Аурухана негізінде Оқу-клиникалық орталық ашылды

Аурухана негізінде Оқу-клиникалық орталық (бұдан әрі – ОКО) ашылды. ОКО қызметіндегі бағыттардың бірі жедел көмек көрсету дағдыларына оқыту (BLS курс), сондай-ақ, жүрек-өкпе реанимациясының кеңейтілген курсы (ACLS курс) болып табылады. Аталған дағдылардың болуы жедел медициналық жәрдем көрсету бригадасы келгенге дейін жедел жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, уақтылы көмек көрсетудің және өмірді құтқарудың қажетті жағдайларының бірі болып табылады.

Аурухана ҚР және ТМД аумағында жұмыс істейтін белгілі үлгідегі сертификаттарды берумен 8 сағаттық «Жедел көмек көрсету тактикасы. Негізгі реанимациялық іс-шаралар. (BLS/AED)» бағдарламасы бойынша оқытуды ұсынады.

Оқуды Еуропалық реаниматологтарының кеңесімен сертификатталған тәжірибелі инструкторлар өткізеді.

Бүгінгі күні ОКО негізінде 1500 астам адам оқудан өтті, оның қатарында, медициналық қызметкерлерден басқа, күзет қызметінің мамандары, жүргізушілер, ҚТ және ТЖ мамандары және т.б. бар.

Қажет болған жағдайда, Ауруханада сізге ыңғайлы жерде көшпелі курстарды өткізу мүмкіндігі бар. Корпоративтік клиенттер үшін жеңілдіктер жүйесі бар.

Қосымша ақпарат жұмыс телефоны бойынша – 8-(7172) -70-74-98 (74 - 99), 70-79-52 (78-51), эл.мекенжайы yesimkhanova@bmc.mcudp.kz


2016.04.01 anons