Қазақстанда алғаш рет, Президенттік клиника диффузиялық тест - өкпені зерттеудің заманауи әдістемесін енгізді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында жаңа зерттеу түрі іске қосылды

2019.05.16 диффузионный тест 1

Диффузиялық тест сезімтал болып табылады және диагностика мен клиникалық тактиканы жасау үшін де, сондай-ақ науқастарды емдеу тиімділігін бақылауында да қолданылады. Кейбір аурулар кезінде өкпенің диффузиялық қабілетінің өзгеруі науқаста анықталған жалғыз функциялық бұзылу болуы мүмкін, деп атап өтті медицина ғылымдарының докторы, Роза Бакенова:

 

"Әдістеме өкпе функциясының – оттегіні қанға жеткізудің бұзылуына әкелетін тыныс алу мүшелерінің ауруларын диагностикалауды айтарлықтай жақсартады. Тыныс алу жүйесінің функциялық бұзылуларының дәрежесін дәл анықтауға мүмкін болады. Бұл өкпедегі патологиялық үдерісті дәл диагностикалауға ғана емес, сонымен қатар жүргізілген терапияның тиімділігін мониторингілеуді жүзеге асыруға және еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін сараптық бағалауды дұрыс жүргізуге және ауру ағымының динамикасын болжауға мүмкіндік береді".

2019.05.16 диффузионный тест 2

Зерттеу кезінде пациент көміртегі тотығының белгілі бір пайыздық құрамы бар газ қоспасын жұтып, тыныс алуды 10 секундқа кідіртеді. Ауаны шығарғанда көміртек тотығының концентрациясы бағаланады. Бұл өкпенің диффузиялық қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу таңғы уақытта аш қарынға жүргізіледі. Зерттеу алдында, кешке жақын, қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда белсендірілген көмірді ішуге болады. Сондай-ақ бронхолитикалық дәрілерді (тек дәрігердің келісімі бойынша) зерттеуге дейін кемінде алты сағат бұрын қабылдауға болмайды.

2019.05.16 диффузионный тест 3

Тыныс алу процесі бірнеше кезеңдерден тұрады, бұл ретте өкпеде альвеолалық-капиллярлық мембрана арқылы газ алмасуы тін метаболизмін қамтамасыз етудің негізгі сәті болып табылады. Сондықтан өкпенің диффузиялық қабілетін зерттеуі – бұл клиникалық тәжірибеде жиі қолданылатын және аса маңызды тестілердің бірі, ол өкпенің негізгі қызметін – оттегіні атмосфералық ауадан қанға тасымалдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

2019.05.16 диффузионный тест 4

Трансфер-факторды анықтаудың бірнеше әдісі бар. Бір рет тыныс алып, оны кідірту әдісі ең қолайлы тест болып табылады, оны америкалық торакальды қоғам (ATS) және Еуропалық респираторлық қоғам (ERS) ұсынады, себебі тест ең сенімді және қол жетімді болып саналады.

2019.05.16 диффузионный тест 5

Диффузиялық беттің ауданын азайтатын, немесе альвеолалық-капиллярлық мембрананың қалыңдығын арттыратын кез келген патологиялық процесс өкпенің диффузиялық қабілетін азайтуға ықпал етеді. Диффузиялық беттің ауданы азайатын жағдайлар: өкпенің эмфиземасы; өкпе көлемінің азаюы; ісікке байланысты бронх қуысының тарылуы (бронхтық обструкция); өкпе артериясындағы көптеген эмболдар.

2019.05.16 диффузионный тест 6

Альвеолалық-капиллярлық мембрананың қалыңдығы ұлғаятын жағдайлар: идиопатиялық өкпе фиброзы; жүрек жеткіліксіздігі; асбестоз; саркоидоз; жүйелі склеродермия, немесе жүйелі қызыл жегі; дәрілік препараттардан туындаған альвеолиттер, немесе фиброздар; пневмониттердің жоғары сезімталдығы; Х гистиоцитозы; альвеолалық протеиноздар. Басқа себептер: қатерлі темекі шегушілердің қанындағы көміртегі оксидінің жоғары кернеуі, өкпе көлемінің азаюы және қан ағынының қайта бөлінуі.

2019.05.16 диффузионный тест 7

Өкпенің диффузиялық қабілетінің өзгеруі өкпе тінінің құрылымының бұзылуының ең ерте белгісі болып табылады, ал өкпе көлемі мен бронхтық өткізу қабілеті қалыпты болып қалуы мүмкін. ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында енгізілген диффузиялық тест Shiller (Germany) компаниясының заманауи, жоғары технологиялық жабдықтарында жоғары білікті мамандармен жасалады. Өкпенің диффузиялық қабілетін зерттеу әдісі – бұл Қазақстанда тыныс алу ағзаларының ауруларын диагностикалауда уақытылы және сапалы тұрғыда жаңа мүмкіндіктер.