НЕРВТІ ҰСТАП АЛУ: НЕЙРОМОНИТОРИНГ НЕЙРОХИРУРГТАРҒА МИ ІСІКТЕРІНІҢ АУЫР ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН КҮРЕСУГЕ ҚАЛАЙ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Президент клиникасының нейрохирургтары ми ісіктерін жою үшін нейромониторинг технологиясын қолданады. Бұл әдіс оларға ең қиын жағдайларды бой алдыруға және емделушілерге тек өмір ғана емес, оның толыққанды сүру мүмкіндігін сақтауға көмектеседі.

2019.02.11 удаление опухолей мозга 1

Операция - ол әрқашан тәуекел. Миға операция жасау - ауыр зардаптардың жоғары ықтималдығы бар тәуекел. Әсіресе, егер ҚР ПІБ МОА-ның нейрохирургы Азат Шпековтың ескертуін ескерсе: "ісік қайда өсетінін таңдамайды". Ол бірте-бірте ұлғаяды, жолында кездескеннің бәрін ығыстырып, барлық нәрселерді жойып, немесе айналасымен өседі: тамырлар, нервтер, тіндер - барлығы өмірлік маңызды.

2019.02.11 удаление опухолей мозга 2

Біздің жағдайда, операциялық бөлмедегі пациентке дәрігерлер хирургиялық араласусыз бірнеше апта өмір сүруді болжап отыр, және егер тек жолы болса, айлар туралы айтуға болады. Санам Надирова наркоздың әсерінен ұйықтап жатқанша, операциялық команда операцияның әрбір қадамын есептеп жатыр: мидың МРТ нәтижелері ісіктің қайда орналасқанын түсінуге көмектеседі, одан әрі, ең негізгісі және күрделісі - қай бағытта жүру және ісікті қалай жоюға болатынын – докторлар нейромониторинг және нейронавигация көмегімен шешеді.

2019.02.11 удаление опухолей мозга 3

"Ісік жұлын мен мидың арасында орналасқан. Жұлын цилиндр пішінді, бірақ ісіктің қысымымен ол біртіндеп азайды. Сау адамда ол сантиметрге дейін жетеді, суретте жұлынның ісігі аймағында 2 миллиметрге дейін жұқарғанын көреміз. Бұл пациенттен білінетін еді: жүрісі қиындап, қолдары мен аяқтарында әлсіздік сезінді. Операцияға жіберген туыстары мен дәрігерлер оның мүлдем сау жетуіне күмәнданған еді. "Пациенттің комаға батып, кейін өлетінін күту қалды", - дейді боямасыз Азат Шпеков. Ең жақсы нәтижеге жету үшін нақты суретті көру керек:

нейромониторинг бас миындағы нервтердің электростимуляциясы көмегімен нейрохирургтарға сол шынайылықты бақылауға мүмкіндік береді - ісік аймағында нервтердің қалай өтетінін және өмірлік маңызды функцияларды зақымдаудан қорықпастан қалай алып тастауға болатынын.

2019.02.11 удаление опухолей мозга 4

"Хирург жасай алатын ең қорқынышты нәрсе - бұл, мысалы, аса қауіпсіз нәрсе бойынша, өз аяғында келіп операцияға жатқан пациент және операция барысында оның абайсыздан бір үлкен нервін немесе жұлынның фрагментін зақымдады, бұл адамның салдануына әкелуі мүмкін" - деп атап өтті ресейлік нейромониторинг маманы Юрий Филлипов. Операциялық бөлмеде ол компьютер экранына түсетін сигналдарды қадағалайды, ал нейрохирург ісік өскен жерде бас миының тіндері бойынша арнайы құралмен жүргізеді: аппарат жүйке талшықтарын тапса - компьютер дыбыс-сигнал береді. Мұның бәрі сапердің жұмысын еске түсіреді, тек микро деңгейде: докторлар пациентке салдарсыз ісікті жою үшін әр миллиметрде қан тамырлары мен жүйке ұштарынан бос аумақты іздейді.

2019.02.11 удаление опухолей мозга 5

"Нейрохирургияда және хирургияда тіннің түрі бойынша бұл не екенін түсінудің қиын мәселесі бар, - деп толықтырды Юрий Филлипов. - Ми хирургиясы жағдайында оның қозғалысқа, сөйлеуге, сезімталдыққа, температураға, тактильді қабылдауға жауап беретін әр түрлі бөлімдері көзге бірдей болып көрінеді. Егер дені сау адамда хирург қолдың немесе аяқтың қозғалысына жауап беретін дәл осы аймақ екенін нақты білсе, себебі бұл анатомия оқулықтарында сипатталады, науқас пациенттерде бұл аймақтар, әдетте, ығысқан, бұзылған. Мысалы, егер ісік өссе, немесе әлдеқандай жарақат болса, онда ол бұл аймақтар ығыстырады".

 

Операциядан кейін Азат Шпеков: "мәселе ісік қалыңдығынан қан тамырлары мен жүйкелерін бөліп алу болды. Нейромониторинг жүйесі бізге дұрыс траекторияны таңдауға мүмкіндік берді: ісік бас және иық бұлшықетінің қозғалыс функциясына жауап беретін нервіне, оның көмегімен шайнап, сөйлей, жұта алатын тіл нервіне тиіп тұрды. Сондай-ақ, біз жүрек соғуы мен тыныс алуына жауапты нервтерді бөліп алдық. Олар да ісікпен басылып қалған".

2019.02.11 удаление опухолей мозга 6

Санам Надирова 56 жаста. Сегізінші наурызда 57-ге толады. Енді оның туған күні тек паспорт бойынша ғана емес деп айтуға болады: бұл ісікті жою операциясы өмір жылдарын сыйлады деп нақты айтуға болады. Біз үнемі бізді қоршаған адамдармен көзқарастарын көреміз, бірақ бұл өз өмірінің әр сәтін бағалайтын, себебі жақында ғана өлім табалдырығында болған адамның көзқарасын жиі кездестіреміз бе? Санам Надированың көзқарасы дәл осындай:

 

«Мен ісік туралы жақында ғана білдім. Менің аяқ-қолдарым ұзақ уақыт бойы ауырған, жүре алмай, оларды көтере алмай, орамал байлай, тамақ жей алмайтын едім. Басым ауырған жоқ, бұлшықеттерде тұз жиналды деп ойладым. Тек массаж жасауды ұсынды. МРТ жасағаннан кейін тапты. Бақытымызға орай, уақытында тауып, бірден осында жіберді».

2019.02.11 удаление опухолей мозга 7

"Қазір менде бәрі жақсы. Бұдан кейін де бәрі жақсы болсын деп құдайдан тілеймін. Аяқтарымды да, қолдарымды да көтере аламын. Әйтпесе ештеңе істей алмайтын едім. Орамалды да байланамын. Оларға үлкен рахмет, жақсы дәрігерлер. Құдай оларға денсаулық берсін".

 

Бұл әңгіме күрделі операциядан кейін үш тәуліктен кейін өтті. Санам Надирова өзінің туған Шымкенті, балалары, немерелері туралы, бастапқыда Ресейге ұшып кетуді жоспарлағанын, себебі мұндай операцияны Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігінің квотасы бойынша тегін жасай алатынын білмеген. Бұл туралы ҚР ПІБ МОА-ның нейрохирургы Азат Шпеков те атап өтті:

 

"Мұндай операциялар қиын деп саналады және асқыну қаупі жоғары. Мәнісінде, бұл ісіктерді қауіпсіз алып тастау мүмкіндігі пайда болды. Біздің Аурухана азаматтардың бірінші кезектен өз елінде медициналық көмек алуына қамқорлық жасайды.  Сондықтан біз еліміздің өңірлеріне жиі барып жүреміз, дәрігерлерімен таныспыз, маған олардың мүмкіндіктері белгілі. Барған сайын оларға белгілі бір жабдықтың жұмысын қалпына келтіруге көмектесеміз. Біз нейрохирургтарға кеңес береміз және оларға қиын жағдайларда операция жасауға сол жерде көмектесеміз. Өйткені көптеген аймақтарда микроскоптар, микроқұралдар бар, оны қалай жасау керектігін көрсету ғана қалады".

 

Нейромониторинг технологиясы Қазақстанда әзірше кең тарамаған, сондықтан аймақтардағы пациенттердің күрделі операцияларын жүргізуге Президенттік клиника секілді ірі медициналық орталықтарға жібереді. Енді өз өмірін қайтадан жоспарлап отырған Санам Надирова - сондай пациенттердің бірі.