Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ПАЦИЕНТ ТАРИХЫ: РОБОТҚА СЕНІМ АРТҚАН АДАМ

  25.02.2020

Зейнехан – тарихы Президенттік клиниканың роботтандырылған хирургия деректемесіне жазылған пациент. Қазіргі таңда, Зейнехан – Ауруханамыздың дәрігерлері робот-ассисттелген қондырғының көмегімен емдеп шыққан 195 адамның қатарында.

Зейнехан бізге операция, ұзаққа созылған ауруы, қорқынышы мен жоғары технологияларды қолдану арқылы жүргізілген емі туралы баяндады:

История пациента: человек, который доверился роботу1.jpg

«Менде он жылдай ангиомиолипома болды (ескерт. – бұл май және бұлшықет тінінен, тамырлар мен эпителий жасушаларынан тұратын қатерсіз ісік). Диагнозды бірден қойған жоқ, осы күнге дейін бірнеше рет ауысты. Мен он бес жыл бойы онкологтың есебінде тұрдым. Үш жыл бұрын дәрігер маған операцияның қажет екенін айта бастады. Өкінішке орай, біз операция десе қорқамыз ғой. Мен үш жылдан кейін ғана операция жасатуға бел будым, себебі бүйректегі өспе өсе бастады. Қатты қорықтым, ауырып, өзімді нашар сезіне бастадым. 

Президенттік клиниканың урологтары мені операцияға дайындады. Бір аптаның ішінде барлық анализдерді тапсырдым. Әрине, мен хирургтарге робот көмектесетін операцияға алдын ала келісім бердім. Операция роботтандырылған хирургия бойынша өткізілетін шеберлік-класс аясында өтті: операцияға Америка мен Италияның дәрігерлері қатысты, операцияны уролог Ерлан Жәлелұлы Еңсебаев орындады. 

Әрине, бастапқыда қобалжыдым. Ал қазір, Ерлан Жәлелұлына, сондай-ақ операцияға қатысқан және мені оған дайындаған барлық дәрігерлер мен мейірбикелерге алғысымды айтқым келеді.

Мен алғашқы екі күнде-ақ қозғала бастадым, ал бүгін өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Ауруханадан шығуға дайынмын».

Дәрігерлер роботтың көмегімен қандай операцияларды орындайды? Докторлар, сондай-ақ резидент студенттер мұндай араласуларды қалай және қайда орындап үйрене алады? Бұл туралы біздің келесі материалымыздан таныса аласыздар: http://bmcudp.kz/ru/news/0/6663 

Роботпен орындалатын операция қалай жүргізіледі? Неліктен бұл араласуларды медицинаның болашағы деп атайды? Роботтандырылған хирургия саласындағы әлемнің үздік мамандары Ауруханамыздың дәрігерлеріне нені үйретеді? Біз бұл туралы Президенттік клиниканың роботтандырылған хирургия бағдарламасының консультанты – доктор Стефано Джидаромен әңгімелестік. Бұл туралы мына жерден оқыңыздар: http://bmcudp.kz/ru/news/0/6756


Аурухана серіктестері