БАҚ біз туралы: Жедел жәрдем: жәндіктер мен жыландар шаққан жағдайда не істеу қажет


Президенттік клиниканың жедел жәрдем докторы Евгений Митин табиғатқа демалуға шыққандарға, немесе саяжайға жұмыс істеуге баратындардың барлығына жәндіктер мен жыландардың шаққан кезінде не істеу керектігін және оны қалайша болдырмауы, адам ағзасына қандай қауіп төнетінін және зардап шегушіні қалай емдеуге болатыны жөнінде айтып береді.

Кене және оған реакциялар туралы

Жазды асыға күттіңізбе? Жаздың артықшылықтарын ғана емес, сондай-ақ, бізбен бірге бұл жыл мезгілін асыға күтетіндерден қандай қауіп төнуі мүмкіндігін білген жөн. Мен жәндіктер, дәлірек кене туралы айтамын.

Олардың түр-түрі бар, бірақ ең қауіптісі - энцефалиттік кененің шағуы. Қазақстан оның таралу аймағына жатпайды, дегенмен Сібірдің орман алқаптарының жақындығына байланысты кененің осы түрінің пайда болуы еліміздің солтүстігі мен шығысында болуы мүмкін. Сондықтан орманда серуендейтіндерге, орман аймағында жұмыс істейтіндерге, немесе сонда тұратындарға өте абай болу керек. Ең бастысы - бұл кенелер ешқашан төменнен шабуылдамайды: ол жоғарыдан, ағаштардан түсетінін есте сақтаңыз. Олар төменнен тірі ағзадан көтерілетін жылуды сезеді, аяқтарын босатып, теріден тістейді. Зақымдану нәтижесінде адам немесе жануар белгілі бір уақыт аралығында энцефалитті жұқтыруы мүмкін. Бұл ауру ми қабығының зақымдануын тудырады, бұның өзі өмірге қауіп төндіреді.

Дала аймағында таралған кенелер шөпте өмір сүреді және әдетте, төменнен шығады. Сондықтан олар жиі біздің аяғымызды шағады. Әрине, бұл жәндіктер көтеріле келе дененің басқа да бөлігін шағуы мүмкін, бірақ бәрі аяқтан басталады.

Біздің дала аймағында мекендейтін кенелеріміз әсіресе көктемде қауіпті екенін түсіну керек - бұл кезеңде олар анағұрлым белсенді. Дегенмен, жазда да олар аз емес. Әдетте, бұл жәндіктер эпидермиске, терінің жоғарғы қабаттарына енеді, сондықтан оны шығаруы оңай емес. Оған қоса, егер кене теріге енген жағдайда, ол сол жерде өз жұмыртқаларын қалдыруға тырысады. Сол себептен оның тері арасында көбеюін болдырмау үшін оны неғұрлым ерте анықтау маңызды. Әйтпесе, адамға тері аурулары, аллергиялық және қабыну реакцияларынан қауіп төнуі мүмкін.

Басты сауал - не істеу қажет?

Егер кенені тері бетінде анықтасақ, оған ауаны келтірмеу керек. Мұны сумен, спиртпен (сұйықтықты тамызу) жасауға болады. Немесе, егер кене тері астына терең түскен болса, медициналық пунктке барып, оны хирургиялық жолмен алып тастаған дұрыс, мұны бізде жиі, әрі сәтті орындайды.

Сона, ара, түкті аралар туралы

Сона, ара секілді жәндіктердің шағуы өте ауыртады және әдетте, симптомсыз өтпейді. Мұндай шағулар жиі белгілі бір шок реакциясын, оның ішінде анафилактикалық шок тудыруы мүмкін. Теріде үлкен ісіну аймағы пайда болуы мүмкін, өйткені бізгегі терең енеді және у өте жылдам таралады.

Шаққан жағдайда не істеген дұрыс?

Кез келген жәндіктің шағуы кезінде, улы, не усыз болса да, дәрігерге бару қажет. Біз москит пен қарапайым шыбындарды айтпаймыз: қазір сона, аралар, түкті аралар жайлы айтамыз. Бұлардың шаққаны өте ауыртады және олардың шағуына ағза реакциясы өте жарқын, әрі жылдам болады.

Егер анафилактикалық шок болса, біз анафилактикалық шок кезіндегі реанимация алгоритмі бойынша әрекет етеміз: зардап шегушіні жатқызып, миді қанмен қамтамасыз ету үшін аяқтарын жоғарырақ көтеру керек, өйткені мұндай жағдайларда қысым күрт төмендейді. Содан, тынысын тексеру және жүрек соғуын қадағалау. Егер осы функциялардың бірі бұзылған болса, BLS алгоритмі бойынша реанимациялық көмек жүргізу қажет, яғни негізгі жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу қажет:

1.         Сізге зардап шеккенің жақын маңайында ештеңе қауіп төндірмейтінін қарау

2.         Зардап шеккенің есін тексеру – егер ол сіздің дауысыңызға жауап берсе, онда ол тірі және алгоритмнің келесі әрекеттерін орындамауға болады.

3.         Есі болмаған жағдайда, бірінші кезекте жедел жәрдем шақыру қажет және содан кейін базалық реанимацияға кірісу қажет.

4.         Тынысы мен жүрек соғуын тексеру, олардың бұзылуы кезінде жүрек-өкпе реанимациясын бастау керек: жүрек аймағына отыз рет басу және өкпені жасанды желдету үшін екі дем беру.

Егер үйге жақын болсақ, онда шағылған жерге мұз, немесе суық затты қоя аламыз - бұл өңірлік қанмен қамтуы мен удың ағзаға сіңуін азайтуға көмектеседі.

Жыланның шағуы туралы

Жыландардың шағуы мен олардың у дәрежесі де әртүрлі. Сондықтан, бұл қандай жылан және оның қай аймақты мекендейтінін шамалап білген жөн.  Дегенмен, мұның бәрін білу оңай емес екенін түсінемін, өйткені жыландар қоныс аударады, сондықтан бұл жерде осы бауырымен жорғалаушылардың белгілі бір түрі өмір сүретінін нақты айта алмаймыз.

Күтпейміз және мәселені өз бетімізбен шешуге тырыспаймыз: жедел жәрдем шақырамыз, немесе пунктке өзіміз жетеміз. Әдетте, жыланның уы бірден әрекет етпейді, сондықтан медициналық мекемеге жетуге болады.

Сондай-ақ, сона мен аралардың шаққан жағдайындағыдай, қандағы удың таралуын төмендетуге болады: медициналық пунктке жеткенше немесе жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін шаққан жердің үстіне суық затты қоямыз.

Шағудан қалай құтылуға болады?

Егер сіз бейтаныс жерде жүрсеңіз және онда жыландардың бар екенін білсеңіз, етік киген жөн. Жылан, әдетте, 60 сантиметрден аспайтын деңгейде шағады. Дегенмен, тағы бір маңызды түсінік бар: жылан өз бетімен шабуыл жасамайды, бұл оның қорғаныс реакциясы. Егер біз оған қолымызды созып, жылдам қимыл жасамайтын болсақ, онда біз одан құтыла аламыз.

Соналардың жағдайында, олардың ұя салатынын және өз ұясынан алыс ұшпайтынын білу қажет. Егер біз мұндай орынды көрсек, онда сақ болу керек. Кейде сона өзімен өзі бір заттын үстінде жүрген кезде біз байқамастан, оны қолымызбен басып кетуіміз мүмкін, осындай жағдайда сона шағады.

Кенеден москит торымен қорғалуға болады – ол бас киімге бекітіледі және иыққа дейін түседі. Мұндай тор кенелердің түсуінен қорғайды. Сондай-ақ, бұл тор москит пен аралардан қорғай алады.

Әрине, орман немесе дала жеріне барғанда тиісінше киіну керек: киім иықтарды, қолдар мен аяқтарды жабуы қажет.


Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/skoraya-pomosch-chto-delat-pri-ukusah-nasekomyih-i-zmey-371816/