Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАДА ТЕГІН ПЭТ/КТ ЗЕРТТЕУІН ҚАЛАЙ ӨТУГЕ БОЛАДЫ

  08.02.2019

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде енді ҚР ПІБ МОА-да өтуге болатын диагностиканың ең дәл әдісі туралы егжей-тегжейлі айтып береміз.

 

ПЭТ/КТ - бұл компьютерлік томографиямен біріктірілген позитронды-эмиссиялық томография. Басқаша айтқанда, глюкоза негізінде радиофармпрепараттардың көмегімен онкологиялық аурулар мен бас миының ауруларына дәл диагностика жасауға мүмкіндік беретін аппарат. Дәл осыны обыр жасушалары белсенді сіңіреді, ал ПЭТ/КТ сканері оны оқып білетіні докторларға ісіктің орналасуы мен метастаздарын дәл диагностикалауға ғана емес, сонымен қатар, мысалы, ауру жасушалардың өсу жылдамдығын өлшеуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі ауруды одан әрі емдеу әдісін тиімді таңдауға мүмкіндік береді.

 

Президенттік клиникада радиоизотоптық зерттеулер Диагностика орталығының Ядролық медицина блогында жүргізіледі, ол 18-фтордезоксиглюкоз (18F-FDG) радиофармпрепаратын пайдалана отырып, 40-кесінді компьютерлік томографпен (ПЭТ/КТ) біріктірілген позитронды-эмиссиялық томографпен жабдықталған.

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ҚР ПІБ МОА-да ПЭТ/КТ зерттеуінен өту үшін алдын ала телефон арқылы жазылып, өзіңізбен бірге келесі құжаттарыңыздың болуы қажет:

1. Біздің аурухананың атауын көрсете отырып, жолдаған медициналық мекеменің екі мөрімен және дәрігер-онкологтың мөрімен расталған 001-4/У нысанды ПЭТ/КТ зерттеуге жолдауы. Мысалы: "ҚР ПІБ МО ауруханасы" РМК Диагностика орталығының Ядролық медицина блогына онкологиялық аурудың таралуын нақтылау мақсатында ПЭТ/КТ зерттеуге жолданады.

2. Төмендегідей белгілеумен жолдаған медициналық мекеменің екі мөрімен және жолдаған дәрігер-онкологтың мөрімен расталған 027-1/У нысанының толық үзіндісі:

  • шағымдар;

  • ауру анамнезі;

  • зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің деректері;

  • жүргізілген емдеудің түрлері мен даталары;

  • қанның биохимиялық талдауының нәтижелері: глюкоза және креатинин (зерттеуге дейін 10 күннен аспаған);

3. Аллергияның, йодқа аллергияның және қант диабетінің болуы туралы ақпарат.

 

ПЭТ/КТ тексеруінен өту алдында пациентке не білу қажет:

1. Егер пациент құрамында белсенді метформин бар дәрілік препараттарды қабылдаса, онда оларды зерттеу жүргізілгенге дейін 1 күн бұрын тоқтату қажет;

2. Құрамында йод бар препараттарды енгізетін зерттеулерді жүргізуді ПЭТ/КТ диагностикасына дейін 3 күннен кешіктірмей тоқтату қажет;

3. Пациент зерттеу алдында диетаны сақтауы тиіс: ұн өнімдерін және құрамында қант, ұн бар барлық нәрселерді жеуге тыйым салынады.

4. ПЭТ/КТ зерттеуі тек аш қарынға жүргізіледі;

5. Блокқа келгенге дейін пациент кемінде 1,5 литр су ішуі тиіс (егер сұйықтықты ішу көлемі бойынша шектеулер болмаса);

6.  Химиотерапияның соңғы курсын аяқтағаннан кейін 1 ай өткен соң; сәулелік терапия немесе операциялық емдеу аяқталғаннан кейін 3 айдан соң ПЭТ/КТ-нан өту ұсынылады.

 

Зерттеуге жазылу және кеңес алу үшін төмендегі телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 70-80-40;

+7 (7172) 70-79-46;

+7 705 888 77 77

Сондай-ақ пошта адресіне жазыңыз mcudp2016@gmail.com, сіз өз байланыс телефондарыңызды қалдыра аласыз, біз сізге қайта қоңырау шаламыз.


Аурухана серіктестері