ОПЕРАЦИЯ БӨЛМЕСІНДЕГІ БАЙЛАНЫСШЫ НЕМЕСЕ АНЕСТЕЗИОЛОГТЫҢ ҚАС ҚАҒЫМ СӘТІ

Президенттік клиниканың Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің (АРҚТБ) меңгерушісі Бауыржан Бабашев заманауи медицинаның неліктен анестезиологиясыз жұмыс істей алмайтындығы, мамандықтың өткені мен болашағы және олардың арасындағы қас қағым сәт туралы әңгімелейді. Жыл сайын 16-қазан аталып өтетін Дүниежүзілік анестезиологтар күні қарсаңында дәрігердің ойын әдейі жазып алдық.

3.jpg

ӨЗ АЛДЫНА ЖЕКЕ МАМАНДЫҚ

Анестезиология  хирургияның тармағы ретінде пайда болған: дәрігерлер ұзақ уақыт бойы операцияларды орындап келген, бірақ хурургияның барған сайын күрделе түскенін, оның науқастар үшін де қауіпті бола бастағанын бір сәтте түсінді. Осылайша, операция кезінде пациентті қорғау қажеттілігі туындады. Сол кездері біздің мамандығымыз пайда болған деседі.

 

Наркоздың алғашқы түрлерінің бірі – эфирлік және хлороформдық болды. Уақыт өте келе, анестезия жасау әдістері жетілдірілді: біз, енді пациенттің тек ауыруды сезінбеуіне ғана көмектеспейміз, сондай-ақ, операция кезінде оның ағзасының функцияларын басқаруды өзімізге жүктедік, яғни наркозға түскен пациенттің жағдайына толық жауап беретін болдық. Кейінірек, бұл міндеттерге тағы бір функция қосылды – пациентті операция кезіндегі қауіпті жағдайда ғана емес, сондай-ақ, пациенттің реанимацияда өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқан кезінде де бақылауды жалғастыру болды. Осылайша, біздің медицинадағы рөліміз арта түсті.

 

Анестезиология мен реаниматология - бүгінгі таңда терапия, хирургия, амбулаториялық медицина сияқты медицина ғылымдарының басқа салаларымен тығыз байланысатын медицинаның жеке бағыттары, ал анестезиолог-реаниматологтардың рөлі өте зор. Олар туралы жиі айтылмаса да, алатын орны ерекше, біздің жұмысымыз жақсы байқалған сайын, пациент және операция жасайтын барлық команда үшін де тек жақсы нәтиже бермек. 

4.jpg

ЖЕКЕДЕН ЖАЛПЫҒА ЖӘНЕ КЕРІ

Болашақты тұспалдау дұрыс емес шығар, алайда, хирургия дамып жатса, онда анестезиология да дами түспек. Хирургтардың операция жасауына жағдай жасау, ал науқастың оны басынан кешіруіне көмек беру – бұл олардың тікелей және тура міндеті.

 

21-ғасырдың анестезиолог-реаниматологы пациенттерге анестезия және реанимация жасайтын маман ғана емес. Біз, клиникалық физиология және пациенттердің емдеуді түзету сұрақтары бойынша өз әріптестерімізге консультация береміз.

 

Қазіргі таңда, анестезиологтар медицинаның басқа да салаларына жұмылдырылып отыр: біз созылмалы ауруларды емдеуге, созылмалы ауруға шалдыққан пациенттерге ем жүргізуге қатысамыз. Оларға, мысалы, обырмен ауыратын науқастар жатады. 

5.jpg

Жыл сайын бізге, анестезиолог-реаниматологтар үшін медицинада жаңа түйісу нүктелері, жаңа функциялар пайда болып келеді. Менің ойымша, анестезиолог-реаниматологтардың, қарқынды терапия дәрігерлерінің рөлі болашақта өсе түседі, ал қарқынды терапия және реаниматология бойынша білім медицинаның басқа салаларына тереңірек ене бастайды.

 

Сонымен қатар, қазірдің өзінде біздің мамандықтың ішінде салаға бөліну тенденциясын байқауға болады. Қазір кардиоанестезиология, акушерлік анестезиология, нейроанестезиология бар. Яғни, бұл салалардың әрқайсысы бойынша білімнің тереңдегені, кеңейгені сонша, тіпті осы салалардағы барлық өзгерістерді бір маманның қамтуы және универсал анестезиолог болып қала беруі қиындап барады. Сондықтан да, мамандығымыз болашақта бұдан да қызықты бола түседі деген ойдамын.

6.jpg

Бүгінгі таңда Президенттік клиникада кардиоанестезиологтардың тобы жұмыс істейді, ал болшақта нейроанестезиологтар тобын құру жоспарда бар, яғни жалпы анестезиология біртіндеп өз алдына жеке салаларға бөліне бастайды. Мүмкін, мамандардың тек қарқынды терапия немесе тек анестезиологиямен ғана айналысуы үшін, біз болшақта анестезиология мен қарқынды терапияны бөлетін шығармыз.

 

ӨТКЕН МЕН БОЛАШАҚТЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАС ҚАҒЫМ СӘТ

Менің сүйікті ұстаздарымның бірі Горбузенко Олег Николаевичтің сүйікті әндерінің бірі «Миг» болатын. Әннің шұмақтарында «өткен мен болашақтың арасында тек қас қағым сәт қана бар, дәл сол сәт «өмір» деп аталады» - деген жолдары бар еді. Бәлкім, біздің мамандығымыздың мәні де осында жатқан шығар. Біз пациентке қазір және дәл осы жерде көмектесуіміз қажет, егер пациентке біздің көмегіміз керек болса, біз оны дәл қазір көрсетуіміз керек. Біз осы бір қас қағым сәтті жіберіп алмауға тиіспіз!