ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ

Бүгінгі таңдағы ең кең таралған өлімнің себебі – жол-көлік оқиғасы туралы Президенттік клиниканың докторы Евгений Митин баяндайды. Машиналар салыстырмалы қысқа уақыт ішінде қашықтықты еңсеруге мүмкіндік берді, бірақ олардың жаппай өндірісі басталғаннан кейін біз «көлік авариясы» немесе «көлік апаты» деген сөздерді жиі еститін болдық.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келтірген статистикасы бойынша жыл сайын әлемде миллионнан астам адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмып, 20-50 миллион адам жарақаттанады және мүгедек болып қалады екен. Еліміздегі ДДҰ кеңсесі сарапшыларының есебі бойынша Қазақстанда жыл сайын жол апатынан үш мыңнан аса адам қаза табады екен. Алайда, сарапшылардың арнайы есебінсіз-ақ, кез-келген адам өмірінде жол-көлік оқиғасының куәгері немесе жолдағы жазатайым оқиғаның қатысушысы болған, сол себепті мұндай жағдайда жарақаттанған адамдарға көмек көрсету және әрекет ету жылдамдығының маңызын біледі. Мамандар келгенге дейін не істеу керек және қалай көмектесу қажет? Доктор Евгений Митин өмірге қажетті кеңестерімен бөліседі.

2019.09.09 КАК ОКАЗАТЬ ПЕРВУЮ ПОМОЩЬ ПРИ ДТП 0.

СОҒЫС УАҚЫТЫМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА, ЖОЛДА ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ САНЫ КӨП

Жол оқиғаларының көлемін бағалау үшін бізге статистикаға көз жүгіртудің өзі жеткілікті: ТМД аумағында жол-көлік оқиғасы кезінде қазаға ұшырау салыстырмалы түрде төмен, көлік апаты салдарынан зардап шеккендердің жалпы санынан 16-17%-ды құрайды. Алайда Германия, Британия және АҚШ-да бұл сан тек 2,5%-ға тең. Ал, енді жол-көлік оқиғасы кезінде қазаға ұшырағандар мен соғыс іс-әрекеттері кезіндегі өлім деңгейін салыстырыңыздар: соңғы жағдайда орташа есеппен әскери іс-қимыл қатысушылары санының 10%-нан аспайды, олар жолдағы жүргізушілер санына да аз.

Әрине, қазіргі таңда соғыс өте сирек болады, сондықтан да, зардап шеккендер айтарлықтай көп емес, ал жолдағы соқтығысулар – бұл біздің күнделікті шынайы өміріміз. Жол-көлік оқиғасы кезінде медициналық көмек көрсету қызметі жақсы дамыған, жұмысы дұрыс қойылған жерлерде әдетте өлім-жітім саны төмен болады.

Мысалы, Мәскеуде жедел терапияның кезекші бригадасы құрылған: олар статистика бойынша апат жиі орын алатын мәскеу айналма автомобиль жолында және радиал жолдарда тұрақты кезекшілік етеді. Болжам бойынша көлік апаты жиі орын алатын орындарға жедел жәрдем қызметі максималды жақын орналасады. Олар жылдам әрекет етеді, зардап шеккендерге көмек көрсетеді және тұрғылықты мекенжайына қарамастан, ең жақын медициналық пунктіге апарады.

2019.09.09 КАК ОКАЗАТЬ ПЕРВУЮ ПОМОЩЬ ПРИ ДТП 2

Қазақстанда да, атап айтқанда астанада бұл қызмет жақсы жұмыс істейді. Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерді жауапкершілік аймағында орналасқан кез-келген аудандық травматологияға апарады – бұл мекеме қалада, немесе егер апат магистральдардың бірінде болған болса, Көкшетау және Қарағандыға кетіп бара жатқан жолдағы аудан орталығында болуы мүмкін. Жедел жәрдем бригадасының жылдам келетіндігіне қарамастан, зардап шеккендерге бірден көмек көрсету қажет, кейбір жағдайларда олардың өмірлері ғана емес, сондай-ақ әрі қарай өмір сүру сапасы да осы көрсетілген көмекке байланысты болуы мүмкін. 

Кез-келген оқиғада ұстанатын алтын қағида: көмек қаншалықты ерте көрсетілсе, қайтыс болу мүмкіндігі де төмен болады

2019.09.09 КАК ОКАЗАТЬ ПЕРВУЮ ПОМОЩЬ ПРИ ДТП 3.

ЖОЛ ОҚИҒАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАРАҚАТ ТҮРЛЕРІ

Бір немесе бірнеше көлік құралының қатысуы салдарынан болатын жол-көлік оқиғасын ЖКО деп атайды: бұл жаяу жүргіншінің машинамен қақтығысуы, мотоцикл жүргізушісі мен велосипедшінің машинамен қақтығысуы және бір немесе бірнеше автомобильдің қақтығысы болуы мүмкін. Бұл жылдамдығы бойынша, соққы бағыты бойынша түрлі апаттар – жанынан, бетпе-бет, жанама және артынан келген соққы болып бөлінеді. ЖКО зардап шеккен адамның кандай зақым алғанын алдын ала түсіну үшін, соқтығысу түріне назар аудару қажет. Көп нәрсе осыған байланысты болады.

Бетпе-бетпе соқтығысу

Мұндай жағдайларда бассүйек-ми жарақаты, кеуде қуысының, іштің зақымдануы, жамбас сынығы жиі орын алады. Сондай-ақ, зардап шеккен адамның аяқтарын автомобиль шанағы немесе қозғалтқышы қысып қалуы мүмкін.

2019.09.09 КАК ОКАЗАТЬ ПЕРВУЮ ПОМОЩЬ ПРИ ДТП 4


Жанама және бүйірінен

Бұл жағдайда бассүйек-ми жарақаты, соққы бүйірінен келгендіктен кеуде қуысының, бұғананың сыну, бассүйектің, қабырғаның, жамбас буынының зақымдануы мүмкін.

2019.09.09 КАК ОКАЗАТЬ ПЕРВУЮ ПОМОЩЬ ПРИ ДТП 5

Артынан

Артынан соққан кезде көп жағдайда мойын бөлігі мен омыртқа бағанасы жарақат алады. Бір мысал келтірейік, кенет тежелу және соққы салдарынан болған омыртқаның мойын бөлігінің сынуы.

                                                                                                  

Біз, жоғарыдағы сипаттаулардан ашық көрінетін немесе жасырын жарақаттың бар екендігін болжай аламыз. Жарақат кезінде адамда есеңгіреу сезімі пайда болады, оның психомоторлық қоздыру сатысы бар, ол кезде адам өзінің шынайы жағдайын дұрыс бағаламайтындығын біз бұрынырақ айтқан болатынбыз. Халықта айтады ғой, қызу, қозу, эмоциялық жарылу басталуы мүмкін, олардың кесірінен тіпті көмек көрсететіндер де жәбір көреді. Немесе әдетте, зардап шеккен адам жарақат деңгейін дұрыс бағаламай, медициналық көмектен бас тартатын жағдайлар да өте көп: ол белгісіз бір ауырсынуды, әлсіздікті сезінеді, алайда әдетте оны басынан кешкен соққымен байланыстырады, кейіннен ешқандай әрекет жасамаудың соңы қайғылы жағдайға алып келеді. Ең қауіптісі осы.

АСҚЫНДЫРУ ТУРАЛЫ

Апат кезінде зардап шеккендерде травмалық шок туындауы мүмкін – бұл ауырсыну импульсының үлкен ағымымен байқалатын айтарлықтай қауіпті жағдай. Адам сұйықтықты жоғалтады, шок кезінде қан тамырлары босаңсиды, сондықтан қан айналымының көлемі азаяды, қан қысымы түседі де, қан жүрекке қайтып келмейді. 

Сонымен қатар, зардап шеккендердің іш және кеуде қуысының жарақаты, қуыс және қуыс емес ағзалардың жыртылуы мүмкін, бұл да өте қауіпті. Сыртқы белгілері болмаса, олардың жағдайлары күрт төмендеуі мүмкін. Айтып өткеніміздей, мұндай жарақаттар кезінде өліп кету қаупі өте жоғары.

Соқтығысу кезінде көп жарақаттар (политравма) алу да кең таралған – сүйек пен ішкі ағзалардың көптеген жарақаттары, мысалы, оқшауланған бассүйек-ми жарақаты және қаңқа сүйектерінің сынуы политравмаға жатады.

ІС-ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

1. Өзіңізді қалай сезініп тұрғаныңызға қармастан, кәсіби көмекке жүгінген абзал. Жедел жәрдемді шақырамыз. Бұл бірінші.

2019.09.09 КАК ОКАЗАТЬ ПЕРВУЮ ПОМОЩЬ ПРИ ДТП 6


Апаттың қандай түрі болмасын, зардап шеккен адамды барғысы келмегендігіне, қолхат жазғанына қарамастан, емдеу мекемесіне жіберу керек, тексеруден өту керектігін түсіндіру қажет. Жарақат басында байқалмайды: соқтығысу кезінде терінің астында қуыс емес ағзалардың – бауыр, көкбауыр, бүйректің жыртылуы мүмкін. Алғашқы минуттарда қан бірден қатты кетпей, кейіннен қатты кете бастауы мүмкін (әсіресе көкбауыр және бауыр туралы айтатын болсақ, себебі олар қатты қан ағатын ағза). Бұл жағдайда адам күшін жылдам жоғалта бастайды: қан әрі қарай жарылып кету қаупі бар ағзаның капсуласына жинала береді, ішперде қуысындағы қатты, көп қан кету – геморрагиялық шокты туындатады. Осының бәрінің нәтижесінде, қан кетуден де, шоктан да адам өліп кетуі де мүмкін.

Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын, келтіре берсең мысал да көп, алайда бүйрек тамырларының жарақаты, немесе көкбауырдағы ірі артерияның жарақаттануы алғашқы минуттарда-ақ өлімге алып келуі мүмкін. Егер уақытында көмек көрсетілетін болса, адамды құтқарып қалуға болады.

Сондықтан да, адам ЖКО түскен кезде полиция қызметкері немесе апат орнындағы кез-келген адам зардап шеккен адамның жағдайын бағалау үшін жедел жәрдемді міндетті түрде шақыруы тиіс. Жақын орналасқан медициналық мекемеде тексеріс жүргізгеннен кейін ғана, оның жағдайының қауіпті немесе қауіпсіз екендігі туралы сұрақ көтеру қажет.

2. Транспорт құралынан адамдарды шығаруға тырысу керек, себебі ол жарылып немесе жанып кетуі мүмкін.

Егер аккумуляторды ешкім сөндірмесе, ешкім жанғыш заттың ағуының алдын алмаса: адамдардың алған жарақатының үстіне, тағы жаппай күйік шалуы мүмкін. Сондықтан да, жарақаттың түрін ескере отырып, адамдарды ЖКО болған жерден қашықтау жерге жылдамырақ шығару керек.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, соқтығысу кезінде аяқ-қолдың ірі сүйектері, жұлынның сынуы мүмкін және көп жағдайларда (сіздің автобуста, поезд вагонында, трамвайда немесе машинада отырғаныңызға қарамастан), бассүйек немесе омыртқаның зақымдалуына байланысты бассүйек-ми жарақаттары болады. Сол себепті, зардап шеккендерді көліктен шығарғанда және тасымалдағанда өте мұқият болу қажет.

3. Қолынан және аяғынан тартудың қажеті жоқ, себебі біз адамды өзі түспеген жұлын шогына (жұлын сынған жағдайда) немесе жарақат шогына түсіруіміз мүмкін.

Жарақаттанған адамның дене қимылын жасамауы үшін оны көліктен орындығымен алып шығуға болады.

Сондай-ақ тақтай, жұлынып қалған панель сияқты қолда бар заттарды қолданып, зардап шеккен адамды тасымалдауға болады. Сонымен қатар, адамды тігінен жатқызған кезде аяқ-қолдарын қатты ашуға немесе бүгуге болмайды, олардың бастапқы қалпын сақтаған жөн, зардап шеккен адамды медицина қызметкері келгенге дейін  шығару керек.

Омыртқаның мойын бөлігін міндетті түрде бекіту қажет –омыртқаның мойын бөлігінің сынуына алып келетін жарақаттың болу мүмкіндігі туралы ұмытпауымыз керек.

4. Қол астында ешқандай зат болмаған жағдайда, зардап шеккен адмады өз бетінше алып шығуға болады, алайда мұндай кездері өте мұқият болу керек:

Ең бірінші, қауіпсіздік белдігін шешеміз және зардап шеккен адамның ес-түсін білетін-білмейтіндігін тексереміз.

2019.09.09 КАК ОКАЗАТЬ ПЕРВУЮ ПОМОЩЬ ПРИ ДТП 7


Екінші, тасымалдау кезінде мойын, арқа және аяқ-қолдардың қатты қозғалуына жол бермеу үшін зардап шеккен адамның мойны мен денесін құшақтап, қолдарымызбен каркас жасаймыз.

2019.09.09 КАК ОКАЗАТЬ ПЕРВУЮ ПОМОЩЬ ПРИ ДТП 8


Үшінші, зардап шеккен адамды ептеп, асықпай көліктен шығарамыз –естеріңізде болса, оның денесі жерге параллель, перпендикуляр да емес «жартылай жамбастап жатады».

2019.09.09 КАК ОКАЗАТЬ ПЕРВУЮ ПОМОЩЬ ПРИ ДТП 9


Төртінші, зардап шеккен адамның денесін абайлап тегіс бетке жатқызамыз, қол мен аяқтарын ашуға және бүгуге, мойнын қатты бұруға болмайтындығын есте сақтаймыз, себебі зардап шеккен адамның жағдайын ушықтырып алуымыз мүмкін.

2019.09.09 КАК ОКАЗАТЬ ПЕРВУЮ ПОМОЩЬ ПРИ ДТП 1


Тағы да бір маңызды нәрсе: егер зардап шеккен адам есін білетін болса, одан нақты қай жерінде ауырсынуды сезінетіндігін сұрап алып, осыған сәйкес оны барынша қауіпсіз, сәл қырымен жатқызған жөн. Неліктен? Егер ол есінен танып қалатын болса, оның тілі көмейіне түсіп кетіп, адам тұншығып қалуы мүмкін. Бассүйек-ми жарақаты кезінде құсық пайда болуы мүмкін, біздің зардап шеккен адамымыз өзінің құсығына тұншығуы мүмкін.

Өзіңізбен бірге дәрі қобдишасы болса, ауруды басатын дәрі беріңіз, киім, жамылғы жабыңыз, себебі жарақат шогы кезінде адамда қатты діріл пайда болуы мүмкін.

Егер зардап шеккен адам ес-түссіз жатса, онда оның пульсі мен тынысын тексеру қажет. Олар болмаған жағдайда, стандартты жүрек-өкпе реанимациясын BLS жасау керек (жүрек тұсына 30 рет басу және екі рет дем алу, осы алгоритмді пульс пен тыныс пайда болғанға дейін қайталаймыз).

Жедел жәрдемді күтеміз.

БІРЕУГЕ СЕН, БІРАҚ ӨЗІҢ ДЕ ҚАРАП ҚАЛМА

Көлік қозғалысы туралы айтқанда, әрине біз біріншіден, қауіпсіздік қағидалары мен нормалары туралы ойлануымыз қажет. Рұқсат етілген жылдамдықпен қозғалу, қауіпсіздік белдігін қолдану, инспектор үшін емес, өлшемі бойынша таңдалған, дұрыс бекітілген балалар орындығын орнату –осылардың барлығы да сіздердің жолдарыңызды қауіпсіз ететін және денсаулықтарыңыз бен өмірлеріңізді сақтайтын жалпыға ортақ нормалар.