Бұл жерде мамандықтары мен хоббилары сәйкес адамдар жұмыс істейді

Қазіргі уақытта клиника – диагностикадан бастап оңалтуға дейінгі, емдеуден профилактикаға дейінгі барлық медициналық қызметтерді көрсететін тұйық цикл.

99.jpg

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық қызметінің тоқсан жылдығы қарсаңызда, Президенттік клиниканың директоры, профессор Валерий Бенберин біздің оқырмандарымызға медицинадағы жаңа көзқарас, технологиялар мен мамандықтар туралы әңгімелейді.

Бенберин В.В.jpg

Мен Президент Іс Басқармасының Медициналық қызметінде көптен бері жұмыс істеп келемін. Биыл жиырма бес жыл болды, оның ішінде жеті жарым жыл Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы болдым. Қазіргі уақытта еліміздің ең инновациялық және болашағы зор емдеу мекемелерінің бірі – ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасын басқарамын, немесе оны халық арасында Президенттік клиника" деп та атайды.

1573049179_bolnitsa.jpg

Еліміздің астанасында Медициналық қызмет астананы Ақмолаға көрішген кезде, яғни 1997 жылғы 1-қаңтарда пайда болды. Біздің Аурухана басында "ЦелинЭнерго" медициналық-санитариялық бөлімінің шағын бейімделген ғимаратында орналасты. Ол отыз төсек-орынмен бес мың шаршы метрді құрады. Әрине, келушілер мен пациенттердің бүгін көріп отырған ғимаратпен салыстыруға да келмейді, ал ондай пациенттерді біз тек Қазақстаннан ғана емес, әлемнің түрлі елдерінен қабылдаймыз.

3-operatsiya-tehnologii.jpg

Қазіргі уақытта клиника – диагностикадан бастап оңалтуға дейінгі, емдеуден профилактикаға дейінгі барлық медициналық қызметтер көрсетілетін тұйық цикл. Мұның барлығы сексен алты мың шаршы метр аумақта орналасқан, бұл аумақты он екі футбол алаңымен салыстыруға да болады, ең жоғары сапалы заманауи жабдықтың алты мың бірлігін орналастыры алады. Біздің Ауруханадағы диагностика және емдеу жабдықтары мен жүйелерінің көпшілігі – біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар, Орталық Азия елдерінде де баламасы жоқ.

 

Болашаққа арналған технологиялар

Соңғы жылдары Аурухана ең озық инновацияларды жан-жақты іздеу және игеру, оларды клиникалық практикаға енгізу және осы инновацияларды отандық денсаулық сақтау жүйесіне трансферттеу бойынша алға шықты. Бұған нейронавигация, нейромониторинг, стереотаксиялық жүйе технологияларын пайдалана отырып, бас және жұлын миына жасалатын операциялар; жүрек пен қан тамырларына жасалатын операциялар кезінде миниинвазиялық немесе аз жарақаттық араласулар сияқты күрделі диагностикалық және емдік манипуляциялардың пайда болуын жатқызуға болады. Медицинадағы инновациялар біздің дәрігерлерімізге эпилепсияны, Паркинсон ауруын емдеуде және тоқ ішекке ғана емес, сондай-ақ жіңішке ішекке орындалатын күрделі эндоскопиялық зерттеулер жүргізуге көмектеседі, сонымен қатар, бүкіл елдің денсаулық сақтау жүйесі үшін бірегей болып табылады. Дегенмен, бұл «бірегей» жатқызылатындардың толық тізімі емес.

4-genomka.jpg

Бір жыл бұрын біз өте күрделі зерттеулер жүргізілетін дербестендірілген геномдық медицина (фармакогенетика) зертханасын аштық. Олар денсаулық жағдайын генетикалық деңгейде бағалауға, туа біткен немесе жүре пайда болған патологияның даму мүмкіндіктерін болжауға және осы кезеңде гендік терапияны таңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бүгін біз микробиот деп аталатын ішектің микробиологиялық ландшафтын зерттеуді жүргіземіз, ол осы органның денсаулық жағдайын болжауға және ағзаның иммунитетінің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Дәрілік препараттарға ағзаның жеке жауабын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұның бәрі тек емдеуде ғана емес, ең алдымен аурудың алдын алуда да өте маңызды.

Ғарыштық жүйелер

Өткен жылы біз өте маңызды технологияны – Senhance TransEnterix жүйесін пайдалана отырып, робот-ассисттелген хирургия бағдарламасын іске қостық. Бүгінгі таңда әлемдегі барлық операциялардың 90%-дан астамы миниинвазиялық, лапароскопиялық түрде өтеді. Алайда, роботты қолдану көптеген операциялардың қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады. Барлық операциялар, әрине, хирургтың бақылауында жүргізіледі.

5 - robot.jpg

Бұл технология бастапқыда NASA-ның тапсырысы бойынша ғарыштық орбиталық станцияларда операция жүргізу үшін жасалған. Бірақ жерден орбиталық станцияға дейін өтетін сигналдың кешігуі және тоқтап қалу мүмкіндігін ескере отырып, мұндай эксперимент жүргізу қауіпті деп танылды.  Дегенмен, робот жерде пайдаға жарады және ол медицинада өте үлкен маңызға ие болды. Ең алдымен, хирург керемет дайындалған болса да, лапароскопиялық операцияны орындау кезінде ол қолдың табиғи дірілінен құтыла алмайды, бұл операция барысы мен кейін пациенттің жағдайына әсер етуі мүмкін. Роботтың орындауы кезінде бұл ықтималдылық минимумға сәйкес: хирург жұмыс консолінде отырып, дірілдемейтін, алайда микроскопиялық қозғалыстарды орындауға қабілетті "роботтың қолымен" басқарады. Оған қоса, хирург алдындағы экраннан ішкі органдарды нақты көреді.

6.jpg

Клиникамызда роботталған хирургияның көмегімен елімізде алғаш рет өте күрделі операциялар жасалды, мысалы, айналасындағы тіндерді сақтай отырып, бүйрек ісігін секторлық алып тастау (адреналэктомия, жетуге қиын кисталарды алып тастау). Робот бүгінгі күні гинекология және урология саласындағы түрлі абдоминальдік операцияларда табысты қолданылып жүр. Мұндай жетілдірілген технологияларды қолдану, біріншіден, біздің пациенттеріміздің қауіпсіздігі үшін, екіншіден, операция кезінде қан шығынын айтарлықтай азайту және операциядан кейін жылдам оңалту үшін жағдай жасау болып табылады.

Циклотрондық кешен – жаңа ауқым

Бүгінгі таңда медицина парадигмасы әрбір пациенттің биологиялық денсаулығын жоғары дәлдікпен бағалауға және ең бастысы, оған жеке емді таңдауға мүмкіндік беретін дербестендірілген медицина деп аталатын науқастарға жеке көзқарас жағына қарай өзгереді. Осыған байланысты, аурулардың профилактикасы мен диагностикасын таңдау алдында үлкен міндет тұр. Міне, біз алдағы уақытта барлық назарымызды осы мәселеге шоғырландыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда, біз тағы бір перспективалық инновациялық жобаны – тоғыз радийактивті фармакологиялық препараттар өндіретін циклотрондық-өндірістік кешен құрылысын жүзеге асырудамыз. Осының барлығы позитронды-эмиссиялық компьютерлік томографияны, сондай-ақ бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томографияны пайдалана отырып, онкологиялық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау мен емдеуді жоғары дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді.

7-yaderka.jpg

Сапа үшін бәсекелестік

Клиникамыздың бәсекелестік қабілеті артып келеді, оның бәрі технологиялармен ғана емес, сондай-ақ, биылғы жылдың сәуір айында Ауруханамызда емдеудің тиімділігі мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін растайтын JCI қауіпсіздік және сапа стандарттарының халықаралық аккредитациясынан қайта өттік. Біз диагностика және емдеу үшін өзімізге жүгінетін шет елдерден келетін пациенттердің біртіндеп өсуін байқаймыз, ол түсінікті де, айтап айтқанда, Check-up процедураларын өткізу бойынша біз Еуропа клиникаларына өте үлкен бәсекелестік құрамыз. Бұған біз осы бағыттағы шетелдік ауруханалардың озық тәжірибесімен танысқан кезімізде үнемі көз жеткіземіз. Сондықтан да, біздің елде пациенттерге өз ағзасының жағдайына тексеру жүргізу үшін шетелге барудың қажеті жоқ. Біз шетелдік клиникалармен салыстырғанда олардан кем түспейтін нақты зерттеулер ұсынуға дайынбыз және әлдеқайда арзан.

Ұжымдық еңбегі

Қорыты келе, мен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық қызмет жүйесі үлкен ұжымдық жұмысқа негізделетіндігін, онда пациенттің денсаулығы – бұл бүкіл Аурухана ұжымының, медициналық орталық қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі және Президент Іс Басқармасының зейіні екендігін атап айтқым келеді. Медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етуге кіріктірілген тәсіл ғана бүгінгі күнгі нәтижелерге жетуімізге мүмкіндік береді.


БАҚ біз туралы: https://www.zakon.kz/4993945-meditsina-dlya-kazhdogo-na-glavnom.html