Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ САНТЕХНИГІ, НЕМЕСЕ РЕНТГЕНХИРУРГ НЕМЕН АЙНАЛЫСАДЫ?

  27.11.2019
Президенттік клиниканың рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Сергей Мусаев рентгенхирургияның жұмысы, оларды сантехниктерге теңеуі, экваторды орауға жеткілікті адамның қантамырлар жүйесі туралы баяндайды.

рентгенхирургия-1.jpg

РЕНТГЕНХИРУРГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ

Рентгенохирургия – эндоваскулярлық интервенциялық араласумен айналысатын медицинадағы жаңа сала, яғни адам тамырлары мен ағзаларына жасалатын барлық операциялар тамырларды аздап тесу арқылы жасалады. Үлкен тілік жасамай, ашық араласусыз орындалады. 

МАМАНДЫҚ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША

Рентгенхирургтың жұмысын сантехниктің жұмысына теңеуге болады: егер үйде құбыр бітеліп қалса, сіз көмекке сантехникті шақырасыз. Міне, біз де солар сияқты, тек адам ағзасындағы құбырларды тазалайтын мамандармыз. Мұның бәрі сандық ангиографиялық қондырғы деп аталатын арнайы аппаратураның көмегімен, және рентгенхирургиялық араласуларды жүргізу үшін пайдаланатын арнайы құралдарды қолдану арқылы жасалады.

рентгенхирургия-2.jpg

ТАМЫРҒА ҚАЛАЙ ЕНЕМІЗ

Адам ағзасының тамырларына терең кіру үшін, кәріжілік және жамбас тамыры арқылы жол жасаймыз: арнайы өткізгіштерді, катетерлер мен құралдарды орнатамыз, сосын проблема туындаған тұсқа өтіп, оны жоямыз. Біз организмнің кез-келген тұсына – әртүрлі қанайнылым бассейндеріне, әртүрлі ағзаларға кіре аламыз. Бізге қантамыр бар жердің бәріне кіруге жол ашық.

БІЗДІҢ ҚОЛЖЕТКІЗУ АУҚЫМЫМЫЗ ҚАНДАЙ

Біздің организміміз – бір тұтас тамырдан тұрады. Егер денедегі капиллярлардан бастап барлық тамырларын қосса, онда олар экваторды 2,5 есе орауға жетеді екен. Тамырлар арқылы қан әрбір ағзаға,тін мен жасушаға жеткізіледі. Сондықтан да, әдетте, қандай да бір ағзаның қан айналымы бұзылса, онда сол жері ауыра бастайды.

рентгенхирургия-3.jpg

БІЗДІҢ ПАЦИЕНТТЕРІМІЗ КІМДЕР

Біздің пациенттеріміз кез келген бейін бойынша бізге жүгінуі мүмкін: нейрохирургия, кардиохирургия, тамырлық хирургия, гинекология. Жақын арада біз буындарда, созылмалы ауруларда травматология бойынша шеберлік класс күтіп отырмыз.  Біз эмболизация жүргіземіз, яғни буынның жүйкеұштарына қан айдайтын тамырларды жабамыз. Осылайша, пациенттің өмір сапасын жақсартуа тырысамыз.

БІЗДІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫМЫЗДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ

Айта кету керек, біздің барлық операцияларымыз – аз инвазиялық. Олардың бірегейлігі мен артықшылығы – пациенттеасқыну сирек болады және оңалту кезеңі оңайырақ өтеді. Пациентке наркоз берілмейді: барлығы жергілікті ауырсынуды басу арқылы жүргізіледі, яғни операция кезінде адам есін біліп  жатады. Келесі күні пациент таңғышты алып тастап, жүре бастайды.

ОПЕРАЦИЯ ҚАНША УАҚЫТҚА СОЗЫЛАДЫ

Егер, қантамырлар мен органдардың диагностикасы туралы айтатын болсақ, ол шамамен 5-10 минутқа созылады. Ал, егер бұл операция, мысалы, стенттеу болса, онда ол диагностика жасау уақытын қоса алғанда, ең көп дегенде 30 минутты алады.

БІР КҮНДІК ОПЕРАЦИЯ

Қазір біз жатырдың артерияларының эмболизациясын (жабылуын) ақылы негізде енгізгіп, амбулаториялық түрде жасағымыз келеді. Яғни, науқас Ауруханаға келеді, және біз сол күні оған қолдағы кәріжілік артериясы арқылы жатыр (миомасының) ісігінің эмболизациясын жасаймыз. Бұл процедура үшін ауруханаға жатудың, жатырды алып тастау және кейінгі оңалтудың қажеті жоқ. Біз тек қана жатыр артерияларын эмболизациялаймыз, яғни жатырдың миоматозды түйіндеріндегі қанағымын жабамыз. Осылайша, миоманың қорегі тоқтатылады, нәтижесінде ол біртіндеп кішірейеді.

рентгенхирургия-4.jpg

ПРАКТИКАМЫЗДАҒЫ ЕҢ КЕҢ ТАРАЛҒАН ОПЕРАЦИЯЛАР

Бөлімше дәрігерлері заманауи эндоваскулярлық диагностикалық және емдік операциялардың барлық қажетті спектрін жүзеге асырады: диагностикалық коронарография (жүрек тамырларын зерттеу), жүрек тамырларын стенттеу, перифериялық ангиография және аяқ-қолтамырларының созылмалы өтпеуі кезінде стенттеу, қантамырларының пайда болуы және қан кетуі кезінде тамырларды эмболизациялау (жабу), жатыр миомасын емдеуде жатыр артерияларын эмболизациялау, аортаның өмірлік қауіпті ауруларын (стент-протездер) емдеуге арналған стент-графттерді (стент-протездерді) имплантациялау, (аневризм, еңірі тамырдың қатпарлануы және жарылуы), әр түрлі текті механикалық обтурациялық сарғаю кезінде бауырдың  қыртысын дренаждау және тағы басқалар.

Рентген-операциялық бөлмеде барлық процедуралар мен зерттеулер наркозсыз (қолқа және аорталық клапандағы гибридті операциялардан басқа), хирургиялық кесусіз, анестезиологтың сүйемелдеуімен жамбас немесе кәріжілік артериясын тесу арқылы жүргізіледі. Пациенттер емшара жүргізілгеннен кейін уақытша бақылау палатасына немесе бейінді бөлімшеге ауыстырылады.

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАДАҒЫ РЕНТГЕНХИРУРГИЯНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Бүгінгі таңда біздің Ауруханада рентгенхирургиялық интервенцияларды орындауға арналған жаңа жабдықтар орнатылған: үш ангиограф, олардың ішінде жүрек, қан тамырлары, бас миға жасалатын процедуралардың толық спектрін орындауға мүмкіндік беретін бипланды ангиографиялық кешен бар.


Аурухана серіктестері