Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

HD ФОРМАТЫНДАҒЫ УРОЛОГИЯ: ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАДАҒЫ ШЕБЕРЛІК-КЛАСС, МҮМКІНДІГІ ЖОҒАРЫ ОПЕРАЦИЯЛАР МЕН ЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

  29.11.2019

Президенттік клиникада лапароскопиялық хирургия саласындағы жетекші мамандардың бірі, доктор Давид Николейшвилидің қатысуымен «3Д және 4К визуализациясы жағдайындағы лапароскопиялық урология» атты шеберлік-класс өтуде.

11.png

Ғажайыптер еліне тап болған, жүрек ханшайымы Алисаға: «Бір жерде тұру үшін де, үнемі қозғалыста болу керек», - деген екен. Пациентті өлім аузынан аман алып қалатын операция бөлмесінде тұрған кезде, балалық шақтағы кітаптан оқыған осы бір сөздің мағынасын терең түсіне бастайды екенсің. Оқу және жаңа технологияларды енгізу, яғни үнемі алға талпыну арқылы ғана пациенттерді құтқаруға және емдеуге болады.

11.png


«Іс жүзінде, хирургия сағат сайын жетілдіріледі. Барлық операциялық әдістемелер мен техникалар жыл сайын барынша жетілген, жаңа деңгейге көтеріледі.  Біз де, трендтен қалыс қалмау үшін, аты әлемге әйгілі менторлардан үйренеміз және науқастарды емдеудегі қандай да бір техникалық және әдістемелік сұрақтарды пысықтаймыз.  Бұл жерде айтпағым, простата обыры және жалпы лапароскопиялық урология туралы болмақ», - дейді Президенттік клиниканың директорының бірінші орынбасары, дәрігер-уролог Тимур Муратов.

Радикалды простатэктомия – бұл простата обыры анықталған пациенттерге жүргізілетін операция.  Президенттік клиниканың операциялық бөлмесінде осы кең таралған манипуляцияны бақылаудың енді жаңа мүмкіндігі бар. Операция 3D және 4K визуализация арқылы жүргізіледі: пациенттің ішіне енгізілетін лапароскопиялық құралдардың ұшы барынша анық көру мүмкіндіктері бар камерамен жабдықталған. Үлкен экранда – нақты уақыт режимінде деректі кино тәрізді көрініп тұрады.

22.png


«Біз бүгін, эндобейнеожүйелер бойынша нарықта ең үздік болып табылатын жүйемен жұмыс істейміз, ал жақсы технология – бұл табысты операцияның кепілі», - деп атап өтті Грузиядан келген дәрігер-уролог, лапароскопиялық урология бойынша халықаралық білім беру орталығының жетекшісі Давид Николейшвили.

33.png


Доктор Давид Николейшвили Президенттік клиникада тәжірибесімен және шеберлігімен бөліседі. Дәрігердің лапароскопиялық операцияларды орындау тәжірибесі он жылды құрайды.  Хирургиялық араласудың осы миниинвазиялық нәзік тәсілі операцияларды ірі тіліксіз жасауға мүмкіндік береді. Ал бұл жағдайда, мүлдем тілмей жасайды. Доктор пациенттің ішіндегі барлық манипуляцияларды кішігірім тесіктер жасау арқылы орындайды, осылайша, науқас қанды аз жоғалтады, тез қалпына келеді, операцияның аймағы да қатты байқалмайды.

Бұл сипаттамалар роботталған хирургия – лапароскопиядан кейінгі жаңа, нәзік миниинвазиялық операциялар буынына да тән. Президенттік клиникадағы робот-асситтелген қондырғы да дәрігер-урологтарға урологиялық операцияларды орындауға көмектеседі. Алайда, бұл жағдайда технологиялар бір-бірін қайталамайды, керісінше докторларға өз техникасын  жетілдіруге және үнемі алға талпынуға мүмкіндік береді:

«Роботталған хирургия – бұл лапароскопиядан кейінгі келесі кезең. Лапароскопияның үйретілетін қисығы роботталған хирургияға қарағанда әлдеқайда ұзақ жүреді.  Сен алдымен дұрыс бағдарлануың керек, құралдарды игеруің қажет, көз бен қолды үйлестіре отырып жаттығуың керек. Ал, роботқа келетін болсақ, бұл жеңілірек болады. Бұл операцияны толық робот жасайды деген сөз емес, оны хирург жасайды, және бұл кезде де операция жүргізуді білу қажет. Бірақ, менің ойымша, ашық хирургиядан бірден роботталған жүйеге көшкен хирургтерге қарағанда, лапароскопиялық хирургияны білетіндер үшін роботталған хирургия оңай болады», - дейді доктор Давид Николешвили. 

44.png

«Бүгінгі күні біздің клиника жоғары деңгейде жабдықталған: PI-RADS бағдарламасы бойынша қуықасты безі обырын МРТ диагностикалау республика бойынша бізде ғана бар. Осының барлығы бізге Аурухананың Ерлер денсаулығы орталығында ауруды ерте анықтауға және ерте операциялық көмек көрсетуге көмектеседі. Лапароскопия және роботталған хирургия простата обыры кезінде аурудың тек бірінші және екінші сатыларында ғана операциялық жолмен емдеуді көздейді, асқынған жағдайларда пациенттерге операция жасалмайды. Сондықтан да, Ерлер денсаулығы орталығында мұндай технологияға ие бола отырып, біз ауруды ерте диагностикалау және көптеген науқастарды ертерек емдеу мүмкіндігіне ие боламыз», - деп атап өтті Президенттік клиниканың №4 хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Енсебаев.

Медицинадағы жаңалықтардың барлығы – ескілерінің жетілдірілген түрлері: Президенттік клиниканың докторлары жетілдірілген визуализацияның жаңа технологиясының көмегімен жамбас хирургиясы мен онкология бойынша күрделі урологиялық операциялардың санын көбейтуді жоспарлап отыр, мысалы, қуықасты безі обыры мен бүйрек обыры кезінде. Мұнда алға жылжу үшін, бір орында тұрып қалуға болмайды.


Аурухана серіктестері