін, шамамен науқастардың жартысында ауру 10 жасқа дейін, үшіншісінде 40 жасқа дейін пайда болады. Бронх демікпесімен ауыратын науқас балалардың арасында қыздарға қарағанда балалар 2 есе көп. 30-шы жылға дейін жыныс арасындағы ара салмақ теңдеседі.

Бронх демікпесіне шалдығуда тұқым қуалауға бейімділік, экологияның нашарлығы, дұрыс тамақтанбау, балалық шақта жиі аллергиямен ауыру, семіздік, темекі шегу, бауырдың паразиттік ауруы, дисбактериоз және басқа аурулардың маңызы зор. Сонымен, тыныс алу жолдарының тітіркенуіне тозаң түріндегі табиғи аллергендер, көліктің пайдаланылған газы, темекі түтіні, жұмыс орнындағы химиялық заттар алып келуі мүмкін, үйдегі аллергендерге кілемдер, жастықтарда өмір сүретін шаң кенесі, сондай-ақ үй жануарының жүні жатады.

 

2018 жылға арналған профилактикалық шаралардың ерекшелігі ҮЕҰ-мен серіктестікте жас бойынша нысаналы топтарға бөлу.

Нысаналы топтағы 3-6 жастағы балалар мен олардың ата-аналары

 

а) «Қуаныш Күн, Ауа және Сумен қалай достасты ертегісі

Кішкентай Қуаныштың Микроб деген ең жақсы досы болды. Олар үйде бөлмеде, теледидар алдында, еденде жиі ойнайтын.

Қыдырып қайтамыз ба? – деп сұрады Қуаныш досынан.

- Жоқ, болмайды, - деді Микроб, - суық тигізгің келіп тұр ма?

- Жаттығу жасаймыз ба?

- Енді, осы қалған еді! Аяқ-қолың ауырады. Одан да компьютер ойындарын ойнайық!

- Қолымыз кір, одан да жуып, шомылайық – деді Қуаныш.

- Қой? Су суық! Ауырып қаласың!

Өстіп күндер мен апталар өтті.Қуаныштың көңілі түсіп, онағысы келмей, ауырып қалды. Ата-аналары уайымдап, дәрігер шақырды.

Дәрігер балаға, оның таза емес қолдары мен бетіне қарап:

«Егер Қуаныш қолын жумаса, микробтар өкпесіне, ішіне және дененің басқа мүшелеріне біржола кіріп алады. Сонда бұл жаман микробтарды емдеу үшін ота жасау керек болады. Тек таза ауа, таза су мен күн ғана оған жаман, лас микробтардан құтылуға көмектеседі.

Анасы баласы Қуанышты балалармен бірге күн тәртібін сақтап, дене шынықтырумен айналысып, таза ауада серуендеп және уақытында тамақ ішуі үшін балабақшаға беру керек деп шешті.

Балабақшада дендері сау, көңілді және мықты балалар Қуанышты өз топтарына қосып, олар бірге ойнап, ойыншықтарын бөлісіп және «Күн, ауа мен су – біздің ең жақын досымыз!» деп айтып жүрді. Ал Микроб болса Қуаныштың құлағына: «Олармен ойнама! Мен сенің досыңмын!» деп сыбырлады.

- Күн неге біздің досымыз? – деп Қуаныш балалардан сұрады.

- Күн аспанда жарқырап, бізге жылу береді, вирустар мен микробтарды өлтіреді – деп жауап берді балалар.

- Ал су неге біздің досымыз?

- Салқын су, бізге саулық тілейді, оның зияны жоқ және денені шынықтырады.

- Ауа да досымыз ба? – деп таңырқай сұрады Қуаныш.

Иә, ол да біздің жақсы досымыз, көбірек серуендеңдер! Ауа ағзаны шынықтырады, тереңірек тыныс алыңдар!!!!

Ал менің Микроб досым маған керісінше айтқан. Қолды да жууға кеңес берген жоқ, яғни, ол мені алдаған ғой, - деді тұнжырап Қуаныш. – Менің де сендермен дос болып, ешқашан ауырғым келмейді. Ал Микробпен ендігәрі дос болмаймын. Мен бәрін түсіндім - Күн, ауа мен Су – біздің ең жақын досымыз!!!!

Енді Қуаныш таза ауада серуендеп, жаттығу жасап, тісін тазалап және салқын сумен жуынады. Ол ауырмайтын, мықты және сау болды. Оның қолдары мен беті енді үнемі таза жүреді. Ал Микробты қуып жіберді, ал Микроб болса Қуаныштан кеткісі келмей, айғайлап, шиқылдап, үгіттеп, оны қалдырмауын сұрады, бірақ Қуаныш Сумен, Күнмен және Ауамен дос болуды және қолды тамақ ішер алдында жуып, сау болуды нақты шешті!

Балалар, қалай ойлайсыңдар, кіммен дос болу керек?

б) Балаларға арналған мекемеде «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамы» атты ата-аналар жиналысын өткізу.

Ата-аналарға шара өткізу үшін МСАК медицина мамандарын, БМДМ қызметкерлері, ҚДСД мамандары, СӨСҚ қызметі, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер сатылады.

Мақсаты: Ата-аналарға жеке тазалықты сақтау қажеттілігі, шылымқорлықтан бас тарту, оның ішінде балалардың денсаулығына пассивті шылым шегудің әсері, дәрі-дәрмектерді үйлесімді қолдану туралы уәждемеге дағдыландыру. Ата-аналарды гигиена, дұрыс тамақтану қағидаларымен, оның ішінде құрамында тағамдық бояғыштар ы бар азық-түліктерден бас тарту тәсілдерімен таныстыру.

Медицина мамандары (МСАК, ҚДСК мамандары, СӨСҚ қызметі) ата-аналарға ақпарат береді.

Ата-аналарға арналған ақпараттық бөлім

Балаларды бронх демікпесіне шалдықтыратын қауіпті факторлар: Бейімдейтін факторлар:

Аллергия; Тұқым қуалаушылық (ата-аналардың, жақын туыстарының БД-мен ауыруы).

Тітіркендіретін факторлар:

Тұрмыстық аллергендер (шаң, шаң кенелері); Жануарлар мен жәндіктердің аллергендері; Саңырауқұлақ аллергендері; Тозаң аллергендері; Тағам аллергендері; Дәрілер; Вирустар; Химиялық заттар.

БД-ның пайда болуына ықпал ететін факторлар

Вирустық инфекциялар; Жүктілікті ауыр болуы; Үйлесімді тамақтанбау; Темекі түтіні

БД-ның асқынуына алып келетін факторлар

Аллергендер; ЖРВИ; Физикалық және психологиялық-эмоциялық жүктеме; ауа райының ауысуы; Экологияның әсері

Ата-аналарға арналған ақпарат

Ата-аналар балаға бөлмеде тазалықты сақтауға, үнемі желдетіп және жиі ылғалдап сүртіп тұруға үйрету қажет. Осы шараларды бәрі бір мақсатқа жетуге – тұрғын үйде шаңдар мен ауру тудыратын бактериялардың жиналмауының алдын алуға бағытталған.

Бастапқы алдын алудың қауіпті топқа жататын адамдар үшін маңызды. Дәрігерлер мына адамдарда бронх демікпесіне шалдығу мүмкіндігінің жоғары екендігі туралы үнемі ескертеді:

·        Шылымқорлар

·        Демікпеге генетикалық бейім адамдар 

·        Атопиялық дерматит пен ауырған адамдар

·        Аллергияның кез келген түрінен (азық-түліктерден бастап мерзімдік және дәрілік аллергиядан) зардап шегетін оларға бейім адамдар 

·        Тыныс алу жолдарының түрлі ауруларының (әдетте суық тию) салдарынан бронхтың обструктивті синдромының айқын белгілері бар адамдар.

Қауіп-қатер жоғары топтағы адамдар бронх демікпесінің бастапқы алдын алу шараларын сақтауға назар аудару керек.

Бастапқы профилактикаға:

·     Экологиялық жағдайды (тұрғылықты жерді уақытша немесе үнемі ауыстыру) жақсарту (мүмкіндігіше).

·     Ғимаратты үнемі тазалап отыру, үйде кілемдер, кітаптар мен жұмсақ ойыншықтардың (әсіресе жатын бөлмесіндегі) санын азайту қажет.

·     Жеке гигиена ережелерін сақтау.

·     Мүмкіндігінше үйде жануар ұстамау.

·     Тұрмыста гипоаллергенді заттарды қолдану.

·     Дұрыс тамақтану, тағамдық қоспаларды аз қолдану арқылы сапалы азық-түліктерді тұтыну.

·     Түрлі дезодоранттар мен парфимериялық өнімдерден бастап ауа сергіткіштер секілді аэроаллергендерді аз қолдану.

· Жұмыс жағдайына сәйкес келмейтін факторларды жою. Бронх демікпесінің белгілері көбейсе, жұмысты мүлде ауыстырған дұрыс.

· Респираторлық инфекцияларды уақытында емдеу.

 

Нысаналы топтағы 7-10 жастағы балалар

а) презентация көрсету арқылы «СӨС! Дұрыс тыныс алу» тақырыбына сюжетті-рөлдік ойындардың элементтері бар интерактивтік оқыту.

Мақсаттары:

- «Салауатты өмір салты, дұрыс тыныс алу, гигиена ережелері» түсінігімен таныстыру; топта жұмыс істеуге, қарым-қатынас жасау мен оқушы дағдыларына үйрету; ұзақ жылдар бойы сау, күшті болу, денсаулықты сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ сценарийі

Сәлеметсіңдер ме, қымбатты достар! Салауатты өмір салты дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар? (балалардың жауаптары)

"Салауатты өмір салты" ұғымына мыналар кіреді: дұрыс тыныс алу; дұрыс және үйлесімді тамақтану; қозғалыста болу;    жақсы көңіл-күй;    шынығу;     зиянды әдеттердің қалыптасуының алдын алу. Яғни салауатты өмір салтын ұстану. Сіз бен сіздің саулығыңыз үшіноны ешкім істемейді.

Дұрыс жауабын білу үшін біз «Салауатты өмір салты» ғаламшарлары бойынша ғарышқа саяхатқа шығамыз.

Белбеулеріңді тағыңдар. Біздің ғарыш кемеміз дайын!

Бүгін Салауатты Өмір Салты ғаламшарларына бара отырып, бірнеше ғаламшарға тоқтап, онда тек тапсырманы ғана орындап қоймай, сіздермен бірге бақытты және толыққанды өмірдің негіздері – денсаулық формалысын шығарамыз.

Біз «Жетістік» ғаламшарына жақындап қалдық

Бұл ғаламшардың тұрғындарының бәрі сабақты орындап, кітапты оқып және ойнап, ата-аналарына көмектесіп, сүйікті ісімен айналысып та үлгереді. Олардың киімдері де жинақы және бөлмелері реттелген, мектепке де ешқашан кешікпейді. Неге олай, қалай ойлайсыңдар?.... Ал бұл елдің тұрғындары уақыттың сырын біледі.

Ал ол.. …оқимыз…….. «күн тәртібі» деп аталады.

Күн тәртібі дегеніміз не? Тәртіп– іс-әрекеттің тәртібі.

Сендер күн тәртібін неден бастайсыңдар?

· Оянып, жаттығуды орындағаннан кейін біз… (балалар жалғастырады)

· Таңғы асымызды ішкеннен соң… (балалар жалғастырады)

· Мектептен қайтқаннан соң…(балалар жалғастырады)

· Бос уақыттарыңда немен айналысасыңдар?

· Ал біз қаншада кешкі тамақты ішіп, ұйқыға жатамыз?

Белсенділік пен демалу тәртібі денсаулық үшін маңызды.

Күн тәртібін сақтай отырып, нені естен шығармау керек?

 

·        Ішімдікті шамадан тыс тұтыну, шылымқорлық сияқты зиянды әдеттерден бас тарту. Қант, май мен тұзды (фастфудты) шектен тыс қолдану денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін.

·        Дұрыс тамақтану. Ас үлесі белгілі бір мөлшерде калория, майлар, ақуыздар мен көмірсулар, ең бастысы көгөністер, жемістерді қамтуы қажет.

·        Балалардың денсаулығы үшін, кемінде күніне 1 сағат жүйелі дене белсенділігімен айналысу ұсынылған.

·        Жеке тазалықты сақтау – дәретханаға барғаннан кейін және тамақ ішер алдында қолды жуу, күніне екі рет тісті тазалау, шынығу қажет.

Біз «Дене белсенділігі» ғаламшарына ұшып келеміз. Бұл ғаламшарда спортпен дос адамдар өмір сүреді. «Спорт» сөзі французша «депорт» - ойын-сауық дегенді білдіреді. Ал бізге спорт не үшін қажет? Кім жауап береді?

Спорт немесе дене шынықтырумен айналысу дене сымбатын сақтауға, денсаулықты сақтауға, икемділікті, жылдамдықты, күшті және басқа дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді

Біз «Денсаулық» ғаламшарына жақындап келеміз -

Қазір қандай жыл мезгілі? (көктем)

Көктемде адамдар жиі суық тиіп ауырады. Қалай?….

Біз ТҰМАУДЫҢ алдын ала аламыз ба.

Екпе еккізу қажет!

Айтыңдаршы, денсаулық неге байланысты?

Салауатты өмір салтына. Денсаулық факторы - қозғалыс, шынығу, тамақтану, тәртіп.

Дені сау адам деген нені білдіреді? Қалай түсінесіңдер?

Сау адам – бұл (балалардың жауабы) мықты, сау, төзімді, икемді, сымбатты және т.б. адам.

Дені сау адам – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) анықтамасы бойынша ауру мен физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, дененің, жан мен әлеуметтік әл-ауқаттың жағдайы.

Соңы. Қорытындылау

Біз Жерге ораламыз. Біз бүгін «Салауатты өмір салтының» үш ғаламшарына бардық.

Ғаламшарларға барғанда нені меңгердіңдер?

Сонымен адамның басты мақсаты не? Ең басты мақсаты – денсаулық. Ол неге байланысты? Өзін-өзі күту мен салауатты өмір салтын ұстану әр адамның қабілетінен болады.

Естеріңде болсын, денсаулық адамның құндылығы, оны сақтаңыздар.

б) Педагогтар, тәрбиешілер, ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен «Жеңіл тыныс ал!» тақырыптық сурет көрмесін өткізу.

Байқау мақсаты: Балалар мен ата-аналарға гигиена ережесін сақтау, бронх демікпесінің алдын алу мәселесінде өзін-өзі сақтайтын мінез-құлыққа дағдылану қажеттілігі туралы уәждемені қалыптастыру.

Шараны өткізу шарты: Сурет көрмесі ата-аналармен алдын-ала келіскеннен, ата-аналар және балалармен ақпараттық жұмыс жүргізгеннен кейін оқушының отбасының қатысуымен болады. Сурет сабағында балалар «Жеңіл тыныс ал!» тақырыбына сурет салып, әрі қарай өзі және отбасымен бірге салынған суретпен суретке түсіріледі. Бұдан кейін барлық жұмыстар ұйымның дәлізіне қойылады.

Сурет көрмесінің жеңімпаздары туралы ақпарат білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының веб-сайттарына орналастырылып, «Күнделік» электрондық күнделігіне, #жеңілтынысал хэштегімен жеке парақшаларға салынады.

в) «Темекі шекпе – бұл денсаулыққа зиян» атты интерактивті денсаулық сабағын өткізу

Мақсаты: шылымқорлықтың (активті және пассивті) зияны, баланың ағзасына дамуы мен өсуіне темекінің әсері туралы пікірді қалыптастыру.

Құрал: қағаз, маркерлер, текшелер, тақырыптық суреттер, слайдтар.

Сабақ барысы:

- Бой жазу (балалар шеңбер құрып тұрады да, өздерін әкесі, анасы, апасы мен атасы атайтын атты атайды; тәрбиеші «Күн шықты» дегенде балалар бөлмеде әрлі-берлі жүгіреді, «Жаңбыр жауды» дегенде тығылулары керек немесе басқа да шынықтыру түрлері)

- Балаларды түсті (қызыл, көк) жетондар арқылы бірнеше топқа бөлу. Топқа жеке-жеке сұрақ қою, мысалы «Егер адам темекі шексе, жақсы ма, әлде жаман ба?», «егер жасан болса, неге?», «жаныңда біреу темекі шегіп тұрса қалай сезінесің – оңай дем аласың ба?» және т.б.

Әрбір топ ересектердің тыныс алуы туралы өз пікірін айтады, әрбір дұрыс жауап берген топқа қызыл текше беріледі, дұрыс емес жауапқа – көк. Әңгіме соңында текшелер саналады. Көп қызыл текше жинаған топ жеңімпаз атанады.

Оқытушы бронх демікпесіне шалдықтыратынына назар адурта отырып, темекінің ағзаға әсері, қандай мүшелерді зақымдайтыны туралы айтады.

- Ойын: «Маша мен Аю» мультфильміндегі аюға достары ұсынған темекіден бас тартуға көмектесіңдер, «ЖОҚ!» деп айтуға үйретіңдер. Оқытушы достары ұсынып жатқан темекіден аюдың бас тартуына қалай көмектесуге болатынын ойлауды ұсынады, әрбір дұрыс жауапқа – қызыл текше беріледі, дұрыс емес жауапқа – көк, қызыл текшені көп алған команда жеңіске жетеді. Ао оқытушы темекіден бас тарту нұсқаларын санап, флип-чартқа маркермен жазады немесе алдын-ала дайындалған дұрыс жауаптарды слайдтан көрсетіп, сабаққа «Қандай жаңа нәрсе білдіңдер, жақындарыңа шылымқорлық туралы не айтасыңдар, сабақта не ұнады?» шолуын жүргізеді.

 

Нысаналы топтағы 11-14 жастағы балалар мен жасөспірімдер

а) Сынып сағаттарын ұйымдастыру, сабақта танымдық белсенділікті қалыптастыруға тәжірибелі-бағдарлы әдісті қолдану, бронх демікпесінің алдын алу, гигиена ережелері туралы оқушылардың білімін жүйелендіру.

«Демікпенің алдын алу үшін нені білу қажет?» тақырыбына сынып сағатын өткізу

Міндеттері

·        Салауатты өмір салтын, өз денсаулығына ұқыпты және парасатты қарым-қатынасты тәрбиелеуге ықпал ету.

·        Ағзаны шынықтыратын және бронх демікпесіне шалқығудан сақтандыратын гигиена ережелері, жаттығуларды үйрету.

Құрал: тақырыптық мазмұндағы плакат; күн тәртібі мен сөздер жазылған карточкалар: тақтаға денсаулық туралы мақал жазу; дербес карточкалар.

Сынып сағатының барысы

Мұғалім. Адам денсаулығы туралы мақалды жалғастырыңдар.

• Тәні саудың... (жаны сау).

• Денсаулық ... (алтыннан қымбат).

• Күн, ауа мен су... (біздің ең жақын достарымыз).

Біздің денсаулығымыздың немен байланысты екенін анықтайық. Талқылайық.

(Балалар өз ойларын білдіреді, ал мұғалім оны тақтаға жазады)

·                        Ата-аналар, апалар мен аталардың денсаулықтарына байланысты.

• Үй мен мектептің тазалығына байланысты

• Дәрігердің бізді қаншалықты жиі қарауына байланысты

• Қандай ауамен демалғанымызға байланысты

• Қандай суды ішетінімізге байланысты

• Қандай тағамды тұтынатынымызға байланысты

• Өзімізге байланысты

Оқытушы: Тыныс алу гимнастикасы туралы айтайық

Тыныс алу гимнастикасын не үшін жасау қажет? Өкпе ұлғаяды, қанға көп ауа түсіп, оттегі миға барады да, біздің есте сақтау қабілетіміз жақсарып, ойлау белсенділігі артады. Сонымен, бастайық! Терең дем аламыз – дем шығарамыз (3 рет). М-м-м деген дыбыспен терең дем аламыз, ш-ш-ш деп дем шығарамыз.

Терең дем аламыз – демді бөліп-бөліп шығарамыз. Басты жоғары көтереміз. Жеңіл-жеңіл дем аламыз. Біздің жағдайымыз жақсы. Күлімде, біз жұмысқа ниеттіміз.

Денсаулықты нығайту тәсілдерін еске түсірейік. (Дұрыс тамақтану, шынығу, күн тәртібі, спорт, жақсы көңіл-күй)

Оқытушы: Бронх демікпесі деген не? ДЕМІКПЕ – қайта-қайта қайталанып отыратын тыныстың бітуі, кейбір адамдарда өзгеріп отыратын ысқырып дем алу және/немесе жөтелдің ұстауы, ауырлығы мен жиілігі тән созылмалы ауру (Анықтамасы тақтада жазылған)

Осы аурудың себептерін айтайық:

· Ғимарат ішіндегі аллергендер (мысалы, үйдегі шаң кенелері, жануарлардың жүні мен эпителийі, тұрмыстық химия және т.б.)

· Ғимараттың сыртындағы (тозаң мен көк секілді) аллергендер

· Тағамдық және дәрілік аллергендер

· Темекі түтіні

· Жұмыс орындарындағы химиялық тітіркендіретін заттар

· Ауаның ластануы (поллютанттар).

Бронх демікпесінің пайда болуына әсер ететін факторлар бар: суық ауа, ылғал, сирек иістер, инфекциялар, күйзелістер, ашу немесе қорқыныш секілді көңіл күйдің қатты қозуы, дене жүктемесі, кейбір дәрі-дәрмектер.

Бронх демікпесінен өзіңді қорғау үшін не істеу қажет? (Балалар жауап нұсқаларын айтады). Адамға не үшін күн тәртібін сақтау қажет? (Балалар жауап береді)

Топпен жұмыс істеу

Оқытушы: Күн тәртібін есімізге түсірейік. (Балалар күн тәртібі тармақтарын ретпен қоя отырып, кеспелі карточкамен жұмыс істейді. Күн тәртібі жазылған плакат бойынша тексеру)

Кім күн тәртібін орындап жүр? Кімнің қолынан оны орындау кейде келмей қалады? Күн тәртібін мүлде сақтамайтын балалар бар ма? Күн тәртібін орындайтын адамдарды қалай атайды? (Ұқыпты. Анықтама жазылған тәртіпті плакат тақтаға ілінеді)

Келесі сөзді сөйлемге жазыңыз.

(Тамақтану) – адам өміріне арналған қажетті жағдайлардың бірі. Адамдар тұтынатын азық-түліктердің бәрі денсаулыққа пайдалы емес. Дұрыс тамақтану – денсаулық сақтау шарты, дұрыс тамақтанбау ауруға әкеліп соғады.

Оқытушы: Дені сау адам тамақтану мәдениетін сақтайды, яғни ол ... (Мәдениетті адам. «Мәдениетті» сөзі жазылған қағаз тақтаға ілінеді)

Адам күн тәртібін орындау, дұрыс тамақтану, күн сайын жаттығу жасау және ерінбеу үшін қандай болуы керек? (Күшті – плакат тақтаға ілінеді)

Оқытушы: Енді дені сау адамды сипаттайтын белгілерді тауып алайық. Карточкадағы сол сөздердің астын сызыңыз. («Дені сау адам – бұл бүкір, жүдеу, албыраған, сымбатты, күшті, икемсіз, көңілді, мұңды, дөрекі, еріншек, белсенді адам» деп жазылған карточка беріледі)

Шығармашылық жұмыс

Оқытушы: Егер сау адамды сипаттай алсаңыз, жанына сол адамның суретін салып қойыңыз. Әрине, сіздердің салған суреттеріңіз әртүрлі болады, бірақ бәрінде бір ұқсастық болуы керек.

- Ойланыңыздар, сіздердің суреттеріңіз қалай ұқсауы мүмкін. (Күлімсіреу, арқасы тік, көзі мейірімді, ұқыпты, албыраған)

(Балалар әуенмен сурет салады. Аяқталған соң жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылады)

Қорытындылау

Оқытушы: Жақсы денсаулық не үшін қажет? Сау адам не істей алуы мүмкін, ал науқас адам не істей алмайды? (балалар жауап береді)

- Сөйлемді аяқтаңыз: «Денсаулық – бұл ...» (Балалар тізбектеп айтып береді)

б) Бронх демікпесі, шылымқорлық пен мінез-құлықты қауіпті факторлардың алдын алу арқылы денсаулықты сақтау мен нығайту мәселелері жөнінде мектептердің педагогикалық ұжымына (мұғалімдер, педагогтар, тәлімгерлер, қызмет көрсетушілерге) арналған жиналыс өткізу.

Педагогтар мен тәлімгерлерге арналған ақпараттық бөлім

Бронх демікпесі – ентігу түрінде білінетін тыныс алу жолдарының созылмалы қабынып ауруы, жөтел жиі және ұзақ болған жағдайда адам тұншығуы мүмкін. Бұл біздің тыныс алу жолдарымыздың қандай да бір тітіркендірушіге қатты сезімталдығынан болады. Олар тітіркенгеннен тарылатындықтан, адам демалған кезде тұншыға бастайды. Бронх демікпесі адамдарда кез келген жаста пайда болып, көбінесе балалық шақтан басталады да, бұл адамдардың жартысы есейе келе ол аурудан айығып кетеді. Қазір шамамен есептегенде Жердегі 300-ден 500 миллионға дейін адам осы аурудан зардап шегеді және бұл ауру күн санап өсіп келе жатыр.

Мұндай қауіпті ауруға шалдыққанда, өз денсаулығыңды жақсылап күту қажет. Дене жүктемесін теңдей бөлу қажет. Бронх демікпесімен ауыратын адамдардың дене жүктемесі артық болған жағдайда, демікпе ұстамасы ұстауы мүмкін. Тыныс алу жиілеп, тыныс алу жолдарының қабырғаларына суық тиіп және құрғауына алып келеді де, соның нәтижесінде бронхтың тарылуы пайда болады.

Үнемі дене жаттығуын жасау тыныс алуға қатысатын бұлшықетті күшейтіп, ауаның жетіспеуінің пайда болу қаупін төмендетеді де, аурудың асқынуын тез және жеңіл өтуіне ықпал етеді. Ағзаға үлкен жүк түсіруді талап ететін спорт түрімен, мысалы қашықтыққа жүгірмеу, зіл темір көтеру, турник, қоссырық пен шеңбермен айналыспау қажет. Қысқы спорт түрлерімен (биатлон, шаңғы, мәнерлеп сырғанау, хоккеймен) айналыспаған дұрыс, себебі суық ауа демікпемен ауыратын көп адамдардың кеңірдегінің тарылуына алып келеді. Тыныс алуды ұзақ уақыт ұстап тұруды талап ететін жаттығуды жасауға (су астында жүзуге) болмайды.

Дегенмен өз ауруларың жеңіп, жеңімпаз болған адамдар бар:

• Поул Скоулз – Манчестер Юнайтед футболшысы;

•Паула Редклиф – 10 км жүгіру бойынша Еуропа чемпионы; 
• Марк Спитц Америка құрама штаттарының жүзгіші, Олимпияда ойындарында 9 алтын алқа алған, оның ішінде жеті алқаны Мюнхеннен алған;
• Ян Ульрих – велосипедші, атақты жүлдегер, «Тур деФранс» жарысының жеңімпазы; 
• Деннис Родман – баскетбшы, бес рет NBA чемпионы болған.

Бронх демікпесімен ауырғанда тамақтану

Демікпенің ұстамасын тудыратын тітіркендіргіштер ағзаға қайтадан түскен бөгде ақуыздар, кейде олар бактериялық, ал бірде тағамдық болып табылады, ауадағы органикалық бөлшектердің де (киім, өсімдік, тері, аяқ киім және т.б. бөлшектердің де) маңызы бар.

Бронх демікпесі кезінде азық-түліктерді қабылдамау көрсетілмесе, гипоаллергенді емдәм тағайындау ұсынылады. Бұл жағдайда тамақтан антигендік әлеуеті жоғары азық-түліктер мен тітіркендіргіштік қасиеті өзгеше азық-түліктерді алып тастайды. Оған ең бірінші жұмыртқа, цитрус, балық, шаян, жаңғақтар жатады. Екіншіден бұрыш, қыша мен басқа да ащы және тұзды ашық-түліктер жатады. Демікпе асқынбаған кездегі тамақтану артық емес, толыққанды болуы қажет. Сүрленген ет пен балық сорпасы, ас тұзы, ащы және тұзды тағамдар, дәмдеуіштер, қант пен қант қосылған азық-түліктер, бал, шоколад өнімдерін шектеу қажет. С, Р, А, В тобындағы дәрумендерді жеткілікті мөлшерде тұтыну қажет. Олар ағзаның қабілетін қалпына келтіреді. Тамақпен кальций және фосфор тұздарын тұтыну ішек жұмысын қалпына келтіріп, зат алмасу барысын жақсартады.

Бронх демікпесімен ауыратын пациенттерде тағамдық аллергия бірінші фактор немесе ауру барысына қосалқы фактор болған жағдайда тағамдық ас үлесті мұқият қадағалаған дұрыс. Бронх демікпесін жиі тудыратын тағамдық заттар бидай, сүт, балық, жұмыртқа болып табылады. Ас үлесін жасау үшін қандай азық-түліктер мен өнімдерді алып тастау қажеттігін жақсы білу қажет. Деммен ағзаға түсетін аллергендердің белгілі бір тағамдық заттармен, мысалы астық шөптерінің тозаңы мен тағамдық дақылдар, жаңғақтар, жусан мен күнбағыс тозаңы және күнбағыс дәніне ортақ ұқсастығы бар.

Бронх демікпесімен ауыратын пациенттер тәулігіне 5 рет, аз-аздан тамақтануы қажет, соңғы тағамды ұйықтар алдында 2 сағат бұрын ішкен дұрыс.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта отырып, педагогтарға аталған аурумен ауыратын оқушыларға жіті көңіл бөлу қажеттігін көрсету қажет.

в) «Тыныс алу оңай болса, өмір сүру де оңай!» ұранымен спорттық шаралар, жарыстар, дене шынықтыру минуттарын өткізу.

Спорттық шаралардың кешені балалар, ата-аналар, халықты тарту арқылы «Көңілді старттар», «Спорттық отбасы» жарысы түрінде жауапты мамандардың таңдауы бойынша анықталады. Өткізілген спорттық шаралар туралы суреттер білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының сайттарына және әлеуметтік желілерге жарияланады.

Нысаналы топтағы 15-17 жастағы балалар

а) БАҚ-қа жариялау арқылы сурет пен бейне түсірілімдерді ұйымдастыру арқылы «Жеңіл және еркін демал!» ұранымен мектептерде, колледждерде, жастар ұйымдарында көрмелер/байқаулар өткізу.

б) «Жеңіл және еркін демал!» денсаулық марафонын өткізу

Марафонның мақсаты – салауатты өмір салтын саналы түрде таңдауға адамдарды ашық және көңілді тарту. Қатысушыларға ұйымдастырушылар әзірлеген жоспарға сәйкес жүгіру ұсынылады. Марафон зумба, қаражорға және т.б. түрінде көңілді би флешмобымен аяқталады. Флеш-моба өткізген кезде барлық әрекеттерді бейнеролик жасау және #жеңілжәнееркіндемаламын хэштегімен ғаламторға салу үшін сурет пен бейнеге түсіру.

в) Мектептерде, колледждерде, жастар ұйымдарында «ЖОҚ!» деп айт» тренингін өткізу.

Мақсаты: шылымқорлық пен психикаға белсенді әсер ететін басқа заттардан сенімді түрде бас тартуға дағдыландыру.

Міндеттері:

·        Жасөспірімдерді темекі шегуге, есірткілерді тұтынуға мәжбүрлейтін жағдайларды талқылау.

·        Сенімді түрде бас тартудың түрлі тәсілдерімен таныстыру.

·        Темекіден бас тарту тәсілдеріне жаттықтыру.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психолог: «Сәлеметсіздер ме. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды ұсынатын айналадағылардың қысымына қарсы тұрудың түрлі тәсілдерін меңгеру жөніндегі сабақта сіздерді көргеніме қуаныштымын».

Оқытушы: Сізге немесе сіздің достарыңыз бен жақындарыңызға біреудің темекі шегуді ұсынғанына мысал келтіре аласыз ба.

Психолог: «Адам өмірде қиын жағдайға тап болуы немесе айналадағылардың, әсіресе ол жасы үлкен немесе беделді адам болса, оның қысымына қарсы тұра алмағандықтан жағымсыз оқиғаларды уайымдауы мүмкін».

Бұдан әрі қатысушылар өтініштен бас тарту немесе қаламаған нәрсесін істемеу қиын болатын себептердің нұсқаларын атайды.

Оқытушы: адам өзі қаламаған нәрсеге келісетін көп деген себептер бар. Нақтырақ айтсақ: біреудің шеттеткенін, келеке болғанын қаламайдыбіреуді ренжітіп аламын, дөрекі боламын ба, барлық адам сияқты болмаймын ба және т.б. деп қорқады.

Дегенмен қаламағаныңды істегің келмесе немесе өзіңе зиян болады деп есептеген нәрседен бас тартудың көп тәсілдері бар.

Шағын дәріс

«Сенімді түрде бас тарту ережесі» плакаты.

Оқытушы: Ережелерді оқып және оларды талқылайық.

1. Егер адамға бір нәрседен бас тартқыңыз келсе, оған нақты және бір рет «ЖОҚ» деп айтыңыз. Не үшін бас тартқаныңыздың себебін түсіндіріңіз, бірақ ұзақ кешірім сұрамаңыз.

2. Үзіліссіз жауап беріңіз – қаншалықты мүмкін болса, соншалықты тез.

3. Өзіңізбен адал және ашық сөйлесуін талап етіңіз.

4. Сіздің қаламағаныңызды не үшін сұрап тұрғанын түсіндіруін сұраңыз.

5. Сөйлесіп тұрған адамға тік қараңыз. Оның мінез-құлқында өзіне қандай да бір сенімсіздіктің бар-жоғын бақылаңыз. Оның тұрған тұрысын, қылығын, ымдауын (қолы дірілдеу, көзі ойнап тұру, дауысы дірілдеу және т.б.) бақылаңыз.

6. Оны балағаттамаңыз және ашуланбаңыз.

Топпен жұмыс істеу.

Содан соң қатысушылар топқа бөлінеді, қатысушылар топтарға бірігеді. Әр топқа «өтініш» жағдаяты жазылған карточкалар таратылады.

Үйренушілерге жағдаятты оқып, бас тарту тәсілінің бірін қолдана отырып, батыр адам өтінішті орындаудан бас тартатын қойылым қою. Қойылымға дайындық кезінде «Сенімді түрде бас тарту ережесін» қолданулары керек.

Үйренушілер (қалауы бойынша) қойылым көрсетеді. Талқылайды. Қорытынды шығарады.

Психолог: «Сенімді түрде бас тарту тәсілдерін білу мен қабылдай алу адамға біреудің қысымына берілмеу мен басқаларды ренжітпеу қауіпсіз болуға көмектеседі. Дегенмен, біреу ішуге немесе темекі шегуге мәжбүрлегенде жай ғана «жоқ» деп айту үнемі жеткілікті бола бермейді.

Балаларға қысымнан аулақ болу мен ардақты болып қалу, достықты жалғастыру мен уақытты көңілді өткізуге көмектесетін тәсілдерді қатысушылар ойнайтын ойын ұсынылады.

Рөлдік ойын

Үйренушілер топқа бірігеді. Әрбір топқа темекі шегуді ұсыну және бас тарту тәсілдері жазылған карточкалар таратылады. Топтың әрбір қатысушысы кезек-кезекпен тәсілдердің бірі жазылған карточканы алып, дауыстап оқиды. Одан кейін оң жағында отырған көршісіне жауабын оқуын сұрайды. Әрбір темекі шегуді ұсыну тәсіліне екі бас тарту жауабы сәйкес келеді.

Темекі шегуді ұсыну мен бас тарту тәсілдері:

Жағдаят

Бас тарту түрі

Жүр темекі шегейік. Қорқасың ба не? Қазір тек балалар ғана шекпейді. Кішкентайсың ба не?

Жоқ, шеккім келмейді. Айтпақшы, адамдардың көбі темекі шекпейді.

Жоқ, рахмет. Маған темекінің иісі мүлде ұнамайды. Менің одан жүрегім айниды.

Жүр қонаққа барайық. Балалар марихуана әкелеміз деген. Өмірде бәрін көру керек. қырсықпашы.

Жоқ, мен баратын жер емес. Жаман орын. Мені біреудің нашақор деп айтқанын қаламаймын;

Сен мазақтап тұрсың ба! Мұндай тәжірибенің соңы жақсылыққа апармайды. Менің сау болғым келеді.

Марихуана тартайық па?

Жоқ, рахмет, марихуанадан адамдар естерін жоғалтып, ақымақтық жасайды;

Жоқ, рахмет, марихуанадан менің басым ауырады, дем ала алмаймын, қатты жөтелемін.

Психолог: Балалар өздеріңе ұнаған бас тарту тәсілін көрсетіңдерші.

Қорытындылау

Біздің сабағымыз аяқталып қалды. Темекіден бас тарту сіздердің денсаулықтарыңызды сақтайтынына назар аударыңыздар.

Қорытынды: «ЖОҚ» деп айтудың көптеген тиімді тәсілдері бар.

 

Нысаналы топтағы 18-29 жастағы балалар

а) Темекі мен ішімдікті тұтыну және темекіден бас тартудың шынайы балама нұсқаларын таңдаумен байланысты денсаулық үшін қауіп-қатер мәселесіне халықтың назарын аудару мақсатында «Дұрыс дем алу! Салауатты өмір салты» кең ауқымды акциясы. Акцияны «Денсаулық қалашығы» түрінде өткізу ұсынылады, бұл артериялық қан қысымының деңгейін, көру-қозғалыс реакциясын анықтау, спирометриядан өту (СО-анализатормен шылымқорларды тексеру) және түрлі салауатты өмір салты аспектілері бойынша жеке кеңес алу мен өтуге мүмкіндік беретін халыққа арналған бұқаралық шаралар кезіндегі профилактикалық жұмыстың көшпелі ерекше түрі болып табылады. Сондай-ақ осындай акциялар трамвай мен троллейбус секілді тақырыптық көліктерде өткізіледі, онда медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың, бейінді қызмет, ҚДСД, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары мамандары жолаушыларға бронх демікпесіне шалдықтыратын қауіпті факторлар туралы айтып, тыныс алу гимнастикасының элементтері арқылы жаттығу мен скандинавиялық жүріс шеберлік класын ұйымдастырады. Бронх демікпесі мен созылмалы обструктивтік өкпе ауыруынан жиі зардап шегетіндер ретінде шылымқорларға темекіге тәуелділіктен бас тарту бойынша мамандардың кеңес беруімен никотинге тәуелділік деңгейін анықтау үшін Фагерстрем тестінен өтуді ұсынады. Акция өткізу кезінде барлық әрекеттерді бейнеролик жасау және ғаламторға салу үшін сурет пен бейнеге түсіру.

в) Колледждерде, университеттерде, жастар ұйымдарында «Демікпесіз өмір» атты дөңгелек үстел өткізу

Дөңгелек үстелге қатысушылар: МСАК, бейінді қызметтер, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының ҚДСД жетекші мамандары мен діни конфессия, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: Бронх демікпесі мәселесіне халықтың назарын аудару, бронх демікпесінің алдын алу шаралары, оның ішінде жоюға болатын қауіпті факторлар туралы халықтың ақпарат алу деңгейін арттыру, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі қағидаларын сақтау.

г) «Демікпесіз өмір сүр», «Шылымқорлық: ҚОЛДАУ және ҚАРСЫ БОЛУ», «Дәрілерді бақылаусыз тұтыну – бронх демікпесінің қаупі» тақырыптарына пікірталас өткізу.

Пікірталастар – өзекті тақырыптар бойынша екі тарап арасында нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған ашық пікір алмасу. Бұл ашық пікірталастың түрлері пікірталасқа қатысушылардың өздерінің әділдігіне бірін-бірінің емес, үшінші тараптың көзін жеткізуге бағытталған. Пікірталас қатысушылары қолданатын ауызша және таңбалы құралдар қойылған мәселе бойынша аудиторияда белгілі бір пікірді қалыптастыру мақсатында болады. Пікірталасқа түрлі топтардың студенттері қатысады.

д) «Демікпесіз өмір сүр», «Шылымқорлық: ҚОЛДАУ және ҚАРСЫ БОЛУ», «Дәрілерді бақылаусыз тұтыну – бронх демікпесінің қаупі» тақырыптарына пікірсайыс өткізу.

Пікірсайыс өткізу жоспары

Мұғалімнің кіріспе сөзі

         Құрамында үш адам бар сарапшы комиссия анықталады

- екі қарсы (шылымқорлықты, дәрілерді бақылаусыз қабылдауды жақтайтын және жақтамайтын) команда құрылады;

- дайындық кезеңінде (көзқарастарға сәйкес мәселелерді жинау мен зерттеу; этикалық, әлеуметтік, құқықтық аспектілер бойынша материалдарды жіктеу);

- командалар түрлі аспектілер бойынша өз ұстанымдарын кезек-кезек ұсынады (мысалы: бронх демікпесіне шалдықтыратын негізгі фактор ретінде шылымқорлық пен дәрілерді бақылаусыз қабылдау мәселелері);

- әрбір аспектілер бойынша ақпарат беру қарсыластар тарапынан сұрақтар қою арқылы аяқталады;

- мәселенің әрбір аспектісі бойынша сарапшылар пікірі тыңдалады;

- мәселені талқылау соңында сарапшылар пікірі тыңдалады.

 

 

Нысаналы топтағы 30-64 жастағы ересек адамдар

а) ЖТД, пульмонолог, аллерголог, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерді тарту арқылы дем шығарудың шекті жылдамдығын, артериялық қан қысымын, холестерин мен глюкоза деңгейін, физикалық параметрлерді, дене салмағы индексін анықтау арқылы әрі қарай Денсаулық мектептерінде түзету үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында Ашық есік күндерін өткізу.

Б) Бронх демікпесінің алдын алу, диагностикалау мен емдеу шаралары және бронх демікпесіне шалдықтыратын мінез-құлықтық қауіпті факторлардың әсері (темекі шегуден, ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тарту, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі қағидаларын сақтау), созылмалы жұқпайтын аурулардың алдын алу туралы МСАК мамандарына (медицина, әлеуметтік қызметкер, психологтарға) арналған семинар–тренингтер өткізу.

В) Мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу, темекі мен ішімдікті тұтынудан бас тарту, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі қағидаларын сақтау жөнінде жұқпайтын ауруларға, оның ішінде бронх демікпесіне шалдықтыратын қауіп-қатерді төмендету үшін Денсаулық мектептерінің қызметін жетілдіру.

Г) Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі басқаруға, емделуге ұстамдылыққа дағдыландыру, Уәждемелік кеңес беру қағидаларына басты назар аудару арқылы Өзін-өзі бақлау күнделігін қолдана отырып, мультитәртіпті команда мамандарын тарту арқылы Бронх демікпесі мектебінің қызметін жетілдіру.

Д) Шылымқорлықтың алдын алу, темекіден бас тартуға дағдыландыру, бронх демікпесімен ауыратын тұлғаларға шылымқорлықтың әсері туралы халыққа ақпарат беруді арттыру, қиын кезеңде көмек көрсету мақсатында темекі бұйымдарын тұтынудан бас тартқысы келетіндерге медицина, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың баруы мәселелері жөнінде темекіге қарсы орталықтар/кабинеттердің қызметін жетілдіру.

Е) Ақпараттық және қызу қолдау көрсету, сондай-ақ бронх демікпесін жеңіп шығу үшін қолдау бар ресурстарды бағалай алу мақсатында Бронх демікпесі мектебінен оқудан жемісті өткен бронх демікпесімен ауыратын белсенді пациентердің бірінен еріктілерді тарту.

Ж) ЖТД, пульмонолог, аллерголог, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерді тарту арқылы дем шығарудың шекті жылдамдығын, артериялық қан қысымын, холестерин мен глюкоза деңгейін, физикалық параметрлерді анықтау, әрі қарай Денсаулық мектептерінде қауіпті факторларды түзету арқылы жеке қауіп-қатерді анықтау үшін дене салмағы индексін анықтау, скринингтік тексеруден өтуге атаулы шақыруды тарату арқылы кәсіпорындар мен басқа жұмыс орындарында көшпелі акцияларды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету.

З) Аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салты аспектілері, оның ішінде бронх демікпесінің алдын алу, денсаулықты сақтау мен нығайту үшін жағдай жасау мәселелері бойынша ұжымдарда жиналыстар өткізу.

И) Жұмыс берушілер нысаналы топқа жататын қызметкерлердің тұрғылықты жері бойынша ТМККБК шеңберінде міндетті түрде скринингтік тексеріп-қараудан (скринингтік тексеруден өті кезінде жалақының сақталуымен) өтуін, сондай-ақ тіркеу науқанына қатысуларын қамтамасыз етуі қажет.

К) Еңбек сипатын ескере отырып, ұзақтығы кемінде 10 минут өндірістік гимнастика жасауды енгізу, дене шынықтыру мен спортпен айналысу үшін жағдай жасау.

Л) Жұмыс орындарында темекіге қарсы саясатты жүргізу, темекімен күрес бойынша қызметкерлерге арналған арнайы бағдарламаларды жасау, темекіден бас тарту бойынша топтық және дербес кеңес беру.

 

Нысаналы топтағы 64 жастан үлкен ересектер

а) Ақпараттық-консультациялық шара – «Жеңіл және еркін тыныс ал!» тақырыбында медицина қызметкерлері, психологтар, әлеуметтік қызметкерлердің қатысуларымен аулаларда, аула клубтарында, ардагерлер қауымында сұрақ-жауап кештерін ұйымдастыру.

Сұрақ: Әлемде бронх демікпесімен қанша адам ауырады?

Жауап: ДДҰ-ның анықтауы бойынша қазіргі уақытта 235 миллион адам демікпеден зардап шегеді.

Сұрақ: Демікпе ұстамасын не қоздырады?

Жауап: Демікпе — қайталанып отыратын тұншығу ұстамалары мен ысқырып дем алу тән тыныс алудың созылмалы. Аурудың ұстауына ықпал ететін кейбір себептер демікпемен ауыратын барлық адамдарға ортақ, ал кейбіреулері дербес сипатта болады. Демікпеге шалдықтыратын ең маңызды қауіпті факторлар деммен кіретін тітіркендіргіш заттар болып табылады, оның ішінде:

·        ғимарат ішіндегі аллергендер (мысалы, үйдегі шаң,төсек-жабдықтардың кенелері, кілемдер мен жұмсақ жиһаздар, ауаның ластануы мен үй жануарларының қайызғағы)

·        ғимараттың сыртындағы (гүл тозаңы мен көк секілді) аллергендер

·        темекі түтіні

·        жұмыс орындарындағы химиялық тітіркендіретін заттар.

Ауруды қоздыратын басқа факторларға суық ауа, ашу немесе қорқыныш секілді эмоциялық сезімдер мен дене жаттығуы жатады. Кейбір адамдарда демікпені аспирин мен басқа қабынуға қарсы стероидті емес дәрілер, сондай-ақ бета-блокаторлар (гипертония, жүрек ауруы мен бас ауруын емдеу үшін қолданылатын) дәрі-дәрмектер қоздырады. Демікпені емдеуге болмайтынына қарамастан, тиісті қарау арқылы ауруды бақылауда ұстауға және демікпемен ауыратын адамдарға жақсы өмір сапасын қамтамасыз етуге болады. Сонымен қатар демікпенің жеңіл түрімен ауыратын кейбір балаларда есейе келе ауру белгілері жойылып кетеді.

Сұрақ: Демікпені емдеуге бола ма?

Жауап: Демікпе емделмейді, бірақ пациенттерді тиісті диагностикалау, емдеу мен ағарту арқылы демікпемен күресу және пациенттерді қарау саласында жақсы нәтижелерге жетуге болады.

Сұрақ: Бронх демікпесі қалай пайда болады?

Жауап: Демікпе тұншығу мен ысқырып демалу қайталанатын, адамдарда аурудың ауырлығы мен жиілігі өзгеріп отыратын созылмалы ауру болып талбылады.

Сұрақ: Демікпенің ұстамасы қаншалықты жиі болуы мүмкін?

Жауап: Демікпеден зардап шегетін адамдарда аурудың белгілері күніне немесе аптасына бірнеше рет ұстауы мүмкін. Кейбір адамдарда дене белсенділігі кезінде немесе түнде ұстауы мүмкін. Егер қоздыратын заттарды тауып, олардың әсерінің алдын алмаса, тыныс алу жолдары тарылып, ол өмірге қауіп төндіру және демікпенің ұстауына, тыныс алудың жеткіліксіздігіне, тіпті өлімге алып келуі мүмкін.

Сұрақ: Балалар демікпемен ауыра ма?

Жауап: Демікпе балалар арасында кең таралған созылмалы ауру болып табылады. Бірақ оны дербес белгілеріне сәйкес түрлі профилактикалық және емдік бағдарламалардың көмегімен бақылауға болады.

 

б) Емханада бронх демікпесімен ауыратын науқастарға арналған Денсаулық мектептерін ұйымдастыру мәселелері бойынша МСАК мамандарына арналған қысқаша ұсыныстар.

Науқастардың өзінің ауруы туралы білмеуі, өзін-өзі бақылау дағдыларының болмауы, дәрілерді дұрыс қолдана алмауы ауруларды жеңуге қауіпті кедергі болып табылады, ол аурудың асқынуының, ауруханаға жатудың, жедел жәрдем шақырудың жиілеуіне және өмір сапасының төмендеуі мен емнің қымбаттауына алып келеді.

БД-ны емдеудің тиімділігін арттыру үшін Бронх демікпесінің алдын алу жөніндегі денсаулық мектебінде оқу ұсынылады. Денсаулық мектебінің басты бағыты медицина қызметкерлерінің бақылауымен өз жағдайларын өздігінен бақылау қабілетіне пациенттерді оқыту болып табылады. Пациенттерді оқыту үнемі тексеру мен білімді жаңарту жағдайында олар мен медицина қызметкерлерінің арасындағы серіктестікті бекітуді білдіреді.

Бронх демікпесімен ауыратын пациенттерге арналған денсаулық мектептерінің міндеттері: пациентке оның ауру жөнінде мәлімет беру, бронх демікпесін емдеу мүмкіндігі туралы айту. Пациентке өз жағдайының ауырлығын және демікпеге қарсы емнің барабарлығын бағалауға мүмкіндік беру. Пациентке демікпенің ұстамасын өздігінен анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік беру. Пациентке демікпе ұстамасы ұстағанда өзіне-өзі көмектесуге үйрету.

Спейсер мен пикфлоуметр, ингалятор, небулайзер секілді дербес қолдану құралдарының тағайындалуын түсіндіру. Сабақтың практикалық бөлімінде пациенттерге дұрыс ингаляция жасау, пикфлоуметр, спейсерді қолдану техникасын үйрету.

 

Медиа-мероприятия для всех категорий целевых групп

·        Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының ДБ, қалалық, облыстық, республикалық маңызды медициналық ұйымдардың ғаламтор ресурстарына Дүниежүзілік темекімен күрес күнінің шеңберіндегі шараларды өткізу туралы баспасөз хабарламасын орналастыру

·        Телеарналарда, радиостанцияларда бронх демікпесіне шалдықтыратын мінез-құлықтық қауіпті факторлардың әсері, темекіден, ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тарту, үйлесімді тамақтану қағидаларын сақтау, дене белсенділігін насихаттау, дене салмағын бақылау, аллергиялық аурулардың уақытында алдын алу мен емдеу, емделуге ұстамдылық, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру туралы сұхбат беруді ұйымдастыру.

·        Республикалық және/немесе өңірлік мерзімді басылымдарда бронх демікпесінің басты белгілері, оның пайда болу ерекшеліктері, асқынуы, емделуге ұстамдылық, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру, өз денсаулығына ортақ жауапкершілік, мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу, темекіден, ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тарту, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін сақтау туралы мақалалар жариялау.

·        Бронх демікпесінің, мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу, темекіден, ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тарту, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі қағидаларын сақтау, шылымқорлықтың зияны туралы ақпарат орналастыруды қамтамасыз ету, инфографикалық материалдар топтамасын тарату.

·        LED – мониторларға, қоғамдық көліктерге, метроға, халық жаппай жиналатын жерлерге, әуежайларға, көлік/теміржол бекеттеріне кинотеатр желілеріне, ірі сауда орталықтарына мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу туралы аудио-бейнероликтер орналастыру.

·        Ақпараттық агенттіктер мен порталдар, телеарналар, ДБ сайттары, әлеуметтік желілердегі парақшалар, топтар мен қауымдастықтарға репостар жіберу арқылы бронх демікпесі мен аурудың асқынуының алдын алу мәселелері жөнінде ақпараттар таратуды қамтамасыз ету.

·        Бронх демікпесінің алдын алудың басты аспектілері, созылмалы жұқпайтын ауруларға шалдықтыратын қауіп-қатерлер туралы сыртқы жарнама (баннерлер, жүгірмелі жолдар, плакаттар) орналастыруды қамтамасыз ету.

·        Шылымқорлықтың әлеуметтік өрескел бейнесін қалыптастыруға шақыра отырып халық жаппай жиналатын орындарда (сауда орталықтары, ойын-сауық орталықтары, көлік бекеттері, теміржол бекеттері, әуежайларда) бронх демікпесінің алдын алу мен емдеу, лайықты емдеу, ауруды өзіндік бақылау мен басқару дағдылары, халықтың ортақ жауапкершілігі, мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу (темекіден, ішімдікті шамадан тыс тұттынудан бас тарту, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі қағидаларын сақтау) туралы халықты радиоторап бойынша ақпараттандыру.

·        Бронх демікпесінің алдын алудың өзекті мәселелері жөнінде жетекші бейінді мамандар мен барлық мүдделі тараптардың қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізуді қамтамасыз ету.

·        Facebook, VКонтакте және т.б. әлеуметтік желілерде сурет/бейнелермен бронх демікпесінің, мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу мәселелері жөнінде ақпараттық материалдарды орналастыруды қамтамасыз ету.

·        Кітапша, үнпарақ, бүктеме және т.б. түрінде бронх демікпесінің, мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу (темекіден, ішімдікті шамадан тыс тұттынудан бас тарту, дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау, дене салмағын бақылау) мәселелері жөнінде инфографикалар мен ақпараттық білім беру материалдарын тарату.

·        Facebook, VКонтакте және т.б. әлеуметтік желілерде салауатты өмір салтын насихаттау және халықты, оның ішінде жасөспірімдер мен жастарды бронх демікпесінің, мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу жөнінде ақпараттандыру мақсатында топ құру.


Аурухана серіктестері