Этика және деонтология жөніндегі комиссия туралы қағида

Жалпы ережелер

1. Этика және деонтология жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Аурухана) жанындағы тәуелсіз сараптама органы ретінде құрылады.

2. Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, «Жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін қарастыру тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР заңдарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттарын, денсаулық саласында басқа заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.

3. Комиссия Аурухана пациенттерінің және қызметкерлерінің құқығын, қауіпсіздігін және әл-ахуалын қорғауды жүзеге асыратын тәуелсіз сараптама органы болып табылады.

4. Комиссия адамгершілік-этикалық және құқықтық баға береді.


Мақсаттар және міндеттер

5. Комиссия қызметінің мақсаты Аурухана қызметкерлерімен этиканы және деонтологияны сақтау болып табылады.

6. Комиссия міндеттері болып табылады:

1) медициналық этика және деонтология мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін қарау;

2) бұзушылықты жіберген тұлғаларға тәртіптік жауапкершілікті қарастыру туралы бас дәрігерге Комиссия шешімін ұсыну;

3) Комиссияның негізгі функциялары болып табылады:

  • әдістемелік көмек көрсету, Аурухана құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын этика және деонтология мәселелері бойынша кеңес беру және оқыту;
  • құрылымдық бөлімшелер деңгейінде реттелмейтін даулы мәселелерді қарастыру;
  • жиналыстарды, оқыту семинарларын өткізу.


Құрамы

7. Комиссия құрамы жылсайын қайта қарастырылады және бас дәрігердің бұйрығымен бекітіледі.

8. Комиссия Төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшылықтан және мүшелерінен тұрады (кем дегенде 5 адам).

9. Комиссия медициналық этика мен деонтологияны сақтау мәселелерін сараптау немесе консультация өткізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар.


Жұмыс тәртібі

10. Комиссия отырысы кем дегенде тоқсанда бір рет өткізіледі және егер онда кем дегенде оның мүшелерінің жартысы қатысса, заңды болып саналады.

11. Комиссия шешімі кворум болған кезде ашық дауыс беру арқылы Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Комиссия отырысының хаттамалары, ұсыныстар төрағамен және жауапты хатшымен қол қойылады.


Құқықтар мен міндеттер

12. Комиссия құқылы:

1) Аурухана қызметкерлерімен этика және деонтология нормаларын бұзу бойынша нақты заңды және жеке тұлғалардың үндеулеріне қатысты құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілерінен ақпарат алуға;

2) әр түрлі салада мамандар болып табылатын басқа да тәуелсіз сарапшыларға және консультанттарға көмекке қаралуға;

3) түсініктеме, ұсыныстар, нұсқаулар беруге және оның құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша шешімдер қабылдауға;

4) этика сұрақтары бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге, олардың қызметіне мониторинг жүргізуге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

13. Комиссия қамтамасыз етуге міндетті:

1) этика және деонтология мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін қарастыру сапасы, объективтілігі;

2) құпиялылықты сақтау;

3) Комиссия қызметін құжаттандыру, отырысты өткізу тәртібін анықтау, отырыс хаттамаларын жүргізу, болатын отырыстар, сондай-ақ, отырысты ұйымдастыру туралы оның мүшелеріне хабарлау;

4) осы Ережемен қарастырылған функцияларды сапалы және уақтылы орындау;

5) жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау бойынша Комиссия қызметін ұйымдастыру.


Туындаған сұрақтар бойынша ұйымдастыру-әдістемелік бөлімге қаралыңыз (F блогы, 3-қабат, №7 каб.)

Этика және деонтология жөніндегі комиссия хатшысы Мейрбаева Д.А.,

тел. 707973

e-mail: meirbayeva@bmc.mcudp.kz