Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

КӨЗДІҢ ЖЫПЫЛЫҚТАУ АУРУЫ: ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАДА ГЕМИФАЦИАЛДЫ СПАЗМДЫ ЕМДЕУ

КӨЗДІҢ ЖЫПЫЛЫҚТАУ АУРУЫ: ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАДА ГЕМИФАЦИАЛДЫ СПАЗМДЫ ЕМДЕУ

Күрделі медициналық атауына қарамастан, әлемдік классиканы оқыған кезде, өмірімізде бір рет болса да бұл ауру туралы естігенбіз. Гоголь «Өлі жандар» шығармасында: «Айтарлықтай қалың қасты және сол көзі сәл жыпылықтайтын прокурор … дегенмен, өте салмақты және көп үндемейтін... …бет әлпеті өмірі қозғалмайтын, қалың қастары және жыпылықтайтын көздері бар адам» - деп сипаттаған.
Көзді қыса беру және үнемі жыпылықтата берудің енді медициналық атауы бар: ГЕМИФАЦИАЛДЫ спазм – беттің жартылай жиырылуы.
Бұл ауру қан тамырының нервтерді басып қалуынан туындайды. Спазм кейбір кездері қатерлі емес ісіктердің, бассүйек қаңқасыныың деформациясы, шашыраңқы склероз кезінде де пайда болуы мүмкін, бірақ бұл өте сирек кездеседі. Қалай болғанда да, сыртқы белгілері бәрінде бірдей байқалады – пациенттің бетінің бұлшықеттері өздігінен, ауырсынбай жиырыла береді.
Гогольдың шығармаларындағы өмір бойы осы жүйке ауруымен өмір сүруге мәжбүр болған кейіпкерлерге қарағанда, Президенттік клиниканың пациенттерінің заманауи медицинаның арқасында бұл аурудан түбегейлі арылуға мүмкіндіктері бар.
Әдетте, ГЕМИФАЦИАЛДЫ спазмды бастапқы сатысында препараттармен емдейді. Аурудың соңғы сатысы және ұзақ созылып кеткен жағдайларда дәрігерлер операция тәсілімен емдейді – микротамырлық декомпрессия жасайды.
Пациенттер алдымен МРТ (магниттік-резонанстық томография) тексеруінен өтеді. Диагностика қысылу ошағын немесе бет жүйкесі мен бас ми тамырларының арасындағы қайшылықты көруге мүмкіндік береді.
Статистика бойынша, пациенттердің 70%-де ауру симптомдары толық жоғалады, қалғандарында – жақсару байқалады, оның нәтижесінде тұрақты дәрілерді қолдану қажеттілігі тоқтайды.

Гемифациальный спазм.jpg

Президенттік клиниканың нейрохирургтары туралы толығырақ
http://bmcudp.kz/ru/about/hospital/2660 сілтемесінен оқыңыздар.

Сондай-ақ, сіздер Аурухананың жетекші мамандарының қабылдауына жазылып, консультация ала аласыздар. Қабылдау уақыты мен күнін төмендегі сілтемеден көре аласыздар:
http://bmcudp.kz/ru/news/announcements/6671



Аурухана серіктестері