ДОКТОР ДЭВИД САМАДИ – ҚР ПІБ МОА РОБОТТАЛҒАН ХИРУРГИЯ ПРОГРАММАСЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ

«Біз талқылайтын кейбір жағдайларға осы жолы холецистэктомия да қосылды, бірақ біз енді бұл операцияны үш тесіктің көмегімен орындаймыз.

 

Әдетте, пациенттің ішіне құралды кіргізу үшін біз төрт тесік жасайтынбыз, осы жолы әдеттегі жағдайдан шығуды жөн көрдік. Мұндай тәсіл пациент үшін косметикалық тұрғыдан пайдалы және біздің қазақстандық әріптестеріміз бұл міндетті мүлтіксіз орындап шықты.

 

Хирургтар дағдыларын үнемі шыңдап отырады, сол себепті біз жаңа деңгейге шыға аламыз. Мұндай операцияларды – бәріміз бақылап отыратын эволюциялық процестің бөлігі деп те қарастыруға болады.

 

Емдеу сапасы жақсарып келеді. Сондай-ақ, бізде гистерэктомия бойынша өте күрделі жағдай күтіп тұр, алайда біздің қатысуымызбен және менторлығымызбен өтетін бұл операцияны қатерсіз орындап шығатындығымызға сенімдімін. Сонымен қатар, біз урология бойынша бірнеше ауыр жағдайды қолға алуды жоспарлап отырмыз, сондықтан да, осы апта өте қарбалас және мазмұнды болмақ».

 

Роботталған хирургия программасы, команда және қызметтер туралы http://bmcudp.kz/ru/activities/robot-assisted-surgery/ сілтемесі бойынша Арухананың сайтынан толығырақ біле аласыздар.