ОҢАЛТУ - ИНСУЛЬТ АЛҒАН АДАМДАРҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ

Президенттік клиникадағы нейрооңалту бойынша өткен шеберлік класс, Оңтүсік Корея клиникаларымен ынтымақтастық және инсульт алған пациенттерге көмек көрсету туралы.

«Не үшін жүргіңіз келеді?» - бұл ешқашан қоямын деп ойламаған сұрақтарыңыздың бірі: жүру функциясы бізде әдетті қалыптасқан. Дегенмен, оңалту жөніндегі маманды бұл сұрақ еш таңғалдырмайды, себебі Оңтүстік Кореядан келген Қалпына келтіру емінің докторы Ким Хёон Ву мұндай сұрақтар арқылы пациенттерінің көңілін сергітеді. Доктор үшін жүру – бұл өздігінен қалыптасқан функция емес, себебі пациент аяқтарын ақырын ғана баса отырып, құлап қалмау үшін, әрбір қадамы туралы ойлайды.

2.jpg


«Сонымен, сіз не үшін жүресіз?
- Үй…ары-бері.
- Сол ғана ма?
- Басқа адамдар сияқты жүргім келеді».

Бұл әңгімеге екі адамнан да көп адам қатысып отыр: Президенттік клиниканың Қалпына келтіру емі және оңалту орталығының дәрігерлері мен нұсқаушылары Оңтүстік Кореядан келген доктормен бірге пациенттің әрбір қимылын бақылап отыр. Олар үшін Ауруханада шеберлік сынып ұйымдастырылды.
ФОТО

3.jpg

«Оңалтудың негізгі үш бағыты бар: неврология, кардиология, травматология, - дейді Президенттік клиниканың Қалпына келтіру емі және оңалту орталығының меңгерушісі Мадинат Амантаевна Жунусова. – Бұл шеберлік класс ми қан айналымының жіті бұзылуы салдарынан кейінгі оңалтуға арналады. Процентік қатынаста алып қарайтын болсақ, неврологиялық ауруға шалдыққан пациенттер – пациенттеріміздің жалпы санының 35%-ін құрайды. Біз мұндай шеберлік кластарды қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыру, әлемнің жетекші мамандарымен тәжірибе алмасу, ең бастысы, пациенттерімізге инсульттан кейін қалыпты өмірге тезірек оралуына көмектесу мақсатында өткіземіз».

«Қадам жасап, алға қарай жылжыған кезде, біздің балтырымыз ғана емес, сондай-ақ өкшеміздің бұлшықеттері де созылады», - деп жалғастырды Ким Хёон Ву – халықаралық доктор және PNF-терапия (проприоцепциялық нейробұлшықеттік фасилитации) жөніндегі практикалық нұсқаушы. Бұл әдістеме бойынша пациентті қимылмен емдейді. Ешқандай аппаратсыз және жүйесіз – бұл жерде пациентке қандай да бір қимылды, тіпті мимика жасау және қабақтарын қимылдатуға дейін көмектесу үшін бұлшықеттердің рецепторларына әсер ететін дәрігердің қолы мен білімі ғана қажет.

4.jpg


«Нейромәселелері бар науқастардың алдымен миының зақымдану аймағын анықтап алған маңызды, содан кейін ғана зақымдалған ми аумағын қаншалықты қалпына келтіруге болатындығын талқылауға болады. Сонымен қатар, Аурухананың докторларымен бірлесе отырып, біз зақымдалған ми бөліктерінің қалай қалпына келетіндігін, олардың қалай өзгеретіндігін және жұмыс істейтіндігін қарастырдық. Бүгінгі таңда ғылым мидың жұмысын ынталандыру үшін белгілі қимылдарды жасау керектігін дәлеледеп отыр. Адам қимылдауы керек», - деп атап өтті профессор Ким Джун Хви, ол он жылдан аса Северанс госпиталінің дәрігер-фтизиотерапевті, оның алты жылында пациенттің инсульттан кейінгі қозғалыс функциясын қалпына келтірудің жаңа тәсілі – Бобат-терапия нұсқаушысы болып қызмет атқарды.

«Миға әсер ету үшін түрлі емдеу әдістері бар. Тәсілдер өте көп, алайда олардың ішіндегі ең кең таралған тәсіл, бұл – PNF терапия және Bobath - терапия. Бұл терапиялардың тарихы терең, олардың тарихы алдыңғы жүз жылдықтың қырқыншы жылдарынан бастау алады», - деп жалғастырды профессор Ким Джун Хви. – Біз осы шеберлік класта Bobath және PNF терапияны жеке-жеке қарастырамыз, екі техника қандай жағдайларда және қалай қолданылады, сондай-ақ, Қазақстанда қалпына келтіру емі кезінде пациенттердің жағдайларын жақсарту үшін екі әдістемені де тиімді енгізуді талқылаймыз. Менің ойымша, Қазақстанда енді ғана белсенді дами бастаған оңалтудың осы кезеңінде мұндай әдістемелермен танысу өте маңызды жағдай».

5.jpg

Дегенмен, шеберлік класс – бұл тек биылғы көктемдегі басқа оқиғаның бөлігі ғана: Президенттік клиника Азияның ең ірі және белгілі госпитальдарының бірі – Ёнсе университетінің «Северанс» клиникасының ресми серіктесі атанды.

«Біз, наурызда ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық, осы ынтымақтастықты іске асыру мақсатында сіздерден нейрооңалту бойынша шеберлік класс өткізу, инсульт алған науқастарға ем жүргізу туралы сұрау алдық. Біз мамандарымызды дайындап, алып келдік. Біз үшін деңгейі жоғары Аурухананың оңалту деңгейін көтергісі келетіндігі, ал біздің тараптан оларға көмек бере алатындығымыз маңызды болды. Сондықтан да, біз осындамыз», - деді Ёнсе университетінің «Северанс» госпиталінің елшісі Лариса Ан.

Ынтымақтастықтың келесі кезеңі – тағы бір шеберлік класс. Хви профессор Президенттік клиникаға травматология бойынша өз тәжірибесімен бөлісуге келеді.

 Президенттік клиниканың Қалпына келтіру емі және оңалту орталығының қызметтері туралы мына жерден толығырақ оқи аласыздар.
Өтетін шеберлік сыныптар және шетел докторларының сапары туралы мына жерден оқыңыздар.