СІЗДЕ ПАРКИНСОН ЕМЕС: ҚАТЕ ҚОЙЫЛҒАН ДИАГНОЗДЫҢ САЛДАРЫ

Невролог және Президенттік клиниканың шықыртуымен келген маман - Матей Сковарнек Медициналық орталық Ауруханасында Паркинсон ауруын емдеу және операцияның пайдасы туралы.

Матей Сковарнек – жұмысындағы барлық назарын Паркинсон ауруымен ауыратын пациенттерді емдеуге шоғырландырған, сирек мамандардың бірі. Ол невролог ретінде Президенттік клиника дәрігерлеріне үйлесімді командалық жұмысты құруға көмектесуде. Бұл дегеніміз, бірінші кезекте, операция жасау ұсынылған немесе қатаң қарсы көрсетілімі бар пациенттерді дұрыс анықтау. Паркинсон ауруы кезінде емдеудің неліктен және қалай зиян тигізетіндігі туралы маманның өзі айтады.  

У ВАС НЕ ПАРКИНСОН: О ПОСЛЕДСТВИЯХ ОШИБОЧНОГО ДИАГНОЗА

АНЫҚТАМА: доктор М. Сковарнек Луи Пастер атындағы университет ауруханасының қозғалыс бұзылыстары бойынша неврология департаментін басқарады, сондай-ақ Словакиядағы Сафарик атындағы Университеттің медицина факультетінің неврология кафедрасының доценті болып табылады.

У ВАС НЕ ПАРКИНСОН: О ПОСЛЕДСТВИЯХ ОШИБОЧНОГО ДИАГНОЗА - 2.jpg

МАТЕЙ СКОВАРНЕК, НЕВРОЛОГ:

Паркинсон ауру – бұл жүйке жүйесінің бұзылуынан туындайтын ауру. Оның классикалық түрі бар. Алайда, Паркинсон ауруының симптомдары тән, бірақ Паркинсон ауруына жатпайтын ауру түрлері де кездеседі. Және дәл осы аурулар қарқынды дамып, емдеуге келе бермейді.

Паркинсон ауруының классикалық түрі кездескенде неге көңіл аударамыз? Бастапқы кезеңдерде пациенттің ағзасы дәрі-дәрмектермен емдеуді жақсы қабылдайды. Біз тіпті ол адамның ауру екенін байқамаймыз. Алайда, ауру асқынған сайын дәрі-дәрмектердің әсері әлсірейді. Мұндай пациенттерде бір күн барысында ауру белгілері тіпті қатты бола бастайды: бір кезде олардың қозғалыс қабілеті нашарлап, ал бір кезде қайта қалыпқа келеді. Әдетте, олар өз күнін жоспарлай алмайды, өйткені олардың жағдайы үнемі құбылып тұрады.  Біз мұндай жағдайларда хирургиялық емдеуді ұсынамыз.

У ВАС НЕ ПАРКИНСОН О ПОСЛЕДСТВИЯХ ОШИБОЧНОГО ДИАГНОЗА - 3.jpg

Біз операция арқылы мидың тұрақты стимуляциясын қамтамасыз ете аламыз, соның арқасында науқастың тірек-қимыл аппараты қайтадан тұрақталады. Бұл – операцияның басты нәтижесі.

Сондай-ақ, операцияны уақытында жасау өте маңызды. Егер уақытты созып алатын болса, онда пациенттердің фармакотерапияға қарсылығы дамып, ал бұл жағдайда хирургиялық араласу одан әрі ушықтыруы мүмкін. Біз операциялық емдеуді ерте де емес, кеште емес, дәл мерзімінде орындауды ұсынамыз.

У ВАС НЕ ПАРКИНСОН О ПОСЛЕДСТВИЯХ ОШИБОЧНОГО ДИАГНОЗА - 4.jpg

Қозғалыс бұзылыстары бұл тұрғыдан алғанда өте айрықша, себебі Паркинсон ауруына ұқсайтын белгілер өте көп.  Осыған байланысты, диагноз дұрыс қойылмаған пациенттер жетерлік.

Паркинсон ауруына қатысты әлемдік статистика былай дейді: егер диагнозды осы саладағы сарапшы қоймаса, онда диагноздың қате қою ықтималдығы 40%-ға жетуі мүмкін.  Әрбір екінші пациент Паркинсон ауруымен ауырмауы да мүмкін. Ал, егер сіз сарапшыға жүгінетін болсаңыз, қате болу ықтималдығы 10%-ға дейін төмендейді. Сондықтан да, мұндай пациенттерді қарап-тексеру және оларға диагноз қою үшін дәрігердің белгілі біліктілігі болу қажет.

У ВАС НЕ ПАРКИНСОН О ПОСЛЕДСТВИЯХ ОШИБОЧНОГО ДИАГНОЗА - 5.jpg

Операцияның мақсаты зиян келтірмей, емдеу, сондықтан да біз пациенттерді іріктеу кезінде өте қатаң қағидаттарды ұстанамыз. 

У ВАС НЕ ПАРКИНСОН О ПОСЛЕДСТВИЯХ ОШИБОЧНОГО ДИАГНОЗА - 6.jpg

Президенттік клиникада біз пациенттерді нейрохирургтар және неврологтар командасымен бірге қабылдаймыз, осылайша өзара тәжірибе алмасып, білімімізбен бөлісеміз.