Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиникадағы ПЭТ / КТ тексерулері 3 желтоқсаннан бастап өз жұмысын жалғастырады!

  03.12.2019
Құрметті Президенттік клиниканың келушілері мен пациенттері,

ПЭТ / КТ диагностикасын 3 желтоқсаннан бастап Президенттік клиниканың Ядролық медицина орталығында өтуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Республикалық диагностикалық орталықта циклотрондық кешеннің жөндеу жұмыстарына байланысты тексерулер уақытша тоқтатылған болатын, себебі Ауруханамызда ПЭТ/КТ тексерулерін жүргізуге арналған жалғыз радийфармпрепарат РДО-да өндіріледі.

Радиофармпрепараттарды үздіксіз өндіру және жеткізу мәселесін шешу үшін, Аурухана бүгінгі таңда өзінің ең ауқымды инновациялық жобаларының бірі - жеке Циклотрондық кешеннің құрылысын іске асыруда. Онда онкологиялық ауруларды, жүрек және ми ауруларын диагностикалау үшін 9 радийфармпрепарат өндірілетін болады.

Президенттік клиниканың барлық пациенттері мен келушілеріне түсіністік пен шыдамдылық танытқаны үшін алғыс айтамыз.

Аурухана серіктестері