Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ПАЦИЕНТ ТАРИХЫ: ГАЛИНА ИЩЕЙКИНАНЫҢ ЕКІНШІ ӨМІРІ

  18.11.2019
Біз, бүгін сіздерге пациентіміздің тарихын ғана баяндамаймыз: төмендегі мәтін – операция жасау кезінде жасы 84-те болған біздің пациентіміз Галина Ищейкинаның қызы – Людмиланың хаты. Бұл Аурухананың №2 хирургиялық бөлімшесі (жалпы хирургия, гинекология) докторларының практикасындағы ең қауіпті және ерекше жағдай болды. Людмила өзінің қайғыға да, алғысқа да толы хатында сұрағымызға толық жауап береді. Сіздер үшін автордың хатының мәтінін толық сақтай отырып, жарияладық.

История пациента. Галина Ищейкина.jpg

Осындай Аурухана бар.

Адам алдында не күтіп тұрғанын, өмірінің қашан үзілетінін білмегендіктен де бақытты шығар. Мен, біздің отбасымыздыға өмір дәл осындай «тосын сый» сыйлайды деп ешқашан ойламаған едім. Наурыз айының соңында анамның жарықтары қысылып қалыпты (бұл туралы кейінірек білдік). Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауданымыздың ауруханасына жүгіндік. Хирург сыртқы тексеру жүргізді де, қорқатындай ешнәрсе жоқ екенін айтып, үйге қайтарып жіберді. Бірақ анамның шап жарығының аймағындағы ауырсыну тоқтаған жоқ, ағзасы тамақ қабылдамайтын болды. Ауруханаға тағы да таксимен келдік. Хирург анама тамызғы тағайындады. Бірақ одан жағдайы жақсара қойған жоқ. Тек нашарлай берді. Осылайша, жедел жәрдем шақырып, ауруханаға үшінші рет келуге тура келді. УДЗ және рентген жасап, нәтижесін көргеннен кейін бесінші күні ғана диагноз қойылды – жарғының қысылуы. Сонымен, шап жарығын алу бойынша операция жасау мәселесі туындады. 

Анамның жасы 84, жүрегі нашар. Дәрігерлер операциялық үстелде өліп кетуі мүмкін екендігін айтты.  Шешім қабылдау керек болды. Жарық қысылды – бітті. Анам жартылай естен танып жатты. Баяулатуға болмайды. Мен, ауыр жағдай орын алатын болса, медицина қызметкерлеріне қарсы кінәрат тақпаймын деп жазып бердім, осылайша анамды операцияға алып кетті. Сол уақыттағы ішкі дүниемде болып жатқан жағдайды айтып жеткізе алмаймын. Қорқыныш, қайғыру, үмітсіздік және мағынасыздық.

Операция бітті. Хирургтар жіңішке ішектің бірнеше сантиметрін алып тастады. Илеостоманы шығарды (ішектің бөлігін іштің сыртына шығару). Анам наркоздан кейін есін жиды. Жеке өтінішіміз бойынша анама бірнеше күн ағзаны қолдау үшін тамызғы құйылды. Кішкене жеңілдеп, демалдық, бірақ қуануға әлі ерте екен. Қорқыныштың барлығы алдыда күтіп тұрыпты.

Интернет арқылы ауру, оның салдары, емдеу туралы ақпарат іздедім. Илеостома «сәтсіз» шығыпты. Организмге не түссе, соны сыртқа шығарады екен.  Қоректік заттарды, суды сіңдірмейді. Ауруханада операция жасаған хирург, отадан үш айдан кейін илеостоманы жабу керектігі туралы, көп су ішу және тамақтану қажет екендігі туралы айтты. Бірақ бәрі ойдағыдай бола қоймады. Мен түсінемін, әрине, жас адам емес, және медициналық персонал жай ғана әуре болғысы келген жоқ.  Бірақ бұл менің анам. Сондықтан да, маған оның денсаулығының нашарлағаны емес, жақсарғаны керек болды. Ағзасы әлсірей бастады. Веналары, қантамырлары әлсірей бастады. Организм тамақты сіңірмеді. Ағзасы сусызданды. Операциядан кейін екі айдан кейін анам қасық, кесені қолына ұстап отыра алмайтын халге жетті.  Интернет арқылы мен әлсіреген ағзаға арналған арнайы тамақтардың бар екенін біліп, сатып алдым. Анамды ағзаны қолдауға арналған тағаммен тамақтандырдым. Бірақ денсаулығы жақсармады.

История пациента. Галина Ищейкина 2.jpg

Мамыр айында аурухананың әкімшілігінен көмек сұрадым. Дәлел ретінде, анамның видеосын көрсеттім. Операция жасаған хирург анамның жағдайын жеткізетіндігін, содан кейін облыстық ауруханамен байланысқаннан кейін, әрі қарай шешетіндігін айтты. Хирург альбумин тамызуды ұсынды. Осылайша арада  20 күн өтті, бірақ ешқандай өзгеріс болмады.

Тамызғыны тамызды. Беті бері қарамады. Ағзасы әлсірей берді. Қолдан келер шара жоқ. Содан кейін учаскелік дәрігер не дер екен деген үмітпен, аурухананың әкімшілігіне қайта көмек сұрап келдім. Реанимациядан анама система қою үшін мейірбикені жіберді, бірақ ситема кешке тамырдан шығып кетті.

Интернетті пайдаланып, науқастың терісінде қара дақтар пайда болса, қан тамырлары жарылатын болса, қандай тамызғылар қою керектігі туралы мәліметтер алдым. Қандай дәрі-дәрмек сатып алған, қандай мөлшерде алу керектігі туралы учаскелік терапевпен кеңесіп отырдым. Анамды облыстық ауруханаға жіберу туралы сөз болған жоқ: адам күннен күнге солып бара жатты. Адамдардың көздерінен немқұрайлылық пен мағынасыздықты байқадым. Құдды бір есігі жоқ қабырғаға тап болғандай сезімде болдым. Таныстарым тек көңіл білдіріп, шыдамдылық танытуды сұрады. Бар болғаны осы.

Анамның қолында қара дақтар пайда болды – тіндерді өле бастады. Вена жоқ. Тамырлары көрінбей кетті мүлдем. Организм суды қабылдамағандықтан, сусыздану, оттегі жетіспеушілігі болды. Анам сандырақтай бастады. Ұйқысы да нашар болды. Үйде ойылуға қарсы төсеніш болғанына қарамастан, арқасында үлкен ойықтар пайда болды. Денесіне әртүрлі жақпаларды жақтым, түрлі арнайы тамақтар бердім, бірақ еш нәтиже болған жоқ. Құр сүйегі қалды. Ол кісіге қарап, өзің де күнде сола бастайсың.

Мамырдың аяғы, маусымның басында Шымкенттегі, Нұр-Сұлтандағы клиникаларға звондай бастадым. Құр сөз, белгісіздік, бас тарту ғана болды. Анамның жағдайы ауыр, оның үстіне жасы да келген, кім жауапкершілік алғысы келеді дейсің?

№2 хирургиялық бөлімше меңгерушісі Габбасов Ерғали Мухтаровичтың арқасында, бізді Нұр-Сұлтандағы Президент Ісі басқармасы Медициналық орталығы ауруханасына шақырды. Бұл керемет жаңалық болды деуге болады.

Жол ауыр, күн ыстық. Жете алмаймыз ба деген қорқыныш та болды, бірақ тәуекелге бел бууға тура келді. Бұл маусым айының соңы еді. Аурухана басшылары, медперсонал бізді жақсы қарсы алды, көп көңіл бөлді, бірден талдаулар алып, жараны тазартып, реанимацияға орналастырды. Анам есін жиды. Үлкен күш, назар мен қамқорлық жасап анамды о дүниеден алып қалды. Қарқынды терапия, талдау, бақылау, күшейтілген тамақтану жүргізілді. Бөлімше, анестезия, реанимация және қарқынды терапия дәрігерлері анамның бетінің бері қарауына көмектесті. Жағдайы жақсара түсті. Анамды №2  хирургиялық бөлімшеге ауыстырды. Ыңғайлы палатаға жатқызып, емдеуді жалғастырды, үнемі талдаулар алып, қарап, бақылап тұрды. Анам салмақ жинап, ағзасы күш жинай бастады. Білікті емдеудің, бөлімшеде дәрігерлердің бақылауында күтімілденуінің арқасында анам қайтадан операцияға дейінгі, өзім білетін анама айналды. Бәрі тек: «әжей, әжей» - деп жүріп жүрді. Егде жастағы адамды емдеу қиын, үлкен шыдамдылық қажет.

История пациента. Галина Ищейкина 3.jpg

ФОТО: Габбасов Ерғали – № 2 хирургиялық бөлімше меңгерушісі (жалпы хирургия, гинекология)

Анамның Президенттік клиникада Ерғали Мухтаровичтың және өз ісін білетін, жүректері үлкен, ақжарқын жандардың бақылауында болғаны – біздің жолымыздың болғаны.

Анама илеостоманы жабу бойынша ішекке операция жасау керек болды. Басқа амал жоқ, әйтпесе адам өмір сүрмейді, немесе көкөніс сияқты өмір сүреді. Осы жағдайлардың арасында пневмония пайда болды, сепсис (қанға жұқтыру) болды. Бірақ емдеу, тамызғылар, талдаулар, бақылау, күтім – мұның бәрі ауруды жеңуге көмектесті.

История пациента. Галина Ищейкина 4.jpg

Қыркүйек. Ішекке ота жасау күні келді. Ол ұзақ болды. Оны №2 хирургиялық бөлімше меңгерушісі Ерғали Мұхтарұлы Габбасов және дәрігер-хирург Антон Иванович Ли орындады. Анестезиологтар операцияға дайындады. Барлығы анама көмектесті. Барлығы өтті. Бірақ ең күрделі эмоциялық сәт операция емес, одан кейінгі кезең болды.

История пациента. Галина Ищейкина 5.jpg

ФОТО: Антон Ли - № 2 хирургиялық бөлімше хирургы (жалпы хирургия, гинекология)

Бұның бәрі уайым болды. Күн сайын ауруханаға толқумен және қорқынышпен барасың, анамның жағдайы қалай екен деп ойлайсың. Содан кейін дәрігерлер илеостоманы жабу бойынша тағы бір ота жасады. Хирургиялық бөлімше меңгерушісінің, дәрігерлердің, анестезиологтардың, мейірбикелердің жоғары біліктілігінің арқасында барлығы сәтті өтті. Шынында да, хирургтардың қолдары алтын, жүректері мейірімді, ал мейірбикелер анама қандай күтім мен қамқорлық көрсетті!

Пациентті құтқара алатын, оған өмір, жақсылыққа үміт сыйлайтын, ал туған-туыстары мен жақындарына – жан тыныштығын беретін тамаша адамдар жұмыс істейтін Аурухана бар.

Сондай-ақ, Аурухананың директордың емдік-диагностикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Карабаева Раушан Жомартовнаға және директордың хирургия жөніндегі орынбасары Кайкенов Берік Талғатұлына Ауруханада қабылдап, көмек көрсеткендері үшін алғысымды білдіргім келеді.

 

Людмила Ищейкина,

ҚР ПІБ МОА пациенті Галина Ищейкинаның қызы.

 


Аурухана серіктестері