ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКА JCI СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІН СӘТТІ РАСТАДЫ

2019.04.12 jci 1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы әлемдегі денсаулық сақтау саласындағы ең беделді аккредиттеуші ұйымдардың бірі - Joint Commission International қайта аккредиттеуінен өтті.

Президенттік клиника медициналық мекемелер үшін сапа мен қауіпсіздік саласындағы жоғары стандарттарға сәйкестігін растады. Медициналық мекеменің аккредитациясының болуы - олардың көрсетілетін қызметтер деңгейінің тікелей көрсеткіші.

2019.04.12 jci 2

Joint Commission International (JCI) аккредитациясы медициналық қызмет көрсету сапасының, пациенттің қауіпсіздігінің, емдеудің дұрыс және заманауи әдістерін қолданудың ең жоғарғы көрсеткіші болып табылады. JCI медициналық қызмет көрсету сапасы саласында "алтын стандарт" болып саналады.

Аурухана директоры Валерий Бенберин Аурухананың негізгі қызметі - жоғары сапалы медициналық қызметтерді қамтамасыз ету және клиникада емделу қауіпсіздігіне кепілдік беру болып табылатынын атап өтті. Ол Президенттік клиникаға үлкен жауапкершілік жүктелгенін және үлкен құрмет көрсетілгенін атап өтті:

2019.04.12 jci 3

"Біз JCI аудиторларына жемісті жұмысы мен қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамыз. Президенттік клиника үшін әлемде медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жаһандық үрдістің бір бөлігі болу үлкен құрмет. Клиниканың осы стандарттарды растауы біздің Аурухана үшін пациенттердің қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасы – басым екенін тағы да көрсетті".

Президенттік клиника JCI сертификатын алғаш рет 2016 жылы алды. Сертификат алған медициналық ұйымдар оны әрбір үш жыл сайын растайды. Медициналық орталықтың ауруханасы 2022 жылы қайта аккредиттеуден өтеді.