ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ АСҚАЗАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫ АУРУЛАРЫН ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ

09-10-19.jpg

Біздің эндоскопист дәрігерлеріміз «VI Азиялық гастроэнтерологиялық аптасы 2019» ұйымдастырушыларының шақыруы бойынша Қазақстан және шет елдердің гастроэнтерологтары қауымдастығының өкілдері алдында ел үшін жаңа «ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ДИАГНОСТИКА» әдістемесін енгізу және дамыту туралы баяндама жасады.

09-10-19-1.jpg

Біз өзіміздің және шетелдік гастроэнтерологтардың тарапынан құптау және жан-жақты қолдауға ие болдық, даму жолында ақ тілектерін естідік. Әзірге, бұл әдіс Қазақстан Республикасы үшін бірегей болып табылады, және тек ҚР ПІБ МО ауруханасында ғана орындалады», - деп хабарлады ҚР ПІБ МОА эндоскописі Рахметов Медет Мұратұлы.

 

Эндоскопиялық ультрасонография (ЭУС, ЭндоУДЗ) - бұл эндоскопиялық зерттеудің заманауи түрі, эндоскоптың дистальды ұшында орналасқан арнайы датчигі, асқазан-ішек жолдары органдарының қабырғаларын, оған іргелес ағзаларды, анатомиялық құрылымдар мен тіндерді ультрадыбыстық сканерлеу жүргізеді.

09-10-19-2.jpg

Сондай-ақ, дәрігерлер ЭУС бақылауымен арнайы жіңішке иненің көмегімен биопсияны алу әдісін енгізу туралы айтты, бұл пациент үшін аталған әдісті жоғары тиімді және қауіпсіз етеді. Жіңішке инелі пункциямен зерттеу бүгін тек Президенттік клиникада ғана жүргізіледі.

«Қазақстанда пациент АІЖ-ның өспелеріне пункция жасау арқылы ЭУС тексеруден өте алады деген хабарламамыз медициналық ортада қуаныш тудырды. «Билиарлық бұзылулар» сессиясының модераторлары профессор Шумков Юрий Петрович және Изатуллаев Елдос Әбдіқалықұлы оң эмоцияларын жасырмады және емделушілер енді осы тексеруден шетелге шықпай-ақ, өзімізден өте алатыны үшін үлкен алғыс білдірді» - деп, ҚР ПІБ МО ауруханасының эндоскопист дәрігері Ренат Ташимов мақтанышпен бөлісті.

09-10-19-3.jpg

АНЫҚТАМА: эндоскопиялық ультрасонографияны (ЭУС, ЭндоУДЗ) қашан жасайды?

Ұйқы безіндегі ауытқулар кезінде;

 

》 панкреатит (жіті және созылмалы); 

》ұйқы безінің ісігі (ұйқы безі обыры, ұйқы безінің эндокриндік ісігі, ұйқы безіндегі метастаз).

Өт қалта және несеп шығару жолдарының ауытқулары кезінде: 

》холедохолитиаз;

》үлкен дуоденалды еміздіктің (ҮДЕ) ісігі;

》өт қалта ісігі;

》бауырдан тыс өт жолдарының ісігі.

Асқазан-ішек жолдары (АІЖ) қабырғаларындағы көлемді өспелер кезінде:

》 эпителий өспесі (полип, қатерлі өспелер);

》 эпителий емес (қабырға ішілік) өспелер (липомалар, липосаркома, лейомиома, лейомиосаркома, басқа органдардан АІЖ берілген метастаздар, ішек-қарын арқауының ісігі, лимфома, нейрогендік ісіктер).

Президенттік клиниканың Эндоскопия бөлімшесі докторларының қызметтері туралы толығырақ сілтеме бойынша біле аласыздар.