Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МОА аритмологы Ринат Камиев ЖҮРЕК, ЫРҒАҒЫ ЖӘНЕ ПАЦИЕНТТЕР ТУРАЛЫ әңгімелейді: «Біздің жүрегіміз – қанды айдайтын насос тәрізді: кейбір пациенттерде бұл қызмет әлсіреген. Осыған байланысты өмірге қауіп төндіретін аритмия пайда болуы мүмкін».

  20.09.2019

Ринат Камиев на каз языке.jpg

«Біздің жүрегіміз – қанды айдайтын насос тәрізді: кейбір пациенттерде бұл қызмет әлсіреген. Осыған байланысты өмірге қауіп төндіретін аритмия пайда болуы мүмкін.

 

Сол себепті біз аппараттарды қоямыз: олар өмір сапасын жақсартпайды, оны тек шектімежедегі сәтте сақтап қалады, себебі науқас кез-келген уақытта есінен танып және өліп кетуі мүмкін. Аппарат тоққа разряд береді, осылайша жүрек жұмысын ынталандырады.

 

Сондай-ақ, арсеналымызда жүрекке қан айдауды арттыратын аппараттар да бар, олар – жоғары технологиялы үш камералы кардиовертер-дефибрилляторлар.

 

Оларды орнату доктордан үлкен біліктілікті талап етеді. Бұл операциялар құрылғыны имплантациялау тұрғысынан өте күрделі. Біз, Ауруханамызда мұндай операцияларды жасаймыз және Қазақстанның түпкір-түпкірінен келетін пациенттерді құтқарамыз».

 

Сіздер жүрек ырғағы туралы толығырақ доктор Камиевтің қабылдауынан біле аласыздар. Қабылдауға жазылу және консультацияның құны туралы сілтемеге өту арқылы біле аласыздар: http://bmcudp.kz/ru/news/announcements/6671

 

Президенттік клиниканың жетекші мамандарының қабылдауына жазылу жұмыс аптасы бойына жүргізілетіндігін естеріңізге саламыз. Біздің докторларымызбен өз денсаулықтарыңызды күтіңіздер.



Аурухана серіктестері