Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКА ЖӘНЕ БЕС ЖҰЛДЫЗ: ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (ЕҚҚДБ) САРАПШЫСЫНЫҢ АУРУХАНА ТУРАЛЫ ПІКІРІ

  01.12.2019
Еуропа қайта құру және даму банкінің сарапшысы өз бағдарламаларын, презентацияларын таныстыру мақсатында сапармен әлемді жиі аралауға мәжбүр. ЕҚҚДБ Денсаулық сақтау және қауіпсіздік бөлімінің сарапшысы және кеңесшісі - Пол Баггули өз пікірмен бөлісті: оған Президенттік клиника бес жұлдызды қонақ үйді еске салады екен.

Пол Баггули Президенттік клиникада алғаш рет келіп отыр. Бұл сапар тек Ауруха, оның қызметкерлері, техникалық мүмкіндіктерімен танысу ғана емес, сондай-ақ, ЕҚҚДБ сарапшысы Аурухананың Қазақстандағы пациенттерді тасымалдау және пациенттерді Қазақстанның әр аймақтарынан әуе кемесімен және жедел жәрдем машинасымен тасымалдау бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мүмкіндігін бағалады.

Ауруханада оған қажетті потенциал бар, деп атап өтті сарапшы, бұл жерде мәселе тек технологиялар туралы ғана емес, сондай-ақ, фактілерге, тексерулерге және дәлдікке пікір білдіретін ЕҚҚДБ сарапшысы Пол Баггули келіссөздер кезінде Президенттік клиниканың ұлттық және халықаралық аккредитациялары мен стандарттарына, оның ішінде әлемдік денсаулық сақтау саласындағы «алтынға», яғни JCI сертификатына сәйкестігіне назар аударды.

Аурухана серіктестері