РЕВМАТОЛОГ НЕНІ ЕМДЕЙДІ?

Ревматология – әр адам өзінің жеке тәжірибесінен болмаса да (болмағаны жақсы), көпшілігі айналасындағы адамдардың басынан кешкен мысалдары негізінде білетін медицина саласы: біз өмірімізде бір рет болса да қызылжегі, ревмотоид артриті, Бехтерев ауруы туралы естігенбіз. «Өкінішке орай, ревматизмдік аутоиммундық аурулар еңбекке қабілетті жастағы жастарымызда да жиі кездесіп жүр», - дейді Президенттік клиниканың дәрігер-ревматологы – Эльмира Тұрдышева.

2019.08.26 ЧТО ЛЕЧИТ РЕВМАТОЛОГ 1

Ревматизм – бүкіл ағзаның тірегі деп те атайтын дәнекер тінді жүйелі немесе жергілікті зақымдауды білдіреді. Дәл осы дәнекер тіндер әртүрлі тіндерді өзара байланыстыра отырып, біздің мүшелерімізді зақымдаудан қорғайтын ағзамыздың орташа есеппен 60-90% құрайды. Сол себепті, кез-келген ағза, тамыр, сүйектер мен буындардың резматизмдік ауруға шалдығу қаупі бар.

 Бұл ауруларды аутоиммундық деп атаудың себебі – ревматизмдік аурулар кезінде ағзаның иммундық жүйесі өзінің жасушаларына, практика көрсетіп отырғандай, әдетте өзінің дәнекер тін жасушаларына шабуыл жасай бастайды. Мұндай қате шабуылдың себебі – генетикалық бейімділігі, жүктілік, гормондық ауытқулар, стресс және тіпті инфекция болуы да мүмкін.

Бұл жағдайдағы басты қауіп – мұндай аурулар өте қиын жазылады, себебі олар көбінесе жүйелі жүреді, яғни ол тек бір ағзаны немесе бір ағза жүйесін ғана зақымдамайды, ол «мүгедектікке және пациенттің өмір сапасының күрт нашарлауына» алып келуі мүмкін», - деп, толықтырды доктор Э. Тұрдышева.

Сол себепті, мұндай ауруларды емдеу үшін уақытында докторға және маманның біліктілігіне жүгіну ғана маңызды емес, сондай-ақ, бұл жағдайды кешенді түрде шешу қажет. Қалай? Бұл туралы Президенттік клиниканың №2 терапиялық бөлімшесінің (терапия, кардиология, ревматология) докторы – Эльмира Тұрдышева әңгімелейді:

2019.08.26 ЧТО ЛЕЧИТ РЕВМАТОЛОГ 2

«Ауруханамызда ревматизмдік аутоиммундық ауруға шалдыққан пациенттерге не ұсына аламыз? Айта кету керек, ең бірінші кезекте ревматизмдік бейіндегі пациенттерге диагностикадан бастап оңалтуға дейінгі көмектің толық циклін көрсетеміз. Ауруханада клиникалық-диагностикалық зертхана жұмыс істейді, оның арқасында біздің мамандар қысқа уақыт аралығында ревматизмдік аурулардың аутоиммундық маркерлерін анықтай алады, құралдардың көмегімен зерттеулер (КТ, МРТ, рентген және УДЗ, Эндоскопия) жүргізеді.

Сондай-ақ, тәулік бойы бақылауды қажет ететін пациенттеріміз үшін стационарлық емді, негізгі емді таңдау және түзетуді ұсынамыз. Ауруханамыздың жүйелік қызылжегі, жүйелік склеродермия, ревматизмдік артрит, анкиолоздаушы спондилоартрит (Бехтерев ауруы), псориазды артрит сияқты аурулар кезінде гендік-инженериялық биологиялық терапияны қолдану тәжірибесі мол.  

   2019.08.26 ЧТО ЛЕЧИТ РЕВМАТОЛОГ 3

Біздің пациенттеріміз шалдығатын аурулар жүйелік болып келеді, яғни олар ішкі ағзаны зақымдауы мүмкін, сондықтан басқа мамандардың да кеңесі қажет болатындығын естен шығармауымыз керек. Аурухана мультидисциплиналық болып табылады: біздің мамандарымыз басқа мамандармен – нефрологтар, травматологтар, пульманологтармен, сондай-ақ реабилитологтармен және Аурухананың қалпына келтіру емі және оңалту бөлімшесінің реабилитологтары және емдік дене шынықтыру дәрігерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Біз мұның бәрін пациенттің жағдайын жақсарту және емнің нәтижесін жылдамырақ көруге көмектесу үшін жасаймыз.

2019.08.26 ЧТО ЛЕЧИТ РЕВМАТОЛОГ 4

Ауруханамыздағы ревматизмдік ауруларды емдеу жолдары, оны диагностикалау және қалпына келтіру процесі туралы доктор Эльмира Тұрдышеваның қабылдауына келіп біле аласыздар, сондай-ақ Президенттік клиниканың басқа да жетекші мамандарының көмегіне жүгіне аласыздар. Қабылдау уақыты мен сағатын толығырақ таба аласыздар.

 Сонымен қатар, Президенттік клиникадағы мүмкіндіктер, докторлар және станционарда ем қабылдау қызметімен толығырақ таныса аласыздар.