ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНДАҒЫ ПЭТ/КТ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Аурухананың Ядролық медицина орталығында тексеру уақытша тоқтап тұрғандығы туралы Президенттік клиника келушілерінің назарына.

7-yaderka.jpg

ПЭТ/КТ тексерулер 18-фтордезоксиглюкоза радийфармпрепаратын венаға енгізу арқылы жүргізіледі. Бұл препарат фтор-8 ультра-қысқа өмір сүретін радиоактивті изотоп негізінде өндіріледі. Осыған байланысты, ол тек қана арнайы мамандандырылған және арналған қондырғыларда, яғни медициналық циклотрондарда ғана шығарылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 18-фтордезоксиглюзаны тек екі жерде – Алматы қаласындағы Ядролық физика институтында және Нұр-сұлтан қаласындағы Республикалық диагностикалық орталықта (бұдан әрі – РДО) өндіреді. Препарат радиоактивті және қысқа өмір сүретін болғандықтан (жартылай ыдырау кезеңі 109 минутты құрайды), оны күн сайын өндіріп отыру қажет. Басқаша айтқанда, алдын ала қор жинау және алыс жақтардан алып келу мүмкін емес.

Осылайша, ҚР ПІБ МО ауруханасында ПЭТ/КТ тексерулер жүргізу осы препараттың РДО-дан жеткізілуіне, атап айтқанда, ондағы циклотронның үздіксіз жұмыс істеуіне және зертхананың басқа да аса маңызды жабдықтарына (синтездің модульдері, сапаны бақылауға арналған аналитикалық құралдар және т.б.) байланысты. ҚР ПІБ МО ауруханасы РДО циклотрондық кешенінің жұмысын бақылай алмайды және оның үздіксіз жұмыс істеуіне әсер ете алмайды.

Дегенмен, радийфармпрепараттарды өндіру проблемасы біздің еліміздегі ядролық медицинаның бүкіл саласы үшін маңызды болып табылады.  Осыған байланысты, Ауруханамыз өткен жылы жаңа циклотрондық-өндірістік кешен құрылысының ауқымды жобасын іске қосты. Бұл жоба екі мәселені шешуге көмектеспек. Біріншіден, біз бұдан былай РДО-да радийфармпрепараттарды жеткізілуге тәуелді болмаймыз. Екіншіден, жаңа циклотрондық кешен әр түрлі онкологиялық аурулар мен жүрек, ми және басқа органдардың ауруларын диагностикалау үшін радийфармпрепараттардың сегіз түрін шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта, елімізде радийизотоптық диагностикаға арналған препараттың тек бір түрін ғана өндіреді.  Президенттік клиниканың аумағында құрылыс жұмыстары басталып та кетті. Жоба 2022 жылға қарай іске қосылады деп күтілуде.