Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

БАРЛЫҒЫ ҮШІН АУРУХАНА: ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІНДЕ НЕНІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЕМДЕЙТІНІ ТУРАЛЫ

  25.01.2019

2019.01.25 БОЛЬНИЦА ДЛЯ ВСЕХ 1

"Президенттік клиника" деген сөз тіркесін естіген кезде сізге бұл жабық түрдегі мекеме, барлығына емес деп ойлауға тура келді ме? Әрдайым дерлік? Бұл туралы Аллергология орталығымен ақылы қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Орынгүл Нармановамен болған сұхбатта біз аурухананың есіктері кімге ашық және мұнда ең жақсы тегін көмекті қалай алуға болатыны туралы сөйлестік. Сондай-ақ: ұзақ өмір сүру бағдарламасы және ішек микробиомын зерттеу дегеніміз не?

2019.01.25 БОЛЬНИЦА ДЛЯ ВСЕХ 2

Орынгүл Жақсыбайқызы, бүгінгі таңда Президенттік клиниканың келушілеріне Аллергология орталығы бар ақылы қызмет көрсету бөлімшесінің докторлары не ұсына алады?

- Біздің ақылы қызмет көрсету бөлімшесі Аурухананың ақылы поликлиникалық қызмет көрсету жүйесінде маңызды болып табылады. Қазір біздің штатта қырықтан астам дәрігер жұмыс істейді. Сонымен қатар, біздің бөлімшеде Аурухананың басқа бөлімшелерінің профессорлары, медицина ғылымдарының кандидаттары мен докторлары қызмет көрсетеді.

 

Егер мамандар туралы нақтырақ айтатын болсақ, біздің пациенттер терапевт, аллерголог, пульмонолог, нефролог, невропатолог, гинеколог, уролог, офтальмолог, окулист, лазерлік хирургтың қабылдауына бара алады.  Бізде сондай-ақ психотерапевт, эндокринолог, оториноларинголог, дерматолог, хирург, тамыр хирургиясының докторы немесе ангиохирург, онколог, маммолог, гастроэнтеролог, травматолог жұмыс істейді.

 

Қазір біздің командамызға жүкті әйелдерге кеңес беретін дәрігер-генетик қосылды. Ауруханада генно-молекулалық зертхананың ашылуымен генетикалық зерттеулер енгізілуде және ғылыми зерттеулер жүргізіледі: ақылы қызметке жазылған пациенттер ғылыми жобалар шеңберінде тегін зерттеу ала алады.

 

Сонымен қатар, қазір біз ішек микробиомын зерттеуді енгіземіз. Бұл зерттеу біздің Ауруханада айтарлықтай қысқа мерзімде – 3 апта ішінде жасалады. Мұндай зерттеулер елдің басқа да зертханаларында жасалады, алайда олар жарты жылға дейін созылады. Бұл ретте ішек микробиомын зерттеуі диагноз қою, ерте қартаюдың алдын алу және адам өмірін ұзарту тұрғысынан маңызды болып табылады.

2019.01.25 БОЛЬНИЦА ДЛЯ ВСЕХ 3

Осы зерттеудің көмегімен қандай ауруларды анықтауға және ескертуге болады?

– Созылмалы интоксикациямен, иммунитеттің төмендеуімен, созылмалы аурулармен - жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен жүретін барлық аурулар. Қазір пациенттердің төмен иммунитеті туралы көп естейсің, бірақ оның диагнозы қандай және бұл нақты неліктен болатынын ешкім білмейді. Пациенттер барлық дәрігерлерге барады: біреу салмақ жинай алмайды, екіншісі ауыруынан құтыла алмайды, үшіншісі аллергиядан зардап шегеді. Ал біз кейде ішектің жағдайы - сау ағзаның негізгі белгілерінің бірі екені туралы ұмытамыз.

 

Бұл зерттеу үшін біздің Ауруханада жаңа жабдықтар, инновациялық технологиялар енгізілген. Бұл біздің пациенттерімізді жолдай алатын жүрекке, буындарға операциялық араласуға да қатысты…

 

Яғни, егер келуші ҚР ПІБ МОА-ның ақылы қызмет көрсету бөлімшесіне келгенде, ол Ауруханада квота бойынша тегін емделуге жолдама ала аладыма?

- Дәл солай, мұнда коронарография (жүректің ишемиялық ауруын зерттеу), жүрек тамырларын стенттеу, буындарды ауыстыру, жақ-бет хирургиясына байланысты күрделі операциялар жүргізу, сондай-ақ тамырлы хирургия, тіпті робот-ассистирленген операцияларға дейін жатады. Біз өз жұмысымызды тек ақылы негізде ғана өткізбейтінімізді түсіну маңызды. Егер белгілі бір қызмет тегін көрсетілсе, онда пациенттер оны тіркелген жері бойынша емханадан жолдама бойынша ала алады. Пациент тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жедел және шұғыл көмекке мұқтаж болған жағдайда, ол оны ала алады.

2019.01.25 БОЛЬНИЦА ДЛЯ ВСЕХ 4

Біздің Ауруханада пациенттен мүмкіндігінше көп ақша алуға мүддесіз айтарлықтай білікті персонал жұмыс істейді. Пациенттердің бізге деген сенімдерін арттыруға және оларға көмек қажет болған кезде бізге қайтып оралуына мүдделіміз. Сондықтан да біз ұзақ мерзімді оңалту бағдарламаларын енгізуді қарастырудамыз: ауруханада оңалту, сумен жылыту, физиотерапия бөлімшесі жұмыс істейді, олармен үнемі байланыстамыз. Бұл пациенттің бізге келгенде, кешенді ем алып, өмір сүру сапасын қайтарып отбасына оралуына және қоғамға пайда әкелуі үшін маңызды...

2019.01.25 БОЛЬНИЦА ДЛЯ ВСЕХ 5

Яғни, біздің бөлімше тек өздігінше бөлек емес: біз Аурухананың барлық басқа бөлімшелерімен байланыстамыз. Біз Ауруханада енгізіліп жатқан жаңа технологияларға үйренеміз, ол туралы әрдайым хабардар болу үшін біз сәулелік терапия бөлімшесімен, емдік дене шынықтыру және косметология бөлімшесімен ынтымақтастықтамыз. Біз Ауруханадағы тегін және ақылы қызметтер арасында негізгі буын болып табыламыз, біз Президенттік клиникаға ақылы негізде келетін пациенттерді бөлеміз және жолдаймыз. Кейде келушілер өздерінің тіркелген орындары бойынша тегін емдеуден өте алатын жағдайлар болады және біз оларға оны айтамыз.

Бірақ егер адам "Жоқ", "Мен осында ақылы негізде өткім келеді" десе - онда олар әрдайым осында көмек ала алады.  

2019.01.25 БОЛЬНИЦА ДЛЯ ВСЕХ 6

Яғни Астананың кез келген тұрғыны ғана емес, бүкіл Қазақстанның азаматтары Президенттік клиникаға келіп, сіздің бөлімшеңізде ақылы негізде ем ала алады ма?

- Бізге Қазақстанның барлық түкпірлерінен емделуге келеді, қайда жүгінетінін білмейтіндер, ұсынылатын емдеу әдістеріне көңілдері толмай, жаңа, немесе жоғары білікті дәрігердің жақсы кеңесін іздейтіндер келеді. Әрине, мұндай қарым-қатынас бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.  Біздің дәрігерлеріміз Қазақстанның ең үздік дәрігерлерінің мәртебесіне үнемі сәйкес болулары тиіс және біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

2019.01.25 БОЛЬНИЦА ДЛЯ ВСЕХ 7

Сіз бұл тұста не істеп жатырсыз?

- Әр дәрігердің өз жұмысына деген осындай көз-қарасы болуы маңызды. Мен өз қызметкерлерімді пациенттердің денсаулық жағдайын бақылау үшін олармен телефон арқылы сөлесуге ынталандырамын. Медицинада кәсіпқой болғандарына қарамастан әрқайсысы осы тұрғыда өзімен жұмыс істейді. Біз осы бағытта дамуға тырысамыз: дәрігер пациентпен сөйлесіп, оны ынталандыра білуі, оған шын жүректен сезіп, көңіл бөлуі керек. Мен оларға әрдайым айтып отырамын, сізге келген пациенттің орнында туған адамыңызды елестетіңдер – сонда дәрігердің пациентке деген қатынасы да мүлдем басқаша болады.

 

Бөлімшені дамытудың ең жақын жоспарына не кіреді?

- Әрбір қызметкер жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істейді, әрқайсысы өз қызметін жетілдіреді. Барлық идеялар мен жоспарларды біз Аурухананың инновациялық менеджмент бөлімі арқылы жүзеге асырамыз, оларға технологияны қарастыру, немесе енгізу бойынша тапсырыстарды беріп отырамыз. Мысалы, біздің офтальмолог дәрігеріміз субтенон кеңістігіне пептидтерді енгізудің ескі ұмытылған әдісін енгізді, және қазір біз пациенттердің жақсы нәтижелері мен пікірлерін алып отырмыз. Уролог-дәрігерлер созылмалы простатитті емдеу үшін дуолит технологиясын пайдаланады, олар бедеулікке байланысты ерлердің ауруларына диагностика жасайды. Біздің дәрігер Ресейде осы әдістеме бойынша оқыды. Ол ерлерде бедеулікті жою бойынша шағын хирургиялық араласуларды жүргізуге мүмкіндік береді. Емшара күрделі емес, бірақ басқа клиникаларда әлі жоқ.

2019.01.25 БОЛЬНИЦА ДЛЯ ВСЕХ 8

Жасамыстыққа қарсы медицина бойынша гериатр маманы ретінде өзім айналысатын тағы бір технология бар. Қазір біз әріптестерімізбен геронтологиялық тәсілдерді енгізіп жатырмыз. Мысалы, аурудың не екені туралы ойланып көріппе едіңіз? Ол неге пайда болады? Ол ағзаның тез қартаюының белгісі. Адамдар қартаюға қарсы медицина бойынша маманға кеңес алуға келуді, өзінің ұзақ өмір сүру бағдарламасын құруды, ерте жастан бастап тез қартаю мен ерте өлімге әкеп соғатын жұқпалы емес аурулардың алдын алу қажеттігін түсінуі тиіс.  Бұл ұзақ өмір сүру бағдарламасын біздің Ауруханада CheckUp тексеруінен (кешенді зерттеу және ағзаның диагностикасы) өтіп жатқан келушілерге жасап жатырмыз.

 

Адамның қай бағытта әрекет ететінін түсінуі өте маңызды. Жазып берген дәрілердің бәрін тек қабылдамай, оның ағзасында қандай да бір өзгерістердің неліктен болуын түсіну. Өз ағзасы мен денсаулығына осындай саналы көзқараспен қарау арқылы ғана біз дені сау және бақытты ұрпаққа қол жеткізе аламыз.


Аурухана серіктестері