Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

14 қараша жыл сайын Дүниежүзілік қантты диабетпен күрес күні аталып өтеді

  14.11.2019
Диабет жөніндегі халықаралық комиссияның деректері бойынша әрбір 15 жыл сайын науқастардың саны екі есеге артып отырады. Соңғы екі жылда Қазақстанда ауруға шалдыққандардың саны 60 мың адамға артты.

Халықтың қантты диабет туралы хабардар болуын арттыру және оның алдын алу мақсатында Қазақстанның барлық өңірлерінде осы күнге арналған іс-шаралар өткізілуде.

ДДҰ сарапшыларының анықтауынша, «Қантты диабет – барлық жастағы және халықтың проблемасы»:
✔ кең таралауы
✔ аурудың жылдам өсуі
✔ еңбекке қабілетті жастағы науқастардың ерте мүгедектікке шалдығуы
✔ асқынуы салдарынан өлім-жетімнің көптігі

ДИАБЕТ – бұл ұйқы безі жеткілікті инсулин (бұл қандағы қант мөлшерін реттейтін гормон) шығармаған кезде немесе организм өзі шығарған инсулинді тиімді пайдалана алмаған кезде дамитын созылмалы ауру.
Диабет соқырлық, бүйрек жеткіліксіздігі, инфаркт, инсульт және аяқ-қолдың ампутациясының негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Қантты диабеті бар адамдар арасындағы жалпы өлім қаупі - қантты диабетпен ауырмайтын адамдарға қарағанда, 2 есе жоғары.

Без имени-1.jpg


Аурухана серіктестері