Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ПІБ МОА командасы үстел теннисі бойынша ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұйымдары арасында финалға шығып, қатысушымыз біріншіліктің үздік ракеткасы атанды.

  15.09.2019

Команда БМЦ УДП по настольному теннису Медицинского Центра УДП РК.jpg

Үстел теннисі және бильярд бойынша турнирлер «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде өтті, оған ҚР ПІБ МО ұйымдарының 6 командасы қатысты.

Біріншіліктің нәтижесі бойынша үстел теннисінен біздің командамыз финалда тек «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің командасына жол беріп, екінші орынға иеленді.

Команда БМЦ УДП по настольному теннису Медицинского Центра УДП РК 3.jpg

Күміс алқаға ғана ие болып қоймай, сондай-ақ, Алия Исабаева (бухгалтерлік есеп бөлімінің қызметкері) турнирдің үздік ракеткасы атанды.

МОА теннис бойынша командасын төмендегі қызметкерлер құрады:

Аслан Жунисбаев – ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекшісі;

Аслан Айтимов – МТЖ (материалдық-техникалық жабдықтау) бөлімінің жетекші маманы;

Алия Исабаева – есеп үстелінің бухгалтері.

МОА бильярд бойынша командасына:

Дулат Кажыбаев – баспа ісінің бас маманы;

Жаксылык Ахметов - рентген-лаборанты;

Айгерим Жолымбетова – маркетинг және жарнама бөлімінің маманы кірді.

Команда БМЦ УДП по настольному теннису Медицинского Центра УДП РК 2.jpg


Аурухана серіктестері