Катарактіні амбулаториялық емдеудің жаңа түрі

Қазіргі кезде Астана және басқа өңірлердің тұрғындары үшін ҚР ПІБ МОА күндізгі стационары негізінде катарактінің хирургиясы қол жетімді болды.

Емдеу амбулаториялық жағдайда катарактінің факоэмульсификациясына аз инвазиялық операцияларды пайдаланумен жүргізіледі.

Науқасты операцияға дайындау және жіберу схемасы қарапайым және қолжетімді, сонымен қатар, науқас госпитализациялау бюросының порталына қойылмайды.

1. Сіз біздің клиниканың ІІІ хирургиялық бөлімшесіне катарактіге операция жасауға қатысты офтальмологке тегін консультацияға келіңіз (А3 блогы, 6-қабат).

2. Офтальмолог Сізді қарайды, көзге УДЗ жүргізеді, Сізге консультациялық парақ және операцияға дайындау үшін талдаулар тізімін береді.

3. Одан кейін емхана офтальмологі Сізді талдауға жібереді.

4. Сіз бөлімшеге қайтадан талдау нәтижелерімен барасыз, қарсы көрсетілімдер болмаған кезде Сізді амбулаториялық операцияға жазады.

5. Операция күні Сіз таңертең аш қарынға бөлімшеге учаскелік офтальмологтің амбулаториялық операцияға берген жолдамасымен келесіз.

6. Операциядан кейін пациент екі сағат ояну бөлмесінде жатады.

7. Одан кейін пациент қайта қаралады және офтальмохирургтің ұсыныстарымен үйіне жіберіледі және келесі күні бақылау тексеріп қарауға келеді.

8. Одан әрі бақылау тұратын жеріндегі емханада жүзеге асырылады.