ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАДА ЛАЗЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН КӨЗДІҢ ТОРЛЫ ҚАБЫҒЫ АУРУЛАРЫН ҚАЛАЙ ЕМДЕЙДІ?

Бұл туралы бүгін Аурухананың дәрігер-офтальмологы Талипова Ильзира @qazaqstantv «Tansholpan» бағдарламасының эфирінде әңгімелейді.

Дәрігердің тікелей эфирде айтқандарын қысқа постымызда баяндамақпыз.

1. Бүгінгі таңда Ауруханада лазердің көмегімен көздің торлы қабығы ауруларын емдеу үшін 4 процедура жүргізіледі:

⠀* көздің торлы қабығын перифериялық лазерлік коагуляциялау (шекті және орталық дистрофия, тамырлардың зақымдануы кезінде, ісіктің кейбір түрлері кезінде. Көз түбіндегі өзгерістердің үдеуінің алдын алу ретінде өте тиімді);

* көздің торлы қабығын панретинальды лазерлік коагуляциялау (қант диабеті кезінде диабеттік ретинопатияны емдеу үшін);

* лазерлік дисцизия (қайталанған катарактаны емдеу);

* лазерлік иридотомия (алғашқы жабық бұрышты глаукома кезінде).


2. Президенттік клинкада жоғарыда айтылған процедураларды өту үшін, Сізге келесілер қажет:

* офтальмологтың жалпы тексеруінен өту (жазылу: 708090/708108)

* осыдан кейін дәрігер пациенттің көз түбін тексеру үшін циклоскопия тағайындайды;

* Көрсетімдер бойынша көздің торлы қабығын емдеу және кейінгі лазерлік процедуралар орындалады.


3. Көрсетілген манипуляциялар көбінесе «миопия» (оның ішінде, жүкті әйелдерге), «глаукома» и «катаракта» диагноздары кезінде қолданылады.