Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

АТАҚТЫ ЭПИЛЕПТОЛОГ ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАДА ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАЙДЫ

  20.01.2020

123.jpg


Доктор Балтогианис – Президенттік клиниканың Эпилептология орталығының консультанттарының бірі. Ол екі жыл бойы Аурухананың эпилепсияға шалдыққан пациенттерді емдеумен айналысатын мультидисциплиналық командасының жұмысын құруға және реттеуге көмектесіп келеді. Доктор Христос Балтогианис – өз өңіріндегі неврология және эпилептология саласындағы ең беделді және тәжірибелі дәрігері, Грециядағы Эпилептология орталығын құрудағы жоғары сұраныстағы басшы. Доктор Балтогианис IKE BRAINSENSE неврологиялық компаниясын басқарады және Патр (Греция) университетінің нейрофизиологиялық бөлімшенің (эпилепсия және клиникалық зерттеулер) ғылыми жетекшісі, «Hygeias Melathron Hospital -TYPET» Афина (Греция) неврологиялық бөлімшесінің меңгерушісі.

Президенттік клиника тілек білдірушілерді дәрігер Балтогианистің қабылдауына шақырады. Тезірек жазылуларыңызды сұраймыз, орындар саны шектеулі (күніне 2 адам). 

Доктордың консультациясы 2020 жылғы 4-14 ақпан аралығында өтеді.
Бағасы: 23 000 теңге
Жазылуға арналған телефон: 8 (7172)708090


Аурухана серіктестері