Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ЕСЕКЖЕМ ҚЫЗБАСЫ: АЛЛЕРГОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДОКТОРЛАРЫ СОЗЫЛМАЛЫ СПОНТАНДЫ ЕСЕКЖЕМДІ ҚАЛАЙ ЕМДЕЙДІ

  15.10.2019
Президенттік клиниканың Аллергология орталығының дәрігерлері созылмалы спонтанды есекжемді (ССЕ) диагностикалау мен емдеудің жаңа стандартын енгізді. Ауруды зерттеудің және емдеудің жаңа әдістері туралы ҚР ПІБ МОА Аллергология орталығының басшысы Түсіпбекова Ғалия әңгімелейді:

Галия Марксовна.jpg

Ертеректе өте сирек кездесетін созылмалы идиопатиялық (спонтанды) есекжемнің соңғы он жылда көбейіп кеткендігі байқалады. Қазіргі мәліметтер бойынша, дүниежүзінің шамамен 1-ден 3%-ке дейінгі тұрғыны ССЕ шалдыққан екен.

Соңында нені білеміз? Оның сипатын, белгілерімен қалай күресу керектігін аздап білеміз, егер созылмалы қайталанбалы есекжеммен ауыратын пациент келсе, оны емдеудің жеңіл болмайтындығын белгілі.

аллергия.jpg
Есекжемді аллергиялық/жалған аллергия/аутоиммунды/уытты реакциялар тудыруы мүмкін, ол теріде қышитын күлдіреуік болып шығып, оған қоса ісіну, дене қызуы, аурудың алғашқы белгілері және т.б. пайда болады.

Есекжем жіті және созылмалы болып бөлінеді.

ЖІТІ ЕСЕКЖЕМ

Көптеген адамдар оны басынан кешіп жүр, себебі кейбір адамдарда кейбір өнімдерге немесе препараттарға қарсы реакция береді, немесе қатты күйзеліске байланысты пайда болады.

Оның жақсы жағы қандай? Тіпті жалпы жағдайда да, жіті есекжем жылдам тоқтайды, өйткені ол әдетте өткінші болады. Егер оны тамақ аллергиясы немесе дәрілік жақпаушылық тудырса, онда «себепшіні» тоқтатқан жағдайда есекжем шықпайды.

 

СОЗЫЛМАЛЫ ЕСЕКЖЕМ

Алты аптадан аса тұрақты немесе өткінші болып «тұратын» есекжем созылмалы деп аталады. Бұл адамды есінен тандыратын және қажытуға алып келетін ауыр ауру.

Соңғы бес жылда осы ауруды емдеуде нағыз революция болды. Тек бұл туралы бәрі біле бермейді.

Біз Аллергология орталығында ССЕ диагностикалау және емдеу бойынша соңғы келісімдерге негізделген, созылмалы спонтанды есекжемді диагностикалау мен емдеудің жаңа стандарттарын енгіздік. Бұл аурудың көптеген аспектілері әлі де толық зерттелмеген, алайла бүгінгі таңда ауруды симптомдық емдеу үшін  аса тиімді және қауіпсіз препараттар бар. Медицина практикасы көрсетіп отырғандай, осындай препараттардың бірі – Омализумаб, бұл таргетті препарат, біздің елімізде 2019 жылғы маусымда тіркелген. 

1.jpg

ФОТО: ҚР ПІБ МОА Аллергология орталығының басшысы Түсіпбекова Ғалия (сол жағында) және дәрігер-аллергологтар Сыздықова Айгүл, Давлетова Ботагөз, Мәскеудің бас аллерголог-иммунологы Фомина Дарьямен бірге.

Құрметті пациенттер, егер сіз мұндай бөрітпелерді байқасаңыз және теріңізде қандай да бір мәселелер болса, Президенттік клиниканың Аллергология орталығына жүгініңіз. Біздің Ауруханадағы созылмалы спонтанды есекжемді диагностикалау және емдеу туралы білгіңіз келсе, сізге сілтеме бойынша өту қажет. Сонымен қатар, сіздер бұл жерден докторлар туралы барлық ақпаратты және олардың қабылдауына жазылу үшін байланыстарды таба аласыздар.

 


Аурухана серіктестері