СЕВЕРАНС ГОСПИТАЛІНІҢ ДОКТОРЫ ШЕБЕРЛІК-КЛАСС ТУРАЛЫ

Азияның ең беделді медициналық мекемелерінің бірі, Енсе университетінің Северанс госпиталінің дәрігер-физиотерапевті, профессор Ким Джун Хви Президенттік клиниканың қалпына келтіру емі және оңалту бөлімшесі жасаған өзінің екінші сапары туралы әңгімелейді.

Бірінші рет Оңтүстік Кореяның оңалту клиникасының дәрігері Ким Джун Хи және оның әріптесі Ким Хен Ву осы күзде инсульттан кейін пациенттерді оңалту бойынша шеберлік-класс шеңберінде Президенттік клиникаға келді.

Бұл жолы Қалпына келтіру емі және оңалту бөлімшесі дәрігерлерінің қатысуымен өткен тренинг «Травматологиялық операциялар мен жарақаттардан кейінгі медициналық оңалту» тақырыбына арналды.  Доктор Ким Джун Хи Оқу арасындағы үзілісте өз әңгімесімен бөлісті: 

ДОКТОР ГОСПИТАЛЯ СЕВЕРАНС О МАСТЕР-КЛАССЕ В ПРЕЗИДЕНТСКОЙ КЛИНИКЕ.jpg

«Біз бұл жолы бұлшықет және сүйек тіні зақымданған, буындармен проблемалары бар пациенттерге ден қоюды жөн көрдік.Біздің ең басты мақсатымыз – тізеге, жамбас, иық буындарына ота жасалған немесе жарақат алған пациенттерді оңалту бойынша Президенттік клиниканың дәрігерлеріне хаттамалар ұсыну.

ДОКТОР ГОСПИТАЛЯ СЕВЕРАНС О МАСТЕР-КЛАССЕ В ПРЕЗИДЕНТСКОЙ КЛИНИКЕ 2.jpg

Қазақстанда жарақат алған, буынын алмастырған немесе жарақаттан кейін басқа да аз инвазиялық араласулар жүргізген пациенттер көп. Бірақ, операция проблеманы шешудің бір жағы ғана. Бұдан әрі емделушің тез арада сауығуы үшін сапалы оңалтуды іске асыру керек. Сондықтан да, біз өз тәжірибемізді біздің әріптестеріміз – физиотерапевттермен, реабилитологтармен, Президенттік клиниканың Қалпына келтіру емі және оңалту бөлімшесінің нұсқаушыларымен бөлісу үшін осында отырмыз. 

Адам ағзасында жүйке және сүйек-бұлшықет жүйесін біріктіретін «кинетикалық тізбек» бар. Бұл қағида жарақаттар мен травматологиялық операциялардан кейін пациенттерді оңалту техникасына негіз болды».

ДОКТОР ГОСПИТАЛЯ СЕВЕРАНС О МАСТЕР-КЛАССЕ В ПРЕЗИДЕНТСКОЙ КЛИНИКЕ 3.jpg

Анықтама: 2019 жылдың көктемінде Президенттік клиника Енсе университетінің «Северанс» клиникасының ресми серіктесі болды. Оңтүстік Кореяның дәрігерлерінің бір ай бойы біздің Ауруханаға жасаған екі сапары - медициналық мекемелер арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу туралы келісімнің нәтижесі.