Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

2019 жылғы 25-29 қарашада ҚР ПІБ МОА мамандарына арналған жетекші шетелдік маман «3Д және 4К визуализациясы жағдайындағы лапароскопиялық урология» тақырыбында шеберлік-класс өтеді

  21.11.2019

2019 жылғы 25-29 қарашада ҚР ПІБ МОА мамандарына арналған жетекші шетелдік маман – лапароскопиялық хирургияны оқыту жөніндегі халықаралық тренинг-орталығының басшысы, Тбилиси қ. "MediClubGeorgia" клиникасының профессоры Давид Николейшвилидің (Грузия) қатысуымен «3Д және 4К визуализациясы жағдайындағы лапароскопиялық урология» тақырыбында шеберлік-класс өтеді.

Давид Николейшвили.jpg

Ғылыми дәрежесі: медицина ғылымдарының кандидаты, медицина докторы (MD.,  PhD.)

Иемделген гранттары мен дәрежелері:

2005 ж., 2008 ж. – Америка-австриялық қор гранты (AAF), бір айлық тағылымдама. Линц, Австрия (1 ай);

2006 ж. – уролог мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді. «Простата обыры және қатерсіз гиперплазия кезінде жасушалардың бөліну циклін реттейтін протеиндердің мәні»;

2007 ж. - 2009 ж. – лапароскопиялық хирургияны зерттеуге арналған урологтардың сколаршип еуропалық бағдарламасының гранты (EUSP). Лейпциг Университетінің униклиникасының урологиялық бөлімі, халықаралық урологиялық лапароскопиялық тренинг-орталығы. Лейпциг, Германия (4 ай-6 ай);

Доктордың маманданған саласы:

-         онкологиялық урология;

-         лапароскопия;

-         эндоскопиялық урологиялық хирургия;

-         несеп-тас ауруларын аз инвазиялық жолмен емдеу;

-         жаңа технологиялар.

Бағдарлама:

«Простата обырын алғаш диагностикалау».

«Бүйрек обырын хирургиялық жолмен емдеу»

«Несепқуықтың беткейлік обырының трансуретралық резекциясы»

«Простата обырын хирургиялық жолмен емдеу» -

тақырыптарына арналған дәрістер.

Практикалық дағдылар:

Операция бөлмесінде жұмыс істеу.  «3Д және 4К визуализациясы жағдайында лапароскопиялық радикалды нефрэктомия» урологиялық пациентке хирургиялық әдісті бірге қолдану.

Операциядан кейінгі және дейінгі пациенттерді бірге қарап-тексеру

Проблемалық мәселелерді талқылау және талдау. Шеберлік-класс тыңдаушыларына сертификаттарды табыстау.


Аурухана серіктестері