Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ РОБОТТАЛҒАН ХИРУРГИЯ БОЙЫНША ЖҮЗДЕН АСТАМ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ

  13.06.2019

Өткен жылдың қазан айынан бастап Аурухана дәрігерлері роботталған қондырғыда үш бағыт – гинекология, жалпы хирургия және урология бойынша жүз алты сәтті операция орындады. Сонымен қатар, қазіргі таңда Президенттік клиникада әлемдегі үшінші Роботталған хирургияның халықаралық референстік орталығы жұмыс істеп келеді, роботтың манипуляцияларына медициналық университеттердің резиденттерін және Қазақстан мен шет елдердің докторларын үйретеді.

2019.06.13 РОБОТИЗИРОВАННАЯ ХИРУРГИЯ 1

"Педальды босат, енді өз қолыңның қозғалуына қара. Бұлай саған ыңғайсыз болады. Пианист секілді қолды босаңсыту керек. Осылай, бірқалыпты", - профессор Стефано Джидаро бейінді мысалдарды келтіре отырып түсіндіреді: осылайша студенттер техниканы тезірек түсінеді. Әрине, бұл ноталық кітап емес – роботталған технологияны "қолмен" басқаруға арналған джойстигі бар 3D экран, бұл жаңадан келген адам үшін аспапты меңгеру сияқты күрделі жұмыс болып көрінуі мүмкін. Ашық және лапароскопиялық операцияларда ассисттеген резиденттер, жас мамандар робот-ассистеуші қондырғыны басқару кезіндегі сезімдерді бір сөзбен жеткізе алмайтындарын мойындайды:

 

"Мұнда бізге хирург болып көруге мүмкіндік берді. Сезімдеріміз керемет. Роботталған хирургиядағы джойстикті басқару лапароскопиялық әдіспен операция жасаудан гөрі қиын болды. Әрине, мұнда бәрі адам сенбейтіндей, бәрі соншалықты ұқыпты жасалады, басқа нәрсеге тиіп кету тәуекелдері өте төмен. Сенің жаныңда не айтсаңда бәрін істей алатын ассистент!", - дейді "Астана" Медицина университетінің резиденті Нұрдана Пошан.

2019.06.13 РОБОТИЗИРОВАННАЯ ХИРУРГИЯ 2

Пациенттің орнына – муляж, сондықтан роботталған хирургияның халықаралық референстік орталығының студенттеріне арналған оқу операциясы әлі де бейне ойынға ұқсайды, сол себептен алынған тәжірибеден шағын эйфория да бар: операция соншалықты қызықты болуы мүмкін деп кім ойлаған. Ол үшін оқыту – үйреншікті процесс: Стефано Джидаро Миландағы біздікіне ұқсас референстік орталықта кеңес береді және оқытады. Сол жерде Президенттік клиниканың докторлары бірінші манипуляцияларды меңгерген. Роботталған хирургияның екінші білім беру орталығы АҚШ-та, ал әлемдегі үшіншісі және әзірше соңғысы Қазақстанда, Президенттік клиникада орналасқан. 

2019.06.13 РОБОТИЗИРОВАННАЯ ХИРУРГИЯ 3

Референстік орталықтан Аурухананың роботталған операциялық бөлмесіне көшеміз. Мұнда дәл сондай робот-ассисттелген технология орнатылған, бірақ бұл шынайы операцияларды орындау үшін. Хирург-гинеколог Гүлбарам Башарова пациенттің жатырындағы қатерсіз ісікті жойып жатқанын қарап отырмыз. Кәсіби тілде бұл манипуляция жатыр миомэктомиясы деп аталады.  Президенттік клиникадағы робот-ассисттеуші қондырғыда оны алғаш рет жасап жатыр – қасымызда АҚШ пен Италиялық докторлар кеңес беріп, ассисттеп жатыр, олар жоғарыда айтқандай медицина университетінің резиденттеріне нұсқаулық берген – Дэвид Самади мен Стефано Джидаро.

2019.06.13 РОБОТИЗИРОВАННАЯ ХИРУРГИЯ 4

"Біз Президенттік клиниканың докторларымен бірге жүзден астам операция жасадық және олардың барлығы сәтті өтті. Ең бастысы, операциялық бөлмеде өткен уақыттың шын мәнінде сапалы болуы. Бұл туралы манипуляция нәтижесі бойынша айтуға болады – бұл керемет. Біз елуден астам холецистэктомия (өт қабын алып тастау) және жиырма гистерэктомия (жатырды алып тастау) жасадық, сондай-ақ біртіндеп басқа да операцияларды енгізіп жатырмыз. Дағдылар мен оқыту деңгейі керемет: операцияны коррекциялаудың бірде-бір оқиғасы болған жоқ, ал роботта жасалған операциялардан кейін пациенттердің қанағаттану деңгейі жоғары болып қалуда", - деп атап өтті дәрігер-уролог және роботталған хирургия бағдарламасының кеңесшісі Дэвид Самади.

2019.06.13 РОБОТИЗИРОВАННАЯ ХИРУРГИЯ 5

Президенттік клиникада роботталған хирургия орталығының ашылған сәттен жеті ай ішінде докторлар жүз алты операция жасады: олардың елу манипуляциясын Аурухананың хирург-гинекологтары Ринат Гатин мен Гүлбарам Башарова жасады.  Лапороскопиядағы үлкен тәжірибеге қарамастан, Гүлбарам Есенбекқызы жаңа технологияға физикалық және психологиялық тұрғыдан үйрену қажет деп айтады. Сондықтан, операциялардан бос уақытта доктор Гүлбарам Башарова референстік орталыққа барып, оқу консоліне отырып, операция жасайды:

 

"Лапароскопиямен жиырма жыл бойы операция жасадым, ал роботта жарты жыл ғана. Техниканы үнемі жетілдіру қажет. Біз әріптестерімізбен бірге оқу орталығына барып тұрамыз. Мұнда роботталған технологияның арнайы құралдары бар. Олардың көмегімен біз өз шеберлігімізді шыңдаймыз".

2019.06.13 РОБОТИЗИРОВАННАЯ ХИРУРГИЯ 6

"Қазір операциялар жылдамырақ, әрі сапалы өте бастады. Отыз операция жасағаннан кейін біз роботты жылдамырақ орната бастадық, себебі оны алдымен реттеу керек, құралдарды орнату керек", - дейді Жалпы хирургия және гинекология бөлімінің меңгерушісі Ерғали Ғаббасов. Ауруханада жалпы хирургия саласы бойынша, доктордың айтуынша, бүгін аптасына бес-алты операция жасалады, және біртіндеп роботталған хирургия бойынша хирургиялық араласу көлемінің арттыруымен ғана шектелмейді:

 

"Біз операциялар желісін кеңейтіп, шап жарықтарын (герниопластика), диафрагманың өңеш тесігінің жарығын (фендопликация) жою бойынша манипуляциялар жасауды жоспарлап отырмыз. Болашақта тоқ ішектің (ішек резекциясы) түзілуін алып тастауды орындайтын боламыз". 

2019.06.13 РОБОТИЗИРОВАННАЯ ХИРУРГИЯ 7

"Робот-ассисттеуші қондырғыдағы операциялардың ең бірінші кезеңі бүйрек солитарлық кистасы болды, - дейді Президенттік клиниканың уронефрология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Енсебаев, - біз жетіге жуық операция жасадық, бәрі де асқынусыз өтті. Операциядан өткен пациенттерде ерте белсенділік, жедел оңалту және жалпы қанағаттанарлық жағдай болды. Осыдан кейін біз бүйректі және несепағардың пластикасын ішінара кесу (алып тастау) орындадық. Қазір біз операциялық араласулар көлемін кеңейтуді жоспарлап отырмыз және жоғарыда аталғандардан басқа пластикалық операцияларды – ЛМС пластикасын (лохандық-несепағар сегменті), төменгі үшінші несепағар пластикасын және аденомэктомияны (қуықасты безін алып тастау) жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің жоспарымыз".

 

Роботталған хирургияның халықаралық референстік орталығына қайта ораламыз: мұнда медицина университетінің резиденттері роботты "қолмен" басқаруға үйреніп, жұмыс консолінің экранынан ғана барлық процессті бақылай отырып, муляжда оқу операцияларын жүргізуге үйреніп жатыр. Олардың көпшілігі роботпен алғашқы рет танысуда. 

2019.06.13 РОБОТИЗИРОВАННАЯ ХИРУРГИЯ 8

Сонымен қатар, осындай тренингтік орталық тек Қазақстан студенттері мен докторларына ғана білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды. Ол бүкіл Орталық азияда жалғыз, сол себептен атыда да "халықаралық", бұл көрші елдердің медициналық ұйымдарын тартады: жақында Өзбекстаннан келген делегация Аурухананың роботталған хирургияның бағдарламасымен танысу үшін Президенттік клиникаға арнайы келіп, роботпен жұмыс істеуге үйрететін оның ажырамас бөлігі – рефернс-орталығында да болды. 


Аурухана серіктестері